• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Астана экономикалық форумы

Астана экономикалық форумы (ресми сайт)

Астана экономикалық форум (бұдан әрі - АЭФ) Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен 2008 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұл негізгі қатерлер мен жаһандық қаржылық-экономикалық жүйедегі проблемалар талқыланатын, оны нығайту мен дамыту үшін нақты ұсынымдар жасалатын ірі халықаралық алаң.

Алаң жыл сайын әлемнің бірқатар елінен мыңдаған делегаттарды, оның ішінде мемлекеттің бірінші тұлғаларын, Нобель сыйлығының лауреаттарын, белгілі ғалымдарды, журналистер мен бизнес элита өкілдерін жинайды.

Форумның миссиясы – әлемдік экономика мен мемлекетті ұзақмерзімді тұрақты дамытудың, Қазақстанның халықаралық қоғамдастықтағы рөлін айқындау мен нығайтуға жәрдемдесудің, сондай-ақ қазіргі заманғы негізгі экономикалық және әлеуметтік қатерлермен күрестегі шешімдерді іздеудің проблемалары мен мүмкіндіктерін талқылау.

Ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, «Қазақстандық экономикалық бастамалар қоры» корпоративтік қоры.

Қосымша ақпараттар ресми сайтта.

Өткізілу тарихы:

2008 жылғы 27 маусым – «Жаһандану жағдайында экономикалық дамудың заманауи аспектілері» тақырыбындағы І АЭФ, қатысушылар саны 500 адамды құрады.

2009 жылғы 11-12 наурыз – «Жаһанды тәуекелдер жүйесінде Еуразияның экономикалық қауіпсіздігі» тақырыбындағы ІІ АЭФ, қатысушылар саны 1200 адам.

2010 жылғы 1-2 шілде – «Дағдарыстан кейінгі кезеңде тұрақты өсуді қамтамасыз ету» тақырыбындағы ІІІ АЭФ, қатысушылар саны 3000 адамды құрады, оның ішінде 1500 адам Пленарлық отырысқа қатысты.

2011 жылғы 3-5 мамыр – «Жаңа онжылдық: сын-қатерлер мен келешектер» тақырыбындағы IV АЭФ, қатысушылар саны 5000-нан аса адамды құрады.

2012 жылғы 22-24 мамыр – «Жаһандық экономикалық трансформация: сын-қатерлер мен даму келешектері» тақырыбындағы V АЭФ, қатысушылар саны 8000-нан аса адамды құрады.

2013 жылғы 22-24 мамыр – «G-Global форматында теңгерімді экономикалық өсімді қамтамасыз ету» тақырыбындағы VI АЭФ, қатысушылар саны 10000-нан аса адамды құрады.

2014 жылғы 21-23 мамыр – «G-Global форматында өзгерістер дәуірінде тәуекелдерді басқару» тақырыбындағы VII АЭФ, қатысушылар саны 12 000-нан аса адамды құрады.

2015 жылғы 21-22 мамыр – «Инфрақұрылым: экономиканың тұрақты даму драйвері» тақырыбындағы VIII АЭФ, қатысушылар саны 6000-нан аса адамды құрады.

2016 жылғы 25-26 мамыр – «Жаңа экономикалық шынайылық: әртараптандыру, инновациялар және білімдер экономикасы» тақырыбындағы IX АЭФ, қатысушылар саны 3000-ға жуық адамды құрады.

2017 жылғы  15-16 маусым – «Жаңа энергия – жаңа экономика» тақырыбындағы X АЭФ, қатысушылар саны 4000-нан аса адамды құрады.

2018 жылғы 17-19 мамырда XI Астана экономикалық форумы "Global Challenges Summit" форматында өтті, онда 11 жаһандық сын-қатерлер – біртұтас экономика әлемі, жаһандық стратегия әлемі, қалалар әлемі, ресурстар әлемі, Жаңа таза энергия әлемі, сандық әлем, болашақтың Ақша әлемі, сингулярлылық әлемі, жаһандық қауіпсіздік әлемі, Жаңа Адам әлемі, ұзақ өмір сүру әлемі тақырыптары бірінші рет талқыланды. АЭФ жұмысына әлемнің 111 елінен 6 000-нан астам адам қатысты.

2019 жылы 16-17 мамырда Астана қаласында XII Астана экономикалық форумы өткізіледі. Форумның тақырыбы «Шабыттандырушы өсім: адамдар, қалалар, экономика» болады, оның аясында тұрақты өсудің, адами капиталды дамытудың, сондай-ақ халықаралық білім мен инновация орталықтары ретінде қалалардың әлеуетін нығайтудың жаңа жолдары қарастырылатын болады.