• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

Ақпараттық технологиялар департаменті туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

1. Ақпараттық технологиялар департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Министрлік туралы ережені, Министрлік басшылығының бұйрықтары мен тапсырмаларын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Департаменттің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Министрліктің келісімі бойынша Жауапты хатшысы бекітеді.

4. Департамент келесі құрылымдық бөлімшелерден тұрады:

1) Ақпараттық жүйелерді дамыту басқармасы (бұдан әрі – АЖДБ);

2) Ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу басқармасы (бұдан әрі – АЖСБ).

2. Департаменттің негізгі мақсаттары, функциялары, құқықтары мен міндеттері

5.  АЖДБ:

5.1. Міндеті: Министрліктің, Комитеттердің және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың корпоративтік ақпараттық жүйелерін, есептеу техникасы мен телекоммуникация құралдарын құру, дамыту және жаңғырту бойынша стратегиялық бағыттарды әзірлеу.

Функциялары:

1)  Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен бірге өткізілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен функцияларды автоматтандыру бойынша жұмысты үйлестіреді;

2) өз құзыреті шегінде Министрліктің Стратегиялық және Операциялық жоспарларына ұсыныстар әзірлеуге, іске асыруға қатысады;

3) Уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік электронды ақпараттық ресурстармен өзара іс-қимыл жасайтын мемлекеттік ақпараттық жүйелерді құру және пайдалану тәртібін, сондай-ақ осы ақпараттық жүйелерді қолдануымен электронды қызмет көрсету тәртібін айқындайды.

5.2. Міндеті: Ақпараттық технологияларды әзірлеу, енгізу және жаңғырту, есептеу техникасы, байланыс және деректер жіберу желісі құралдарын дамыту мәселелерімен байланысты Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, Комитеттер мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметін мониторингілеу.

Функциялары:

1) ақпараттандыру және «электрондық  үкімет» салаларындағы инвестициялық жобаларды әзірлейді және уәкілетті органмен келіседі;

2) «электрондық үкімет» қалыптастырады, мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды және мемлекеттік ақпараттық жүйелерді, мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық желілерін дамытады, олардың Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістігіндегі үйлесімділігін және өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;

3) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық бағыныстағы мекемелерінің ішкі және сыртқы ақпараттық ресурстарға, компьютерлік және телекоммуникациялық жабдықтарға, бағдарламалық қамтамасыз етуге қажеттіліктеріне талдау жүргізеді.

5.3. Міндеті: Министрліктің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын құру және дамытудағы қажеттілігін қамтамасыз ету.

Функциялары:

1) Мемлекеттік күрделі салымдар мен басқа мемлекеттік органдардан бекітілген тәртіппен берілетін басқа да қаражат көздері есебінен сатып алынатын бағдарламалық-техникалық құралдарды Министрлік балансына өткізу кезінде кіріс бақылауды жүзеге асырады;

2) Департамент құзыретіне жататын бағдарламалық-техникалық құралдарды, шығыс материалдары мен қызметтер көрсетуді сатып алуға арналған өтінімдерді қалыптастырады.

5.4. Міндеті: Министрліктің мемлекеттік ақпараттық жүйесін, сондай-ақ Министрлікте бірыңғай ақпараттық-техникалық саясатты жүргізуді қамтамасыз ету үшін есептеу техникасының заманауи құралдары мен озық ақпараттық технологияларды пайдалана отырып Министрлікке ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың ақпараттық жүйелерін құру, енгізу, пайдалану және дамыту бойынша жұмыстарды жоспарлау мен үйлестіруді ұйымдастыру.

Функциялары:

1) Министрліктің және Департаменттің, оның ішінде сыртқы мамандандырылған ұйымдармен шарт негізінде ақпараттық және талдамалық жүйелерінің тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті жалпы жүйелік және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және енгізу бойынша жұмысты ұйымдастырады;

2) ақпараттық жүйелерді құру мен енгізу, есептеуіш техника, байланыс және деректер жіберу желісі құралдарын жаңғырту үшін концепциялар, жобаларды, бағдарламалар мен техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеуді және келісуді қамтамасыз етеді және олардың Министрлікте, Комитеттерде және ведомстволық бағыныстағы ұйымдарда іске асыруын бақылау.

