• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

Экономика және қаржы департаменті туралы

ереже

 

1. Жалпы ережелер

 

  1. Экономика және қаржы департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Министрлік туралы ережені, Министрлік басшыларының бұйрықтарын және тапсырмаларын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Департаменттің құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Министрмен келісілгеннен кейін Министрліктің жауапты хатшысы бекітеді.
  4. Департамент:
  1. Бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру басқармасы (бұдан әрі - ББЖҚБ);
  2. Бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасы (бұдан әрі - БЕЕБ);
  3. Стратегиялық жоспарлау және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын мониторингілеу басқармасы (бұдан әрі - СЖ және ББІМБ);
  4. Ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін талдау басқармасынан (бұдан әрі - ВҰҚТБ) тұрады.

 

2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

 

5. ББЖҚБ:

5.1. Міндеті: бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау.

Функциялары:

  1. бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға Министрліктің бюджеттік өтінімдерін жинақтайды және уақтылы ұсынады;
  2. «Мемлекеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйесі» деректердің электронды базасына бюджеттік өтінім деректерін енгізеді;
  3. Министрліктің Стратегиялық жоспарының алдағы үш жылдық кезеңге және тиісті жылға арналған Бюджеттік бағдарламаларын жинақтайды;
  4. тиісті қаржы жылының бюджетіне нақтылаулар мен түзетулерді енгізу жөнінде ұсыныстар қалыптастырады;
  5. бюджет жобасына талдау және анықтамалық материалдарды, баяндамаларды дайындайды;
  6. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бәсекелестікті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келу мәніне кәсіпкерлік және монополияға қарсы орган субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталу мәніне оң қорытындыларын ескере отырып, бюджетті әзірлеу және нақтылау кезінде мемлекеттік тапсырмалардың тізбесін қалыптастырады;
  7. мемлекеттік тапсырмалар жөніндегі шарттарды және халықаралық жобалар бойынша келісімдерді келісу;
  8. алдағы үш жылдық кезеңге және тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысына ұсыныстарды жинақтайды және дайындайды;
  9. Министрліктің қаржыландыру жоспарларын жинақтайды және уәкілетті органға уақтылы ұсынады;
  10. жиынтық және жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізеді;
  11. Операциялық жоспарды әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
  12. өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
  13. Министрліктің бюджеттік бағдарламаларын бекіту (қайта бекіту) туралы бұйрықтар әзірлейді;
  14. қаржы жылына республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру үшін жауапты орындаушыларды бекіту туралы бұйрықты әзірлейді;
  15. Министрліктің интернет-ресурсында азаматтық бюджет туралы ақпаратты жинақтайды  және орналастырады;
  16. «Ашық бюджет» интернет-порталында (egov.kz) бюджеттік бағдарламалардың жобаларын жинақтайды және орналастырады;
  17. қоғамдық кеңеске дауыс беру үшін Министрліктің интернет-ресурсында бюджеттік бағдарламалардың жобаларын жинақтайды және орналастырады;
  18. қаржыландыру жоспарларын қалыптастыру және нақтылау бойынша көрсетілетін қызметтерді ұйымдастырады және қабылдауды жүзеге асырады;
  19. құжаттардың, есептік деректерді электрондық өңдеу бағдарламаларының сақталуын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен  оларды мұрағатқа тапсыруды бақылайды;
  20. Қазақстан Республикасының заңнамасына және Министрлік басшылығының тапсырмаларына сәйкес өзге функцияларды жүзеге асырады.

 

6. БЕЕБ:

6.1. Міндеті: Министрліктің, ведомстволық бағынысты мекемелердің және сауда өкілеттігінің бухгалтерлік есебін және есептілігін ұйымдастыру, үйлестіру, іске асыру және бақылау;

Функциялары:

