• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

Қоғаммен байланыс департаменті туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

1.Қоғаммен байланыс департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2.Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі №451-1 Заңын, басқа да нормативтік құқықтық актілерді, Министрлік туралы ережесін, Министрлік басшылығының бұйрықтары мен тапсырмаларын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.  

3. Департаменттің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Министрдің келісімі бойынша Министрліктің Жауапты хатшысы бекітеді.

4. Департамент:

1) БАҚ мониторингілеу және талдау басқармасы (бұдан әрі – БАҚ МТБ);

2) БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі басқармадан                                       (бұдан әрі  – БАҚ ӨББ) тұрады.

2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары мен

құқықтары

5. БАҚ МТБ:

5.1. Міндеті: ақпараттық кеңістікті талдау және мониторингілеу. Министрліктің оң имиджін және беделін қалыптастыруға,  жұртшылықтың ниеттестігін сақтауға бағытталған шаралар кешенін әзірлеу.

Функциялары:

  1. құрылымдық бөлімшелер ұсынатын ақпараттарды зерделейді және өңдейді;
  2. Министрлік жұмысының негізгі бағыттары бойынша ақпараттық кеңістікке мониторинг жүргізеді;
  3. «келеңсіз» салдарды болдырмау үшін ұсыныстарды жедел енгізеді;
  4. Министрліктің PR-стратегиясын жетілдіреді;
  5. коммуникацияларды, оның ішінде дағдарысқа қарсы  басқару жүйесін жетілдіреді;
  6. бақыланатын және бақыланбайтын коммуникация құралдарына әсер ету тактикасын әзірлейді;
  7. Министрліктің веб-сайтының жұмысын қамтамасыз етеді/толықтырады;
  8. Министрдің блогын жүргізеді;
  9. әлеуметтік желілердегі (Facebook, Twitter, Vk.com, Youtube және т.б.) Министрліктің парақшаларын жедел толтырады, мониторингілейді;

10) мемлекеттік органдармен, баспасөз қызметтерімен өзара іс-қимыл жасайды;

11) апта сайынғы, ай сайынғы, тоқсан сайынғы есептерді дайындайды.

6. БАҚ ӨББ:

6.1. Міндеті: бұқаралық ақпарат құралдарымен (бұдан әрі - БАҚ) тиімді қарым-қатынастар құру. Министрліктің жұмысын ақпараттық сүйемелдеу.

Функциялары:

  1. іс-шараларда аккредиттелген журналистердің жұмысын ұйымдастырады;
  2. журналистерді ақпараттық-анықтамалық материалдармен қамтамасыз етеді;
  3. баспасөз конференциялар, брифингтер, сұхбаттар мен іскери кездесулерді ұйымдастырады;
  4. сұхбаттар, мақалалар, ақпараттық материалдар, сөз сөйлеу мәтіндерінің жобаларын редакциялайды;
  5. сұхбаттар, мақалалар, ақпараттық материалдар, баспасөз релиздерін дайындайды және БАҚ-та жариялайды;  
  6. сұхбат, брифинг, баспасөз-конференциялар-баннерлер, тумбалар, туға арналған имидждік алаңдарды ұйымдастырады. Техникалық мәселерді – жарық түсіру, микрофондар, құлаққаптар және т.б. бақылайды;
  7. Министрліктің веб-сайтын техникалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлейді және енгізеді, дизайнын жетілдіреді;
  8. БАҚ-қа ақпараттық-анықтамалық құралдардың, баспасөз-релиздердің электрондық нұсқаларын жедел жібереді;
  9. интернетте Министрліктің қызметін ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірлейді;

10) әлеуметтік желілерде (Facebook, Twitter, Vk.com, Youtube және т.б.) Министрліктің парақшаларын ашады, жедел толтырады, мониторингілейді;

11) мемлекеттік органдармен, баспасөз-қызметтерімен өзара іс-қимыл жасайды;

12) апта сайынғы, ай сайынғы, тоқсан сайынғы есептерді дайындайды.

