• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

Инвестициялық саясат департаменті туралы

ереже

1. Жалпы ережелер

1. Инвестициялық саясат департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Министрлік туралы ережені, Министрлік басшылығының бұйрықтары мен тапсырмаларын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаменттің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Министрдің келісімі бойынша Министрліктің жауапты хатшысы бекітеді.

4. Департамент:

1)  Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту басқармасынан (бұдан әрі –МЖӘДБ);

2) Бюджеттік инвестициялар басқармасынан (бұдан әрі – БИБ);

3)  Сыртқы көмекті үйлестіру басқармасынан (бұдан әрі – СКҮБ)

4)  Инвестициялық саясат басқармасынан (бұдан әрі – ИСБ) тұрады.

2. Департаменттің негізгі мақсаттары, функциялары, құқықтары мен міндеттері

5. МЖӘДБ:

5.1. 5.1 Міндеті: мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойыша ұсыныстарды әзірлеу.

Функциялары:

1. мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия мәселелері бойынша әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

2. мемлекеттік инвестициялық жобалардың саясатын қалыптастырады;

3. концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптар бойынша ұсыныстар әзірлейді;

4. мемлекеттік кепілдіктер беру үшін концессиялар, инвестициялық жобалар мәселелері бойынша құжаттамаға сараптама жүргізу және бағалау құнын айқындау әдістемесі бойынша ұсыныстар әзірлейді;

5. мемлекет кепілгерліктерін ұсыну үшін концессиялық жобаларды іріктеуді жүзеге асырады;

6. «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
13-бабының 3-2) тармақшасында бекітілген жағдайларды қоспағанда, концессиялық жобалардың республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру жағдайларына қарастырады;

7. «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
13-бабының 3-2) тармақшасында бекітілген жағдайларды қоспағанда, концессия саласындағы құжаттарға сараптама жүргізу үшін концессия мәселелері бойынша мамандандырылған ұйымдарды тартады;

8. «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
13-бабының 3-2) тармақшасында бекітілген жағдайларды қоспағанда, концессиялық жобалардың іске асырылуына бағалау жүргізеді;

9. әзірленуі немесе түзетілуі, сондай-ақ конкурстық құжаттамаға қажетті сараптамалар жүргізу, консультативтік сүйемелдеу, қаржыландыру тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражаты есебінен жүзеге асырылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің республикалық концессиялық жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың тізбесін қалыптастырады.

10. егер объектілер республикалық меншікке жататын болса, орта мерзімді кезеңге концессияға беруге ұсынылатын объектілер тізбесін де қалыптастырады;

11. Министрліктің концессия мәселері бойынша мамандандырылған ұйыммен өзара қарым-қатынасын үйлестіреді;

12. мемлекеттік кепілдіктер ұсыну үшін инвестициялық жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарды айқындау бойынша ұсыныстар әзірлейді;

13. мемлекеттік кепілдіктер ұсыну үшін инвестициялық жобаларды іріктеуді жүзеге асырады;

14. мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаларға экономикалық сараптама жүргізу үшін құжаттарды жібереді;

15. мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау тәртібін қалыптастырады;;

16. концессиялық жобаларды әлеуметтік маңызы бар және ерекше маңызды санаттарға жатқызу өлшемшарттарын айқындайды;

17. концессиялық жобаларды ұйымдастыру саласында салааралық үйлестіруді және әдіснамалық басшылықты жүзеге асырады;

18. концессия шарттарының тізілімін жүргізеді;

19. бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің мемлекеттік инвестициялық жобаларының инвестициялық ұсыныстары бойынша экономикалық қорытынды дайындайды;

20. мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары, оның ішінде концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу бойынша көрсетілген қызметтер құнын айқындау әдіснамасы бойынша ұсыныстар әзірлейді;

21. экономика салаларында мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия тетіктерін қолданудың институтционалдық және заңнамалық негізін құру бойынша ұсыныстар әзірлейді;

22. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың МЖӘ/концессиялық жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиттерін қалыптастырады;

23. «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
13-бабының 3-3) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, конкурстың құжаттаманы және концессиялық жобалар, оның ішінде оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде келіседі;

24. концессия объектісінің құнын және концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын және шығындарды өтеу көздерін айқындау әдістемесі бойынша ұсыныстар әзірлейді;

25. конкурстық құжаттаманы, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді сараптауға қойылатын талаптарды айқындайды;

26. іске асыру жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің республикалық жобаларының тізбесін қалыптастырады және бекітеді;

27. мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің республикалық жобалары бойынша, оның ішінде оған тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасын келіседі;

28. мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің әртүрлі кезеңдерінде туындайтын тәуекелдердің үлгілік тізбесін әзірлейді және бекітеді;

29. мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау, жекеше әріптесті айқындау бойынша конкурс және тікелей келіссөздер жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарына мониторинг жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуына мониторинг жүргізу және бағалау мәселелерін қамтитын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

30. экономиканың жекелеген салаларында (салаларында) мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру тәсілдері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасын және мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгілік шарттарын келіседі;

31. мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

32. концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

33. экономиканың түрлі салаларындағы (аясындағы) концессияның үлгі шарттарын әзірлейді және бекітеді;

34. мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын ерекше маңызы бар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына жатқызу өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді;

35. жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасына, оның ішінде оларға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия жобаларының іске асырылуын бағалау кезінде сараптама жүргізу үшін Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығын тартады;

36. концессия шарттарына мониторинг жүргізу, концессиялық жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізу және бағалау жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

37. республикалық меншікке жататын концессия объектілері бойынша концессия шарттарының тізіліміне деректерді енгізу үшін республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау нәтижелерін жібереді;

38. республикалық меншікке жататын МЖӘ объектілері бойынша МЖӘ шарттарының тізіліміне деректерді енгізу үшін мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға, коммуналдық меншікке жататын МЖӘ объектілері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына, мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптеске МЖӘ жобаларының іске асырылуын бағалау қорытындылары бойынша ұсынымдар жібереді;

39. ЖАО-ның іске асырылуы жоспарланған, сондай-ақ конкурс сатысында тұрған және олар бойынша шарттар жасалған МЖӘ жобаларының тізбесін жүргізеді;

40. заңды күшіне енген сот шешімдерінің негізінде қалыптастырылатын жосықсыз әлеуетті жекеше әріптестердің тізбесін жүргізеді және осы тізбені өзінің интернет-ресурсында орналастырады;

41. концессия шарттарына мониторинг жүргізу, концессиялық жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізу және бағалау қағидаларын әзірлейді және бекітеді.

6. БИБ:

6.1. Міндеті: бюджеттiк инвестициялар саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Функциялары:

1. мемлекеттік инвестициялық жобалардың саясатын қалыптастырады;

2. инвестициялық ұсынысты әзірлеу және түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингтеу және іске асырылуын бағалау қағидаларын әзірлейді;

3. бюджеттік инвестицияларды жоспарлауды әдіснамалық қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлейді;

4. бюджеттік инвестицияларды жүзеге асырудың басым бағыттарын айқындайды;

5. бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің мемлекеттік инвестициялық жобаларының инвестициялық ұсыныстары бойынша экономикалық қорытынды дайындайды;

6. заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестициялық жобалардың, бюджеттік инвестициялардың, қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруына бюджеттік кредиттеудің экономикалық қорытындыларын дайындайды;

7. заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестициялық жобалар мен бюджеттік инвестициялардың іске асырылуына бағалау жүргізеді;

8. қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруына бюджеттік инвестициялар және бюджеттік кредиттеу мәселелері бойынша құжаттамаға сараптама жүргізу және бағалау құнын айқындау әдістемесі бойынша ұсыныстар әзірлейді;

9. тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражаты есебінен жүзеге асырылатын республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастырады, техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу;

10. Министрліктің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы Бюджеттік инвестициялық жобалардың, бюджеттік инвестициялардың экономикалық сараптамасы, қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруына бюджеттік кредит беру және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы Бюджеттік инвестициялық жобаларды, Бюджеттік инвестицияларды бағалау жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғамен өзара қарым-қатынасын үйлестіреді;

11. республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың, оның ішінде түзетілген бюджеттік инвестициялардың, республикалық бюджет қаражаты есебінен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланатын бюджеттік инвестициялардың, оның ішінде қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруына түзетілген бюджеттік кредит берудің экономикалық сараптамасын жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаға құжаттарды жібереді;

12. мынадай:

бюджеттік инвестициялық жобалардың және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстың құжаттамаларының, концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, мемлекеттік жекешелік әріптестік жобаларын және концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу;

мемлекеттік кепілдіктер беру үшін бюджеттік инвестициялар, бюджеттік кредит беру және мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия, инвестициялық жобалар мәселелері бойынша құжаттаманы сараптау және бағалау;

бюджеттік инвестициялық жобалардың және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуына бағалау жүргізу бойынша бюджеттік бағдарламалардың үйлестірушісі болып табылады.

13. төмен тұрған бюджеттердің қолма-қол ақша тапшылығын жабуға бағытталған бюджеттік кредиттерді қоспағанда, бюджеттік кредиттеу мәселелері бойынша құжаттарды қарайды;

7. СКҮБ:

7.1 Міндеті: байланысты және байланысты емес гранттарды тарту, мониторингілеу және тиімділігін бағалау мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу; мемлекеттік органдардың халықаралық қаржы және экономикалық ұйымдармен, донор елдермен сыртқы көмек және олардың қызметін үйлестіру мәселелері бойынша өзара іс-қимылы бойынша жұмысын үйлестіру.