  1. құжаттарды уақтылы және дұрыс ресімделуін және жасалынатын операциялардың заңдылығын бақылауды жүзеге асырады;
  2. міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерді (шарттар, келісімдер, келісімшарттар және т.б.) қабылдауды бақылауйды, белгіленген тәртіпте енгізілген өзгерістерді ескере отырып, төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес қаражаттың дұрыс, тиімді және нысаналы жұмсалуын, сондай-ақ «Қазынашылық-клиент» ақпараттық бағдарламасы арқылы ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуын бақылайды;
  3. «1С платформасындағы бюджет», «Қазынашылық-клиент» ақпараттық бағдарламалары арқылы мемлекеттік мекеменің қызметшілері мен еңбек келісімдері бойынша қабылданған тұлғалардың жұмыс өтілі бойынша хаттамаға сәйкес жалақының мезгілінде есептелуін және төленуіне бақылау жүргізеді;
  4. мемлекеттік мекемелермен, ұйымдармен және жекелеген тұлғалармен қаржыландыру жоспарларын орындау барысында туындайтын есептеулерді уақтылы жүргізуді бақылауды жүзеге асырады;
  5. құжаттардың уақтылы және дұрыс ресімделуін бақылауды, жалақыны есептеуді және төлеуді бақылауды, шетел валютасын сатып алу және айырбастау кезінде сауда өкілеттігі бойынша қаржыландыру жоспарларын орындау барысында туындайтын есептеулердің уақтылы жүргізілуін бақылауды жүзеге асырады;
  6. ақша қаражаттарына, негізгі құралдарға, есептеулер мен материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізуге қатысады, түгендеу нәтижелерін уақтылы және дұрыс айқындау және мүлікті есептен шығару және олардың Министрліктің есебінде «1С платформасындағы бюджет»,
    «1С платформасындағы негізгі құралдарды есепке алу жүйесі» ақпараттық бағдарламалары арқылы көрсету;
  7. материалдық-жауапты тұлғалардың жауапты сақталуында тұрған құндылықтардың есебі және сақталуы мәселелері бойынша оларға нұсқамалық өткізеді;
  8. «е-Минфин» ИААЖ «Шоғырландыру» кіші жүйесі арқылы бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган белгілеген мерзімде және тәртіпте Министрліктің (ведомстволық бағынысты мекемелер және сауда өкілдігі) тоқсандық, жартыжылдық және жылдық дебиторлық және кредиторлық берешегін жасайды және ұсынады;
  9. «е-Минфин» ИААЖ «Шоғырландыру» кіші жүйесі арқылы бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган белгілеген мерзімде және тәртіпте Министрліктің (ведомстволық бағынысты мекемелер және сауда өкілдігі) қаржылық және бухгалтерлік  жартыжылдық, жылдық есептілігін жасайды және ұсынады;
  10. уәкілетті орган белгілеген мерзімде және тәртіпте салық және статистикалық жылдық, тоқсандық және айлық есептіліктерді жасайды және ұсынады;
  11. резидент еместерге қойылатын қаржылық талаптар мен олардың алдындағы міндеттемелер туралы резидент емес тұлғалардан алынған көрсетілетін қызметтер мен субсидиялар туралы, резидент емес тұлғалармен жасалған халықаралық операциялар туралы тоқсан сайынғы есептерді жасайды және ұсынады және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жібереді;
  12. Министрліктің интернет-ресурсында Министрліктің жартыжылдық және жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігін жинақтайды және орналастырады;
  13. «Ашық бюджет» интернет-порталында (egov.kz) Министрліктің жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігін жинақтайды және орналастырады;
  14. негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және басқа материалдық құндылықтарды сақтау және пайдалану орындарында олардың сақталуына бақылау жүргізеді;
  15. мемлекеттік органның бюджеттік қаражатты басқару тиімділігін бағалау бойынша есепті жасауға қатысады;
  16. Операциялық жоспарды әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
  17. ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің жалақысы бойынша қарыз бойынша есепті жасайды және ұсынады;
  18. Министрліктің және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штаттық кестесін құру және келісу дұрыстылығын тексеруді жүзеге асырады;
  19. «1С платформасындағы бюджет», «1С платформасындағы негізгі құралдарды есепке алу жүйесі» ақпараттық бағдарламаларын сүйемелдеу бойынша көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыруды және қабылдауды жүзеге асырады;
  20. бастапқы құжаттардың, бухгалтерлік есептің тіркелімдерінің, есептіліктің, есептік деректерді электрондық өңдеу бағдарламаларының сақталуын, оның есептеулерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңңамасында белгіленген тәртіпте оларды мұрағатқа тапсыруды бақылайды;
  21. өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлейді;
  22. Қазақстан Республикасының заңңамасына және Министрлік басшылығының тапсырмаларына сәйкес өзге функцияларын жүзеге асырады.

