• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

Қазақстанның үшінші жаңғыруы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметіндегі жобалық басқару.

Мемлекет басшысы 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге және Қазақстанды әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына тұрақты түрде алға жылжытуға қабілетті экономикалық өсудің жаңа моделін құруға бағытталған Үшінші жаңғыру шеңберінде ел дамуының негізгі басымдықтарын айқындады.

Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін тиімді шешу үшін Қазақстанның Үкіметі дәстүрлі басқару тетіктерімен қатар берілген бағыт бойынша өзгерістер мен тәуекелдерді басқарудың арнайы құралы – жобалық басқару жүйесін енгізді.

Халықаралық тәжірибені талдау негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметінде жобалық басқару моделі әзірленді.

Үкіметте жобалық басқарудың негізгі мақсаты экономиканың өсу қарқынын жеделдету үшін қосымша шараларды іске асыруды қамтамасыз ету болып табылады.

Жобалық басқару департаменті мемлекеттік органдарға жобалық басқаруды енгізу бойынша үйлестірушілік және әдіснамалық қолдау көрсетеді. Функционалдық міндеттерге жобалардың іске асырылуын мониторингілеу, мемлекеттік органдардың нысаналы көрсеткіштерін әзірлеуді және оған қол жеткізуді талдамалық сүйемелдеу, сондай-ақ жобалық басқару бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу және қолдану  кіреді.