• Арнайы нұсқа
  • Standart version

You are here

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Регламенті

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Регламентін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік органының үлгі регламентін бекіту туралы» 2008 жылғы 26 наурыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің регламенті бекітілсін (бұдан әрі Министрлік).

2. Адами ресурстармен жұмыс департаменті құрылымдық бөлімшелерді осы бұйрықпен таныстырсын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы Д.В.Вагаповқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Министр                                                                                                     Т. Сүлейменов

 

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің   
2017 жылғы «  »_____

№       бұйрығымен бекітілген

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің регламенті

1. Жалпы ережелер

1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінiң, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, Министрлік туралы ережеге және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оған жүктелген функцияларды орындау процесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) қызметінің жалпы қағидаларын белгілейді.

Регламентте көзделген ережелер, Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілерінде реттелмеген бөлігінде:

1) Мемлекет басшысының қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың;

2) Парламент палатасы аппараттарының, Орталық сайлау комиссиясының, Конституциялық Кеңес, Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының;

3) Премьер-министр Кеңсесінің, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының қызметінде қолданылады;

2. Осы Регламентте белгіленген құжаттармен жұмыс істеуге қойылатын талаптар, мерзімдер Министрліктің, оның ведомстволары мен олардың аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының барлық қызметкерлеріне қолданылады.

3. Құпия емес іс қағаздарын ұйымдастыру мен жүргізу, хат-хабарларды қабылдау, өңдеу және тарату, оның ішінде электрондық құжат айналымын жүргізу «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі, «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы,  «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы, Қазақстан Республикасы  заңдарының, «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 144 бұйрығының талаптарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес осы Регламентте айқындалады.

Құпия іс қағаздарын ұйымдастыру және жүргізу «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

4. Министрлікте, оның ведомстволарында және аумақтық органдарында жұмыс уақытының ұзақтығы сегіз сағат болған кезде, жұмыстың басталуы 9 сағат 00 минут, жұмыстың аяқталуы 18 сағат 30 минут деп белгіленген. Түскі үзіліс сағат 13-00-ден сағат 14-30-ға дейін.

2. Жұмысты жоспарлау

5. Министрлікте жұмысты жоспарлау Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына, Министрліктің бесжылдық кезеңге арналған стратегиялық жоспарына (бұдан әрі – Стратегиялық жоспар), Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Ұлттық экономика министрі арасындағы меморандумға (бұдан әрі – Меморандум), Министрліктің операциялық жоспарына (бұдан әрі – Операциялық жоспар), Министрлік туралы ережеге, жоғары тұрған органдардың тапсырмаларына негізделеді.

6. Министрліктің тиісті мақсаттарға қол жеткізу деңгейін сипаттайтын  стратегиялық жоспарда көзделген нысаналы индикаторларға қол жеткізуі Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің, оның ішінде ведомстволардың бірінші кезектегі міндеті болып табылады.

7. Министріктің стратегиялық жоспары негізінде  Қазақстан Республикасының бағдарламалық құжаттарының, әлеуметтік-экономикалық даму болжамының әрбір үш жыл сайын бес жылдық мерзімге әзірленеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Республикалық бюджет туралы заңға қол қойған күннен бастап мемлекеттік органның басшысы стратегиялық жоспарды бір айлық мерзімде бекітеді.

8.  Операциялық жоспардың орындалуы туралы ақпарат  тоқсан сайын  есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейін беріледі.

9.  Есепті жылдың қорытындысы бойынша Стратегиялық жоспарды іске асыру барысы туралы Министрліктің есебі жасалады.

10. Стратегиялық және Операциялық жоспарларды, Меморандумды әзірлеу, іске асыру, мониторингілеу, талдау, іс-шараларын түзету және жыл сайын бекіту жөніндегі жұмысты үйлестіруді ішкі стратегиялық жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімше жүзеге асырады.

11. Операциялық жоспардан іс-шараларды алып тастау немесе толықтыру туралы  олардың орындалу мерзімдерін ауыстыру туралы, аяқталу нысанын және/немесе жауапты орындаушыны өзгерту бойынша шешімді іс-шараның орындалуына жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы ұсынған және тиісті мәселелерге жетекшілік ететін вице-министрмен келісілген қызметтік жазба негізінде жауапты хатшы қабылдайды.

Қызметтік жазба жауапты хатшыға іс-шараны орындау мерзімі белгіленгенге  дейін кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күн бұрын беріледі.

3. Алқа отырыстарын, кеңестерді жоспарлау,

 дайындау және өткізу тәртібі

12. Министрліктің консультативтік-кеңесші орган болып табылатын алқасы бар. Алқаның сандық және жеке құрамын Министр бекітеді және ведомстволардың төрағалары мен Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатарынан тұрады.

Ақпарат пайдаланушылардың ашық отырыстарға қолжетімділігі «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы  16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қамтамасыз етіледі.

Жылдың қорытындысы бойынша өткізілетін алқа отырысы интернет ресурсында онлайн режимде қамтамасыз етіледі.

13. Министрліктің алқа отырыстары мемлекеттік және орыс тілдерінде алқаның жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі. Алқа отырыстарында қаралатын мәселелердің санына шектеу қойылмайды.

Министрлікте Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі жіберетін алқаларды өткізу кестесіне сәйкес Министрліктің есепті жылғы қызметінің нәтижелері және алдағы жылға қойылған негізгі міндеттері бойынша алқа Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің қатысуымен өткізіледі.

