You are here

Мемлекеттік-жеке серіктестік

МЖӘ жобалар дерекқоры

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) – мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасындағы ынтымақтастық нысаны.

МЖӘ тиісті келісім шартта айқындалатын құқығы мен міндеті, пайдасы мен шығыны, мемлекеттік жауапкершілік өрісінде дәстүрлі қаралатын теңгерімділік тәуекелділікті өзара бөлу шарты мемлекет және жеке сектордың өзара тиімді ынтымақтастығы болып табылады.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің басты мақсаты экономикалық субъектілерге жоғарғы сапалы қызмет жағдайын көрсету кезінде ең аз тәуекелділіктер және шығындарымен қоғамдық маңызы бар жобаларды іске асыру, мекмлекет пен бизнес тәжірибесін және ресурстарды біріктіру жолымен қоғам мүддесіндегі инфрақұрылымдарды дамыту болып табылады.

Қазіргі уақытта МЖӘ механизмдерін пайдалану Қазақстан Республикасында кең өріс алуда және тізбесін ҚР Үкіметі айқындайтын объектілерден басқа экономиканың барлық саласында (аясында) жүзеге асырылады.

Мемлекеттік әріптес пен жеке әріптестің қарым-қатынасы 2015 жылғы 31 қазандағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы», 2006 жылғы 7 шілдедегі «Концессия туралы» заңдары мен тиісті заңға тәуелді актілермен реттеледі.