• 2017 жылғы қаңтар-қарашада негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 7471,1 млрд. теңгені құрды, бұл 2016 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 5,7% артық

    2017 жылғы 1 қазанға екінші деңгейлі банктердің экономика салаларына несиелері 13 222,5 млрд.теңгені құрады

    2017 жылғы 1 қазанға «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға бөлінген 484, 2 млрд.теңгенің 313,7 млрд.теңгесі игерілді

    ЖІӨ құрылымында тауарлар өндірісінің үлесі 37,6%, қызметтер – 55,8% құрайды

  • 2017 жылғы қарашада өткен аймен салыстырғанда жаңа тұрғын үйлерді сату бағалары 0,3%-ға өсті, абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату – 1%-ға төмендеді, абаттандырылмаған – өзгеріссіз қалды, абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 0,1%-ға төмендеді

    2017 жылғы қаңтар-қазанда сыртқы сауда айналымы 62107,2 млн. АҚШ долларын құрап, 2016 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 25,6% артты, оның ішінде экспорт – 38488,9 млн. АҚШ долларын (32,5% көп), импорт – 23618,3 млн. АҚШ долларын құрады (15,8% көп)

    2017 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 410869 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 7,5% артты

  • 2017 жылғы 9 айда өнеркәсіп өсімінің анағұрлым жоғары қарқыны Атырау (24,1%-ға) және Батыс Қазақстан (9,2%-ға) облыстарында байқалады

    2017 жылғы 9 айда құрылыстың анағұрлым жоғары қарқыны Қостанай және Павлодар (22,9%-дан), Ақмола (16,3%-ға) облыстарында байқалады

    2017 жылғы 9 айда ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің едәуір өсімі Павлодар (4,7%-ға), Маңғыстау (4,6%-ға), Қызылорда (4,1%-ға) облыстарында байқалады

  • Қазақстан Дүниежүзілік банктің «Doing Business 2018» рейтингінде 190 елдің арасында 36-орынды иеленді

    «Кәсіпорындарды тіркеу» индикаторы бойынша Қазақстан Дүниежүзілік банктің «Doing Business 2018» рейтингінде 190 елдің ішінде 41-орынды иеленді

    «Миноритарлық инвесторларды қорғау» индикаторы бойынша Қазақстан Дүниежүзілік банктің «Doing Business 2018» рейтингінде 190 елдің ішінде 1-орынды иеленді

  • 2017 жылғы 18 қазанда Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі Қазақстанның жаңа Салық кодексінің жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

    Жаңа Салық кодексінің жобасында иедологияны өзгерту, ынталандыруды енгізу және әкімшілендіруді жеңілдету көзделген

    Қазақстан Дүниежүзілік банктің «Doing Business 2018» рейтингінде 190 елдің арасында «Салық салу» индикаторы бойынша 50-орынды иеленді

  • 2017 жылғы 1 қарашаға 139,5 млрд.теңге сомасындағы мемлекеттік-жекеше әріптестік бойынша 116 келісім бекітілді

    2017 жылғы 1 қарашаға мемлекеттік-жекеше әріптестік бойынша 70 млрд.теңге сомасындағы 53 нысан іске қосылды, 69,5 млрд. теңге сомасындағы 63 нысанның құрылысы жүргізілуде

    МЖӘ тетіктерін одан арғы жетілдіру және жеңілдету жөніндегі заң жобасы МЖӘ келісу және сараптама мерзімін 7 айдан 3 айға дейін қысқартуды көздейді