 

7. СЖ және ББІМБ:

7.1. Міндеті: Министрліктің Стратегиялық жоспарының стратегиялық бағыттары мен басымдықтарын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың атқарылуын іске асыруды ұйымдастыру, үйлестіру.

Функциялары:

  1. Министрліктің жоспарлы кезеңге арналған Стратегиялық жоспарын әзірлеуді, түзетуді қамтамасыз етеді;
  2. Министрліктің тиісті жылға арналған Операциялық жоспарын әзірлейді және түзетеді;
  3. Министрліктің жоспарлы кезеңге арналған Стратегиялық жоспарының, Операциялық жоспарының іске асырылуына талдауды, мониторингілеуді және бақылауды жүзеге асырады;
  4. Стратегиялық жоспардың, Операциялық жоспардың іске асырылу барысы туралы есепті дайындауды ұйымдастырады;
  5. Министрліктің жоспарлы кезеңге арналған Стратегиялық жоспарының, Операциялық жоспарының іске асырылу барысы туралы ақпараттық-талдамалық, таныстырылым материалдарын дайындайды;
  6. есепті жылдың қорытындылары бойынша Министрліктің Стратегиялық жоспарының іске асырылуы туралы есептік ақпаратты Министрліктің веб-порталында (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) бірінші басшының қол қоюы арқылы орналастыруды қамтамасыз етеді;
  7. бағалауға уәкілетті органға Бағалауды өткізу кестесінде белгіленген мерзімдерде жыл сайын бағалауға уәкілетті орган айқындаған тәртіппен алдыңғы жылдың қорытындысы бойынша «Бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен көрсеткіштеріне қол жеткізу» блогы бойынша қызмет тиімділігін бағалау шеңберінде есептік ақпаратты ұсынады;
  8. бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін бағалау шеңберінде мақсаттардың, нысаналы индикаторлардың бюджеттік бағдарламалармен өзара байланысы туралы есепті дайындайды;
  9. есепті қаржы жылы үшін бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іске асырылуы туралы есепті және бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы талдамалық есепке ақпаратты жинақтауды және қалыптастыруды жүзеге асырады;
  10. бюджеттік инвестициялар мен бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы туралы жиынтық есеп жасайды;
  11. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулерінің бірыңғай дерекқорында одан әрі орналастыру үшін өткізілген талдамалық, әлеуметтанушылық зерттеулерге мониторинг жүргізеді;
  12.  «Е-Қаржымині» ИААЖ «Шоғырландыру» кіші жүйесі арқылы бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іске асырылу мониторингінің нәтижелері туралы ай сайынғы есепті дайындайды;
  13. «Е-Қаржымині» ИААЖ «Шоғырландыру» кіші жүйесі арқылы инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған даму бағдарламалары бойынша ай сайынғы есепті дайындайды;
  14. бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша бюджет қаражатының күтілетін игерілеу туралы есепті жасайды және ұсынады;
  15. бюджеттік бағдарламалар және экономикалық сыныптаманың ерекшеліктері бөлінісінде бюджеттің атқарылуына ай сайынғы талдауды қалыптастырады және жауапты хатшыға, бірінші вице-министрге, құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволарға жетекшілік ететін вице-министрлерге ұсынады;
  16. шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша кассалық атқарылу туралы ақпаратты қалыптастырады және құрылымдық бөлімшелерге ұсынады;
  17. есептік қаржы жылы үшін бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты жинақтауды және қалыптастыруды жүзеге асырады;
  18. бюджеттік бағдарламалардың мақсаттары мен көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін бағалау шеңберінде мақсаттардың, нысаналы индикаторлардың бюджеттік бағдарламалармен өзара байланысы туралы жиынтық есепті дайындайды;
  19. есептік қаржы жылы үшін бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есепті жинақтауды және қалыптастыруды жүзеге асырады;