5.5. Міндеті: Министрлік бөлімшелерінің, Комитеттердің және ведомстволық бағыныстағы мекемелердің, Министрлік ұйымдарының ақпараттандыру және телекоммуникация бөлігіндегі қызметін бақылау және үйлестіру бойынша Министрлік функцияларының іске асырылуын қамтамасыз ету.

 Функциялары:

1) Жұмыс топтардың және басқа кеңес органдарының қызметіне, Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, оның ішінде Министрдің, оның орынбасарларының, Жауапты хатшының тапсырмалары бойынша кеңестерге және өзге де іс-шараларға қатысады;

2) Департамент құзыреті шеңберінде мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпараттандыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және дайындауға қатысады.

6. АЖСБ:

6.1. Міндеті: Министрліктің ақпараттық-есептеу кешенін үздіксіз пайдалануды қамтамасыз ету.

Функциялары:

1) Негізгі қызметті жүзеге асыру шеңберінде Министрлік қолданатын  ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның және ақпараттық технологиялардың тиімділігін және сенімділігін жоғарлату бойынша іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді;

2) бағдарламалық-техникалық құралдарды пайдалану және қолдану жағдайын, күйін бақылау, оларды қолдану және жұмыс істеу тиімділігін талдауды жүргізуді жүзеге асыру.

6.2. Міндеті: Мемлекеттік, қызметтік және коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді қорғау, ақпаратты сақтау саласындағы (ақпараттық қауіпсіздік) ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстарда құпиялық режимін сақтау бойынша іс-шаралар кешенін орындауды ұйымдастыру.

Функциялары:

1) Министрліктің, Комитеттердің, ведомстволық бағыныстағы мекемелердің, Министрлік ұйымдарының ақпараттық жүйелеріндегі ақпаратты қорғау жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындау бойынша жұмысты ұйымдастырады;

2) Министрліктің, Комитеттердің және ведомстволық бағыныстағы мекемелердің, Министрлік ұйымдарының қарамағында тұрған ақпаратты қорғау бойынша жұмыстарға қатысады;

3) Компьютерлік вирустерден, санкцияланбаған қол жеткізуден, бұзылудан басқа да әсерлер мен Министрліктің ақпараттық қауіпсіздігінің қауіпінен ақпаратты қорғаудың сертификатталған аппаратты-бағдарламалық құралдарын енгізу және бейімдеу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.

6.3. Міндеті: Министрліктің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Функциялары:

1) Министрлік ұйымдарының, Комитеттердің және ведомстволық бағыныстағы мекемелердің Министрліктің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша практикалық шараларын өткізу және нормативтік-әдістемелік құжаттаманы әзірлеуге қатысу;

2) Министрлік қызметкерлерінің ақпаратты қорғау саласындағы талаптарды орындау бойынша қызметін, аппараттық және бағдарламалық құралдарды пайдалану қағидаларын сақтауын бақылайды.

3) ақпараттық қауіпсіздік шараларын іске асыруды қамтамасыз етеді;

4) Министрліктің ақпараттық қауіпсіздігі бойынша Іс-шаралар жоспарын әзірлейді, сонымен бірге «Ақпараттық технологияларды қолдану» бағыты бойынша уәкілетті органға ақпараттық қауіпсіздік жағдайының есебін дайындау;

5)  Министрліктің, Комитеттердің құрылымдық бөлімшелеріндегі және ведомстволық бағыныстағы ұйымдарындағы ақпараттық қауіпсіздіктің жай-күйіне тексеру жүргізеді;

6)  Министрліктің басшылығына Министрліктің ақпараттық қауіпсіздігінің жағдайы бойынша ақпарат ұсынады және Министрліктің ақпараттық қауіпсіздігін жақсарту жөнінде  ұсыныстар енгізеді;

7)  Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың Министрліктің мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарына және мемлекеттік ақпараттық жүйелеріне қолжетімділігін ұйымдастырады.

6.4. Міндеті: Министрліктің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға қызмет көрсетудегі қажеттілігін қамтамасыз ету.

