You are here

Құрметті келушілер!

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі №1011 қаулысымен бекітілген Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеге сәйкес, Министрліктің миссиясы Қазақстан Республикасының біртұтас және тиімді ұлттық экономикасын қалыптастыру болып табылады. 

Бұл миссияға қол жеткізу үшін Министрлік өз қызметінің стратегиялық бағыттары: мемлекеттік жоспарлау және басқару жүйесін дамыту, қазақстандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық қуатын күшейту бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде.

Барлық ниет танытушыларға бөлімде Министрліктің көрсетілген бағыттарына қатысты қызметін жетілдіру жөнінде өз идеяларыңызды, ойларыңызды, ақыл-кеңестеріңізді, ұсыныстарыңызды, тілектеріңізді қалдыра отырып, осы жұмыстарға қатысуды ұсынамыз. Барлық қалдырылған хабарламалар жеке ақпараттық ресурсқа біріктіріледі, содан кейін оларды түсу ретіне қарай сарапшылар тобы қарастырады. Қарастырудың нәтижесінде қазақстандық экономиканың сапасын жақсарту жөніндегі нақты ойларды білдіретін неғұрлым сындарлы және серпінді ұсынымдар Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне пайдалану үшін ұсынылуы мүмкін.  

«Идеялар жәшігінде» қалдырылған хабарламаларға жауап беру көзделмейтінін еске саламыз!

Мынадай ұсыныстар қарауға қабылданбайды:

o    Балағат сөздер бар;

o    Оқылмайтын мәтіннен және түсініксіз қысқартулардан тұратын;

o    Сұрақтардан тұратын;