  20. есептік қаржы жылы үшін бюджеттік бағдарламалардың атқарылуы туралы талдамалық есеп дайындайды;
  21. бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкі нәтижелер туралы есепті жинақтауды және қалыптастыруды жүзеге асырады;
  22. қолма-қол ақшаны бақылау шоттарынан квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шығыстары туралы ақпаратты жинақтауды және қалыптастыруды жүзеге асырады;
  23. мемлекеттік/үкіметтік бағдарламалардың іс-шараларын іске асыруға бағытталған, игерілген қаржы туралы есепті жинақтауды және қалыптастыруды жүзеге асырады;
  24. мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың іс-шараларын іске асыру туралы есепті жинақтауды және қалыптастыруды жүзеге асырады;
  25. есептік қаржы жылы үшін бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет есебінің жобасын келісуге қатысады;
  26. есептік қаржы жылы үшін Министрлік бюджетінің атқарылуы туралы есептің ҚР Парламенті Мәжілісіндегі таныстырылымына слайдтарды, баяндамаларды, анықтамалық материалдарды дайындайды;
  27. құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволардың ҚР Парламентінің қос палаталарының қарауында берілген депутаттардың сауалдарына жауаптарды уақтылы жіберуін қалыптастыруды, жинақтауды және мониторингтеуді жүзеге асырады;
  28. «Ашық бюджеттер» порталында есептерді уақтылы толықтыру, орналастыру бойынша жұмыс жүргізеді;
  29. бюджеттік инвестициялар мен бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы туралы тоқсандық есепті дайындайды;
  30. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулерінің бірыңғай дерекқорында өткізілген талдамалық, әлеуметтанушылық зерттеулерді құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволардың уақтылы орналастыруына мониторингті жүзеге асырады; 
  31.  «Е-Қаржымині» ИААЖ «Шоғырландыру» кіші жүйесі арқылы бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іске асырылу мониторингінің нәтижелері туралы ай сайынғы есепті дайындайды;
  32. «Е-Қаржымині» ИААЖ «Шоғырландыру» кіші жүйесі арқылы инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған даму бағдарламалары бойынша ай сайынғы есепті дайындайды;
  33. бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша бюджет қаражатының күтілетін игеру туралы есепті жасайды және ұсынады;
  34. бюджеттік бағдарламалар және экономикалық сыныптаманың ерекшеліктері бөлінісінде бюджеттің атқарылуына ай сайынғы талдауды қалыптастырады және жауапты хатшының, бірінші вице-министрдің, құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволарға жетекшілік ететін вице-министрлердің назарына жеткізеді;
  35. шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша кассалық атқарылу туралы ақпаратты қалыптастырады және құрылымдық бөлімшелердің назарына жеткізеді;
  36. жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
  37. өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлейді;
  38. ағымдағы хат-хабарлармен жұмысты жүзеге асырады;
  39. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құжаттардың, есептік деректерді электрондық  өңдеу бағдарламаларының сақталуына, сондай-ақ олардың мұрағатқа өткізілуіне бақылауды жүргізеді;
  40. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басшылықтың сөз сөйлеуі үшін баяндамалар, материалдар жобаларын дайындауды қамтамасыз етеді;
  41. Министрлік басшылығы, жоғары тұрған органдар үшін Департамент құзыреті бойынша анықтамаларды, талдамалық материалдарды дайындайды;
  42. Қазақстан Республикасының заңнамасына және Министрлік басшылығының тапсырмаларына сәйкес өзге функцияларды жүзеге асырады.

 

  1. ВҰҚТБ

8.1 Міндеттері: Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының тиімді қаржы-шаруашылық қызметін қамтамасыз ету.