Бұдан басқа, Департамент:

Жетекшілік ететін салалары бойынша орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға, Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне консультативтік көмек көрсетеді;

Қауіпсіздік Кеңесінде, Президент Әкімшілігінде, Үкіметте, Парламентте, басқа мемлекеттік органдарда және мемлекеттік емес мекемелер мен бірлестіктерде Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өткізілетін іс-шараларда басшылықтың сөз сөйлеуі үшін материалдар, баяндамалар жобаларын дайындауды жүзеге асырады;

Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын әзірлеуге, түзетуге, іске асырылуын мониторингілеуге және бағалауға  қатысады;

қажет болған кезде Басқармалардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық жүйелерді жетілдіруге қатысады;

кіріс және шығыс ақпараттар бойынша қорытындылар мен материалдарды уақтылы дайындауды жүзеге асырады;

Министрліктің Стратегиялық және Операциялық жоспарларын әзірлеуге, іске асыруға және түзетуге қатысады;

құжаттарды Министрлік мұрағатына сақтауға бергенге дейін есепке алуды және сақтауды, жай-күйі мен сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

Басқарма мамандарының біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және өткізуге қатысады;

басшылықтың басқа да жұмыс тапсырмаларын орындайды.

7. Құқықтары мен міндеттері:

мемлекеттік органдардан, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, орталық және жергілікті атқарушы органдардан, сондай-ақ басқа да мүдделі ұйымдар мен олардың лауазымды тұлғаларынан оған жүктелген функцияларды жүзеге асыруға қажетті материалдар мен ақпараттарды заңнамада  белгіленген тәртіппен сұрату және алу;

оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен, кеңестер шақыру және өткізу, оған Министрліктің басқа бөлімшелерінің, басқа мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдардың мамандарын қатысуға тарту;

мемлекеттік органдарда, Министрліктің бөлімшелерінде, басқа мүдделі ұйымдарда оның мүддесін қозғайтын мәселелер бойынша қеңестерге қатысу;

өзі құзыреті шегінде Министрліктің мүддесін (басшылықтың тапсырмасы бойынша) мемлекеттік және басқа ұйымдарда білдіру;

Министрлік басшылығына Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар енгізу;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерінде көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыру.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтау;

Басқарма қызметінің нақты ұйымдастырылуын қамтамасыз ету және оны жетілдіру;

олар орындайтын тапсырмалардың мерзіміне және сапасына жеке жауапты болу, қызметтік міндеттерін адал атқару;

еңбек және атқарушылық тәртіпті, мемлекеттік және қызметтік құпияны қатаң сақтау;

жүйелі түрде өз біліктілігін арттырумен айналысу;

қызметтік этика ережелерін қатаң сақтау.

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы Заңына сәйкес өз құзыреті шегінде анық және толық ақпарат беру;

Департаменттің құзыреті шегінде бұқаралық акпарат құралдарында және Министрліктің интернет-ресурсында Министрліктің қызметін жариялау.

3. Департамент қызметін ұйымдастыру

8. Департамент Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға қажетті өкілеттіктерге ие.

9. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын директор басқарады.

10. Департамент директорының орынбасары болады.

11. Департамент директоры Департамент қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.

12. Департамент директоры Министрлік басшылығына Департаменттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.

13. Департамент директоры осы мақсатта:

1) өзінің орынбасарының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) басқарма бастықтарының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

3) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

14. Департамент директорның орынбасары:

1) өз өкілеттігі шеңберінде Департаменттің қызметін үйлестіреді;

2) Департамент директоры болмаған кезде Департамент қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады;

3) Департамент директоры жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

15.  Департамент басқармаларының басшылары:

  1.  өз өкілеттіктері шегінде Басқармалардың қызметін үйлестіреді;
  2. Департамент директоры болмаған кезеңде Департамент қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген тапсырмалардың орындалуына және олардың өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  3. Департамент директоры жүктеген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

16. Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін кұжаттарға Департамент директоры қол қояды, ал ол болмаған жағдайда – оны ауыстыратын адам қояды.

 

______________________