Функциялары:

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарына донорлар беретін байланысты және байланысты емес гранттарды тарту және пайдалану мәселелерін үйлестіреді;

2. мемлекеттік органдардың халықаралық қаржы және экономикалық ұйымдармен, донор елдермен сыртқы көмек және олардың қызметін үйлестіру мәселелері бойынша өзара іс-қимылын үйлестіреді;

3. техникалық және қаржылық көмекті тарту мәселелері бойынша халықаралық қаржы ұйымдарының консультанттарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

4. халықаралық қаржы ұйымдары мен донор елдердің бағдарламалық құжаттарын, донорлар қызметінің негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар мен мемлекеттік органдардың халықаралық қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимылын келісу бойынша жұмыстарды үйлестіреді;

5. техникалық және қаржылық ынтымақтастық бойынша бағдарламаларды үйлестіреді;

6. жаңа үкіметтік гранттардың қаржылық және техникалық шарттары бойынша халықаралық қаржы және экономикалық ұйымдармен және донор елдермен келіссөздер жүргізуге қатысады;

7. байланысты гранттарды тарту үшін өтінімдер тізбесін қалыптастырады және Қазақстан Республикасы Үкіметіне оларды бағалаудың нәтижелеріне негізделген байланысты гранттардың пайдалануы туралы жиынтық есепті ұсынады.

8.ИСБ:

8.1. Міндеті: инвестицияларды тарту бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Функциялары:
1) инвестициялық саясат мәселелері бойынша әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

2) инвестицияларды тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастырады;

3) инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі Кеңестің отырыстарын ұйымдастырады және өткізеді;

4) Ұлттық инвестициялық стратегияны әзірлейді;

5) Ұлттық инвестициялық стратегияның іске асырылуына мониторинг жүргізеді;

6) Ұлттық инвестициялық стратегия туралы есепті қалыптастырып, Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады

7) Шетелдік инвестициялар кеңесі шеңберінде инвестициялық саясатты іске асыру жөніндегі бірлескен жұмыс тобының қызметін қамтамасыз етеді;

8) инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімдердің жобаларын келіседі;

9) инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімдерді бекіту бойынша жұмыс жүргізеді;

10) инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау бойынша жұмыс жүргізеді.

9. Құқықтары мен міндеттері;

Министрлік басшылығына Департаменттің міндеттерін орындауды, оның қызметін ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстар енгізу және осы ұсыныстардың қаралуы туралы ақпарат алу;

басшылықтың тапсырмасы бойынша комиссия отырыстарында басқа министрліктермен, ведомстволармен және халықаралық ұйымдармен, халықаралық қаржы ұйымдарымен және институттарға қатысты Министрлікті ұсыну;

Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелерінен және ведомстволық бағынысты ұйымдарынан Департаментке жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұрату және алу;

Департаментке жүктелген міндеттер мен функцияларға сәйкес материалдарды дайындау үшін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының мамандарын тарту;

министрліктерден және ведомстволардан Департаментке жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті материалдарды, болжамдық және есептік деректерді белгіленген тәртіппен алу;

Департамент дайындаған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын Министрліктің барлық бөлімшелеріне және тиісті министрліктер мен ведомстволарға бекітуге жіберу;

заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

халықаралық экономикалық ұйымдармен, халықаралық қаржы ұйымдарымен және институттармен ынтымақтастықты жүзеге асыру;

шетелдік ұйымдармен техникалық көмек пен ынтымақтастықты қоса алғанда, қолданыстағы жүйелер мен нысандар арқылы Департамент қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізу;

Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестерді ұйымдастыру және өткізу;

Министрліктің құзыреті шегінде Департаментке жүктелген функциялар мен міндеттерді іске асыру үшін өзге де іс-шараларды жүзеге асыруға құқылы.

3. Департамент қызметін ұйымдастыру

10. Департамент заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.

11. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын директор басқарады.

12. Департамент Директорының екі орынбасары болады.

13. Департамент Директоры департамент қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

14. Департамент директоры Министрліктің басшылығына Департаменттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.

15.Осы мақсатта Департамент директоры:

1) өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) Басқарма басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің заңдарына және актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

16. Департаменті директорының орынбасарлары:

1) сеніп тапсырылған құрылымдық басқармаларда Департамент қызметін үйлестіреді;

2) Департамент директоры болмаған кезеңде орынбасарларының бірі Департаменттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

3) өзге де функцияларды жүзеге асырады.

17. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің атынан Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне жіберілетін құжаттарға директор, ал болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.