Функциялары:

  1. Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарында  мемлекеттік активтерді басқару, оның ішінде корпоративтік басқару сапасын арттыру  саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
  2. Министрліктің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес  жалғыз акционерінің, тиісті саланың уәкілетті органының  құзыретіне кіретін бұйрықтарын әзірлейді және Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының  оларды орындауын бақылауды жүзеге асырады;
  3. Министрліктің акционерлік қоғамдары үшін кейбір әкімшілік шығыстардың лимиттерін әзірлейді (қызметтік автомобильдің қажетті  нормаларын,  өкілдік шығыстарды,  әкімшілік аппараттарды орналастыру алаңдары мен ерекшелікті орын-жайларды, іссапар шығыстарын қайтаруды, арнайы көлікті);
  4. директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілеттіктерінің мерзімін айқындау, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ директорлар кеңесі мүшелерінің өз міндеттемелерін орындағандары үшін  сыйақы және өтемақы шығыстарының мөлшерін және төлеу шарттарын айқындау, сондай-ақ акционерлік қоғамдардың директорлар кеңесінің құрамына Министрлік пен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның өкілдерін тағайындау,  Министрлікке берілген, мемлекеттік акциялар топтамасын иелену және пайдалану құқықтары бойынша  ұсыныстар енгізеді;
  5. құрамына Министрліктің бірінші басшысы, вице-министрлер және жауапты хатшы кіретін акционерлік қоғамдар директорларының  кеңестерін отырыстарының күн тәртібінің мәселелері бойынша қорытындылар дайындауды қамтамасы етеді;
  6. Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдары мен оның ведомстволарының таза кірісті және республикалық бюджетке дивиденттер төлеу бөлігінде оларды уақтылы аудару мониторингін жүзеге асырады;
  7. Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының, оның ведомстволарының төлқұжаттар қалыптастыруды қамтамасыз етеді;
  8. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалғыз акционердің құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешуге, шешімдер қабылдауға қатысады;
  9. Министрліктің салалық бөлік бойынша ведомстволық бағынысты  ұйымдарына жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдары мен оның ведомстволарының  даму стратегиясы мен даму жоспарларын орындауын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
  10. Министсрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының қаржы шаруашылық қызметіне талдауды (мониторинг) жүзеге асырады;
  11. Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының көрсеткіштерін орындау және қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін орындау туралы ақпаратты талдау мен жинақтау мақсатында даму жоспарларын іске асыру мониторингін жүзеге асырады;
  12. ведомстволық бағынысты акционерлік қоғамдардың жылдық қаржылық есептіліктерін қарауға және бекітуге қатысады;
  13. ведомстволық бағынысты акционерлік қоғамдардың  жарғыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге және оның жаңа редакциясын бекітуге қатысады;
  14. Министрліктің Стратегиялық және Операциялық жоспарларын әзірлеуге қатысады және олардың тиісті республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша орындалуын қамтамасыз етеді;
  15. жеке және заңды тұлғалардың өтінімдерін қарайды;
  16. мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға жылдық қаржылық есепті бекіту бойынша  жүргізілген іс-шаралар туралы ақпаратты,  алдағы үш жылдық кезеңде республикалық бюджетке аударылуы тиіс таза кірістің болжамды сомасын, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардың есепті жылы республикалық бюджетке аударған таза кірістерінің мөлшерін ұсынады;
  17. мемлекеттік активтер мониторингін, сондай-ақ мемлекеттік активтерді тиімді және сапалы басқару мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуді жүргізеді;
  18. ведомстволық бағынысты ұйымдар қызметінің шеңберінде  бюджеттік өтінімдерді  бюджеттік заңнамаға сәйкестілік (бюджет қаражаты шығыстарының орындылығы мен негізділігі) мәніне  сүйемелдейді;
  19. ведомстволық бағынысты ұйымдарға «Есептілікті тапсырудың бірыңғай жүйесі» (ЕТБЖ) электронды базасының деректерін уақтылы толтыру (көрсету) және өзектендіру  мәніне  мониторинг жүргізеді;
  20. Департамент құзыретінің шегінде мемлекеттік активтерді басқару мәселелері бойынша тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға есептілік беруді қамтамасыз етеді;
  21. Министрлік басшылығы, жоғары тұрған органдар үшін  Департамент құзыреті бойынша анықтамалар, талдамалық материалдар дайындайды;
  22. ағымдағы хат-хабарлармен жұмысты жүзеге асырады;
  23. Қазақстан Республикасының заңнамасына және Министрлік басшылығының тапсырмаларына сәйкес өзге функцияларды жүзеге асырады.