Функциялары:

1) Министрліктің, оның ішінде сыртқы мамандандырылған ұйымдармен шарт негізіндегі жүйелік және телекоммуникациялық жабдықтарды пайдалануға енгізу және техникалық қызмет көрсету бойынша жұмысты ұйымдастырады;

2) серверлерді және маршрутизаторларды әкімшілендіру, жүйелік қосылуды бақылау, сүйемелдеуді ұйымдастырады, ғаламдық желілік ресурстарға (ғаламтор) қауіпсіз қол жеткізуді қамтамасыз етеді;

3) Министрліктің ақпараттық қауіпсіздік жүйелері, телекоммуникация, ақпараттық жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етумен байланысты ағымдағы шығындарды қаржыландыруға жиынтық өтініштерді дайындауды жүзеге асырады;

4) Министрліктің ақпараттық қауіпсіздік жүйелері мен ақпараттық жүйелерінің ақпараттық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған қызметтерді, жұмыстарды, тауарларды сатып алу бойынша техникалық ерекшеліктерді дайындайды;

5) Министрлікті телекоммуникация, ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен және ақпараттық қауіпсіздік жүйелерімен жарақтандыру саласында шарттар, келісімшарттар мен басқа да жұмыстар бойынша мемлекеттік тапсырыс беруші өкілінің функциясын орындайды, сондай-ақ осы мақсаттар үшін бөлінген қаржы қаражатын ұтымды пайдалану кезінде олардың уақытылы және сапалы орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

6) Министрліктің мультимедиялық кеңесі мен басқа да іс-шараларын қамтамасыз етеді.

6.5. Міндеті: Департаменттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Министрліктің қызметін ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық тұрғыдан қамтамасыз ету.

Функциялары:

1) Министрліктің интернет-сайтын сүйемелдеу бойынша жұмысты бақылайды;

2) Департамент құзыреті шегінде «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолданумен электрондық қызметтер көрсету процесін үйлестіреді;

3) Министрліктің және Департаменттің, оның ішінде сыртқы мамандырылған ұйымдармен шарт негізіндегі ақпараттық және талдамалық жүйелерінің тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті техникалық қолдауды, жалпы жүйелік және баламалы бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

4) Министрліктердің, Комитеттердің және ведомстволық бағыныстағы мекемелердің, Министрлік ұйымдарының ақпараттық жүйелеріндегі ақпаратты қорғау бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындау бойынша жұмысты ұйымдастырады;

5) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды және  мемлекеттік ақпараттық жүйелерді есепке алуды және тіркеуді, сондай-ақ депонирлеулеуді қамтамасыз етеді;

6) электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімі және Депозитарий үшін ақпаратты жаңартады;

7) Департамент құзыретіне жататын нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүргізеді және қажет болған жағдайда қолданыстағы заңнаманың нормаларын жетілдіру бойынша ұсыныс енгізеді;

8) Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне, ведомстволық бағыныстағы мекелеріне және ұйымдарына Департамент құзыретіне жататын мәселелер бойынша нұсқаулық-әдістемелік құжаттар мен түсіндірулерді әзірлейді және жібереді;

9) Министрліктің ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану саласындағы жұмысын қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

10) Департамент құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Министрлік қызметкерлерін оқытуды ұйымдастыру жөніндегі практикалық іс-шараларды өткізеді;

11) Министрліктің ақпараттық технологияларды қолдану мәселелері бойынша қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге қатысады.

Бұдан басқа, Департамент:

ақпараттық жүйелерді құру және енгізу, есептеу техникасы, байланыс және деректер жіберу құралдарын жаңғырту үшін концепцияларды, жобаларды, бағдарламалар мен технико-экономикалық негіздемелерді әзірлейді және келіседі, сондай-ақ олардың Министрлікте, Комитеттерде және ведомстволық бағыныстағы ұйымдарда іске асырылуын бақылау;

ақпараттандыру, ақпараттық-есептеу кешенін және телекоммуникация жүйелерін жаңғырту бойынша, оның ішінде Министрлікте, Комитеттерде және ведомстволық бағыныстағы ұйымдарда деректер жіберу техножұмыс жобаларын, техникалық ерекшеліктердің сараптамалық бағаларын өткізуді немесе сараптаманы қамтамасыз етуді жүргізеді;

