• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Қоғамдық кеңесі туралы ереже

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы «31» наурыздағы
№ 160 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің
Қоғамдық кеңесі туралы
Ереже

1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Қоғамдық кеңесі (бұдан әрі ­ Қоғамдық кеңес) «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі құратын консультативтік-кеңесші, байқаушы орган болып табылады.
2. Қоғамдық кеңес Қазақстан Респуликасы Ұлттық экономика министрлігінің (бұдан әрі ­ Министрлік) халық алдында есеп беретін мемлекет қалыптастыру бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру үшін азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылын қамтамассыз етеді.
3. Қоғамдық кеңестер өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңын (бұдан әрі–Заң) Қазақстан Республикасының Президентінің, Қазақстан Республикасының Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. Қоғамдық кеңестің мақсаттары мен міндеттері

4. Азаматтық қоғамның қоғамдық маңызды мәселелер бойынша пікірін білдіру қоғамдық кеңес қызметінің мақсаты болып табылады.
5. Қоғамдық кеңестің міндеттері:
1) азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру және шешімдерді талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескеру;
2) Министрліктің азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауын дамыту;
3) қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және Министрлік қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету.

3. Қоғамдық кеңес қызметінің қағидаттары

Қоғамдық кеңестер өз қызметін мынадай қағидаттар негізінде жүзеге асырады:
1) қоғамдық негіздегі қызметі;
2) автономдық;
3) дербестік;
4) жариялылық;
5) мүшелердің кезең-кезеңмен ротациялау.

4. Қоғамдық кеңестің өкілеттіктері

7. Қоғамдық кеңестің өкілеттеріне мыналар:
1) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, стратегиялық жоспарлардың немесе аумақтарды дамыту бағдарламаларының жобаларын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың жобаларын талқылау;
2) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының, стратегиялық жоспарлардың немесе аумақтарды дамыту бағдарламаларының, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың орындалуын талқылау;
3) Министрліктің нысаналы индикаторларға қол жеткізуі туралыооесептерінооталқылау;
4) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы, қайырымдылықтан түсетін ақшаның түсуі мен жұмсалуы туралы есептерінррталқылау;
5) азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және талқылауғаооқатысу;
6) қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қоса алғанда, мемлекеттік басқаруды жетілдіру және Министрліктің ашық жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардыңооөтініштеріноқарау;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және оларды мемлекеттік органдарға енгізу;
8) қоғамдық бақылауды осы Заңда көзделген өзге де нысандарда жүзеге асыру;
9) Қоғамдық кеңес туралы ереженің жобасын оның бірінші отырысында талқылау және Министрлікте бекіту үшін енгізу;
10) қызмет бағыттары бойынша комиссиялар құру жатады.
8. Осы ереженің 7-тармағының 2),3),4),6),7) және 8) тармақшаларында көзделген өкілеттіктердің орындалу қортындылары бойынша Қоғамдық кеңес Министрлікке ұсынымдар енгізеді, ол Министр не оны алмастыратын адам қол қоятын уәжді жауаптар бір ай ішінде, ал 1) тармақша бойынша он –жұмыс күні ішінде береді
5) тармақша бойынша Қоғамдық кеңест мүшелері нормативтік құқықтық актінің жобасына қоса берілетін ұсынымдарды енгізеді.
Қоғамдық кеңес «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-2-бабы 2-тармағының екінші бөлігіне сәйкес мемлекеттік орган белгілеген мерзімде нормативтік құқықтық акті жобасына ұсынымдар бермеген жағдайда, нормативтік құқықтық актінің жобасы ескертулерсіз келісілген деп есептеледі.