 

Бұдан басқа, Департамент:

өз құзыреті шегінде түсіндірмелер береді;

Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен құжаттарды, есептерді, анықтамаларды және басқа материалдарды сұратады және алады;

 атқарушылық және еңбек тәртібін, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарын бұзу фактілері бойынша жүргізілетін қызметтік тексерулер бойынша комиссия құрамына қатысады;

жұмысты ұйымдастыру мәселелері бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне және ведомстволық бағынысты ұйымдарына  ұсыныстар мен әдістемелік нұсқаулар береді;

кіріс және шығыс ақпарат бойынша материалдарды және қорытындыларды уақтылы дайындауды жүзеге асырады;

Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарларын әзірлеуге, түзетуге және іске асыруға қатысады;

Департамент мамандарының біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және өткізуге қатысады;

Департамент құзыреті шегінде бұқаралық ақпарат құралдарында және Министрліктің интернет-ресурсында Министрліктің қызметін жариялайды;

басшылықтың өзге жұмыс тапсырмалары мен міндеттерін орындайды.

 

Құқықтары мен міндеттері:

  1. мемлекеттік органдардан, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, орталық және жергілікті атқарушы органдардан, сондай-ақ өзге мүдделі ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан оған жүктелген функцияларды жүзеге асыруға қажетті ақпаратты және материалдарды заңнамада белгіленген тәртіпте сұрату және алу;
  2. оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте кеңестер шақыру және өткізу, оларға қатысу үшін Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелеріннен, басқа да мемлекеттік органдардан және мүдделі ұйымдардан мамандар тарту;
  3. Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшыларының келісімімен нормативтік және құқықтық актілердің, басқа да құжаттардың жобаларын дайындау үшін, сондай-ақ Департамент жүргізетін іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру үшін олардың қызметкерлерін тарту;
  4. оның мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардағы, Министрлік бөлімшелеріндегі өзге мүдделі ұйымдардағы кеңестерге қатысу;
  5. өз құзіреті шегінде мемлекеттік және өзге ұйымдарда (басшылықтың тапсырмасы бойынша) Министрліктің мүдделеріне өкілдік ету;
  6. Департамент құзіретіне кіретін мәселелер бойынша Министрлік басшылығына ұсыныстар енгізу;
  7. Қазақстан Республикасының қолданысындағы заңнамасының талаптарын сақтау;
  8. Департамент қызметінің нақты ұйымдастырылуын және оның жетілдірілуін қамтамасыз ету;
  9. орындайтын тапсырмаларының мерзімі мен сапасына жеке жауапкершілік алу, қызметтік міндеттемелерді адал орындау;
  10. еңбек және атқарушылық тәртіпті, мемлекеттік және қызметтік құпияны қатаң сақтау;
  11. өз біліктілігін жүйелі түрде арттырумен айналысу;
  12. қызметтік әдеп қағидаларын қатаң сақтау;
  13. 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңына сәйкес, өз құзыреті шеңберінде, анық және толық ақпарат беру;
  14. Департаменттің құзыреті шегінде бұқаралық акпарат құралдарында және Министрліктің интернет-ресурсында Министрліктің қызметін жариялау;
  15. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамамалық актілерінде көзделген өзге де құзықтарды жүзеге асыру.

 

  1. Департаменттің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Департамент Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес негізгі мақсаттары мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.
  2. Департаментті Қазақстан Республикасының заңдамасында белгіленген тәртіпте қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Директор басқарады.
  3. Департамент директорының үш орынбасары болады.
  4. Департамент директоры Департамент қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
  5. Департамент директоры Министрлік басшылығына Департамент құрылымы және штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді;
  6. Осы мақсаттарда Департамент директоры:

1) орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) Басқармалар басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

3) заңдарға және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Департамент директорының орынбасарлары:

1) өз өкілеттіктері шеңберінде Департамент қызметін үйлестіреді;

2) Департамент директоры болмаған кезде Департамент қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуы мен функцияларының жүзеге асырылуы үшін дербес жауапты болады;

3) Департамент директоры жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

  1. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Департамент директоры, ал ол болмаған жағдайда, оны алмастыратын адам қол қояды.