ақпараттық жүйелер қауіпсіздігін бағдарламалық-аппараттық қамтамасыз етумен байланысты мәселелер бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелері, Комитеттер және ведомстволық бағыныстағы ұйымдарымен әзірленген іс-шараларды қарастырады және келіседі;

Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің ақпараттық технологиялар, есептеу техникасы мен телекоммуникация құралдары мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді орындауын талдауды жүзеге асырады;

пайдаланылатын ақпараттық жүйелердің, есептеу техникасы мен деректерді беру желілерінің техникалық және бағдарламалық құралдарының үздіксіз жұмыс істеуін және жаңғыртылуын қамтамасыз етеді;

Министрлікте, Комитеттерде және ведомстволық бағыныстағы ұйымдарда ақпараттық-есептеу кешенін қолайлы қолдануын бақылау және ақпараттық жүйелерді енгізу, қолдану және қамтамасыз ету мәселелері бойынша әдіснамалық және жедел-техникалық басшылықты жүзеге асырады;

жетекшілік ететін салалар бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне консультациялық көмек көрсетеді;

кіріс және шығыс хат-хабар жөніндегі материалдар мен қорытындыларды уақтылы дайындауды жүзеге асырады;

Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарларын әзірлеуге, түзетуге және іске асыруға қатысады;

құжаттарды есепке алуды және сақтауды, олардың Министрліктің мұрағатына жібергенге дейінгі жай-күйі мен сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

Департамент мамандарының біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және өткізуге қатысады;

өз құзыреті шегінде Министрліктің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында және Министрліктің интернет-ресурсында жариялайды;

басшылықтың өзге де жұмыс тапсырмаларын орындайды.

7. Құқықтары мен міндеттері:

өзіне жүктелген функцияларды орындау үшін заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті мемлекеттік органдардан, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, орталық және жергілікті атқарушы органдардан, сондай-ақ өзге де мүдделі ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан ақпараттар мен материалдарды сұрату және алу;

Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық органдарынан қажетті ақпаратты сұрау және қабылдау;

жетекшілік ететін салалар бойынша көрсетілетін қызметтер, жұмыстар, тауарлар қажеттігі және негізділігі туралы қорытынды беру және техникалық ерекшеліктерге қол қою;

Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қорытындыларды, хаттарды келісу;

Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестерге шақыру және өткізу, оларға қатысу үшін Министрліктің басқа да бөлімшелерінің, басқа да мемлекеттік органдардың және мүдделі ұйымдардың  қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен тарту;

оның мүддесін қозғайтын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардағы, Министрліктің бөлімшелеріндегі, өзге де мүдделі ұйымдардағы кеңестерге қатысу;

өз құзыреті шегінде мемлекеттік және өзге де ұйымдарда Министрліктің (басшылықтың тапсырмасы бойынша) мүдделерін білдіру;

Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрлік басшылығына ұсыныстар енгізу;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтау;

Департамент жұмысын нақты ұйымдастыруды және оны жетілдіруді қамтамасыз ету;

өздері орындайтын тапсырмалардың мерзімі мен сапасы үшін жеке жауап беру, қызметтік міндеттерін адал орындау;

еңбек және орындаушылық тәртіпті, мемлекеттік және қызметтік құпияны қатаң сақтау;

өзінің біліктілігін арттырумен жүйелі түрде айналысу;

қызметтік этика қағидаларын қатаң сақтау.

Департаменттің қызметін ұйымдастыру

8. Департамент Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президенттің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.

9. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын  Директор басқарады.

10. Департамент директорының бір орынбасары болады.

11. Департамент директоры Департамент қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.

12. Департамент директоры Министрлік басшылығына Департаменттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.

13. Департамент директоры осы мақсатта:

1) өзінің орынбасарының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) Департаменттің құрамына кіретін басқармалар басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

3) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

14. Департамент директорның орынбасары:

1) өз өкілеттіктері шегінде Департаменттің қызметін үйлестіреді;

2) Департамент директоры болмаған кезде Департаментке жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады;

3) Департамент директоры жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

15. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Департамент директоры, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.