5. Қоғамдық кеңестің және оның мүшелерінің құқықтары мен міндеттері

9. Қоғамдық кеңес мүшелері өз өкілеттіктерін іске асыру мақсатында:
1) Қазақстан РеспубликасыныңЗаңнамасында белгіленген негізде және тәртіппен Министрлікке кіруге;
2) Министрліктің тиісті лауазымды тұлғаларымен келісу бойынша Министрліктің өзге де жұмыс органдарының жұмысына қатысуға;
3) осы Заңда белгіленген өз өкілеттіктерін жүзеге асыру мақсатында қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша Министрлікке жүгінуге құқығы бар.
10. Өз қызметінде Қоғамдық кеңес және оның мүшелері:
1)Конституцияның, оған сәйкес келетін заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің нормаларын сақтауға;
2) өз қызметін жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асыруға;
3) жылына екі реттен сиретпей бұқаралық ақпарат құралдары және (немесе) интернет-ресурстар арқылы халыққа Қоғамдық кеңестің қызметі туралы ақпарат беруге;
4) өз қызметі туралы жылдық есепті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға және (немесе) Министрліктің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.

6. Қалыптастыру тәртібі, Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар

11. Қоғамдық кеңес Заңда және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 қаулысымен бекітілген Үлгілік ережеде белгіленген тәртіппен қалыптастырылады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға Заңның 10-бабында белгіленгенталаптар қойылады.

7. Қоғамдық кеңестің ұйымдық құрылымы және оның төралқасының, төрағасының және хатшысының өкілеттіктері

12. Отырыс Қоғамдық кеңестің жоғары органы болып табылады.
13. Қоғамдық кеңес қызметіне басшылықты жүзеге асыру үшін оның отырыстары арасындағы кезеңде Қоғамдық кеңес төралқасы сайланады. Төралқаның құрамына Қоғамдық кеңестің төрағасы мен хатшысы, Министр, Қоғамдық кеңестің жекелеген мүшелері кіреді.
Қажет болған жағдайда Қоғамдық кеңес шешімі бойынша жекелеген мәселелер бойынша комиссиялар құрылуы мүмкін.
Комиссиялар құрылған жағдайда комиссиялар төрағалары төралқа құрамына кіреді.
14. Қоғамдық кеңестің төралқасы:
1)Қоғамдық кеңестің отырыстарын өткізуге дайындықты ұйымдастырады;
2) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді;
3) Қоғамдық кеңес комиссияларының, олардың құрылуы жағдайында жұмысын үйлестіреді.
15. Қоғамдық кеңестің төрағасы:
1) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырады;
2) отырыстарда төрағалық етеді;
3) Қоғамдық кеңестің атынан құжаттарға қол қояды;
4) Қоғамдық кеңестің шешімдерін іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіреді;
5) Министрліктің отырыстарына кеңесші дауыс беру құқығымен қатысады;
6) өзі болмаған уақытта төрағаның міндеттерін орындауды Қоғамдық кеңес төралқасы мүшелерінің біріне жүктейді.
16. Қоғамдық кеңестің хатшысы:
1) Қоғамдық кеңестің отырыстарын дайындау мен өткізудің ұйымдастырушылық мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді;
2) Қоғамдық кеңесте іс жүргізуді ұйымдастырады және жүргізеді, сондай-ақ Қоғамдық кеңес шешімдерінің орындалу мерзімдеріне бақылау жасайды.

8. Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастыру

17. Қоғамдық кеңес жұмысының негізгі нысаны отырыстар болып табылады. Қоғамдық кеңестің отырысы оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде құқықты деп есептеледі.
18. Қажет болған жағдайларда Қоғамдық кеңестің отырысына оның шешімімен мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, ғылыми, кәсіптік және басқа да ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ сарапшылар мен өзге де мамандар шақырылуы мүмкін.
19. Қоғамдық кеңестің отырыстары ашық болып табылады.
20. Қоғамдық кеңестің отырыстары тоқсанына бір реттен кем емес жиілікпен, сондай-ақ Министр мен Қоғамдық кеңес төрағасының шешімі бойынша өткізіледі.
Отырыстар өткізудің өзге де мәселелері Қоғамдық кеңестің шешімімен айқындалады.
21. Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді Министрлік жүзеге асырады.

9. Қоғамдық кеңес мүшелерінің өкілеттіктерін тоқтату

22. Қоғамдық кеңес мүшелерінің өкілеттіктерін тоқтату Заңда бекітілген тәртіпте жүргізіледі.