14. Қажет болған жағдайда  Министрдің шешімі бойынша кезектен тыс алқа отырыстары өткізілуі мүмкін.

Алқа отырысы, егер оған алқа мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екі бөлігі қатысса, заңды деп есептеледі.

Алқа мүшелері отырыстарға алмасу құқығынсыз қатысады.

15. Министрліктің алқа отырысына қызметтің сабақтас салаларында олардың ведомствоаралық үйлестіру міндеттерін негізге ала отырып, мемлекеттік органдардың, сондай-ақ қажет болған жағдайда үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері шақырылады. Бұқаралық ақпарат құралдарының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін шақыру туралы шешімді Министр қабылдайды.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мәселелері Министрліктің алқа отырысында тоқсанына кемінде бір рет қаралады.

16. Алқа отырыстарын ұйымдастыру мен өткізуді оны ұйымдастыруға және өткізуге жауапты құрылымдық бөлімше қамтамасыз етеді.

Министрліктің құрылымдық бөлімшелері қажетті ақпараттық және таныстыру материалдарын мемлекеттік және орыс тілдерінде уақтылы ұсынады.

Министрліктің құрылымдық бөлімшелері ұсынған ақпараттың негізінде Министрдің баяндамасы, таныстыру материалдары, сондай-ақ Министрліктің басшылығына және алқаға қатысушыларға басқа қажетті үлестіру материалдары дайындалады.

17. Алқа отырысындағы мәселелерді қарау нәтижелері бойынша қатысып отырған алқа мүшелерінің көпшілік дауысымен, мемлекеттік тілде елтаңбалы бланкте хаттама нысанында ресімделетін алқа шешімі қабылданады (қажет болған жағдайда орыс тіліндегі нұсқасы қоса беріледі). Министрліктің алқа жұмысына стенография жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің төрағалығымен өткізілген алқа қорытындылары бойынша алқа хаттамасының жобасы мүдделі құрылымдық бөлімшелермен және Министрліктің басшылығымен келісілгеннен кейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жолданады.

18. Министрліктің ресми интернет-ресурсында Министрліктің алқа жұмысының қорытындылары туралы ақпарат орналастырылады.

Алқа хаттамасын орындауды Министрліктің құрылымдық бөлімшелері жүзеге асырады.

Министр қажет болса, Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, Министрлікке жүктелген іс-шараларды іске асыру бойынша, сондай-ақ еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтау және басқа мәселелер бойынша құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен бірінші вице-министрдің, вице-министрлердің, жауапты хатшының қатысуымен апта сайын аппараттық кеңес өткізеді.

Құрылымдық бөлімшелердің басшылары болмаған кезде оларды алмастыратын тұлғалар қатысады.

Құрылымдық бөлімшелер аппараттық кеңеске қатысушы құрылымдық бөлімшелердің көпшілігіне қатысты мәселелерді шығарады.

19. Министрдің хатшылығы, вице-министрлердің, жауапты хатшының қабылдау бөлмелері, құрылымдық бөлімшелер:

Шұғыл мәселелер бойынша күн сайын сағат 17:00 дейін Қоғаммен байланыс департаментін (бұдан әрі – ҚБД) басшылықтың келесі жұмыс күніне жоспарлаған іс-шаралары туралы хабардар етеді, ақпараттық және анықтамалық материалдарды БАҚ-та ақпараттық жариялауды қамтамасыз ету үшін ҚБД-ға ұсынады.

Ортамерзімді мәселелер бойынша апта сайын басшылықтың жоспарлаған іс-шаралары туралы ҚБД-ны хабардар етеді және ақпараттық - анықтамалық материалдарды БАҚ-та ақпараттық жариялауды қамтамасыз ету үшін ҚБД-ға ұсынады.

БАҚ-ң аккредитациясы талап етілетін Министрлік басшылығының (Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Парламент палаталарының отырыстары, форумдар және т.б.), қатысуымен өтетін іс-шараларға жауапты құрылымдық бөлімше қатысушылар тізіміне ҚБД-нің қызметкерін қосады. Жауапты құрылымдық бөлімше іс-шараның басталуына бір қүн қалғанда ҚБД-ға ақпараттық - анықтамалық материал, баспасөз релизін дайындау үшін тезистер ұсынады.

Министрлік басшылығының қатысуымен өтетін брифингтер ұйымдастыру кезінде ҚБД тиісті құрылымдық бөлімшеден мемлекеттік және орыс тілінде материалдарды (анықтамаларды, сөз сөйлеу тезистерін) сұратады, олар брифинг басталғанға дейін кемінде бір күннен кешіктірмей ұсынылуы тиіс. Тиісті құрылымдық бөлімше ҚБД мен бірлесіп проблемалық мәселелер тізбесін және олардың жауаптарын жасайды.

20. Министрлік басшылығы немесе құрылымдық бөлімше басшылары бастамашылық  еткен өзге  мәселелер  бойынша  қажеттілігіне қарай кеңестер өткізіледі. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары:

  • алдын ала материалдарды әзірлеп жібереді;
  • кеңестердің кестесі мен тақырыптарын әзірлейді;
  • кеңестердің ұзақтығын қамтамасыз етеді (1 сағаттан аспайды);
  • кеңеске бір мәселе бойынша қатысушылардың  сабақтастығын   сақтай отырып, шешімдер қабылдауға уәкілетті;
  • кеңес шеңберінде талқылауға түпкілікті шешім  қабылдауды қажет
  • ететін, мұқият пысықталған мәселелер шығарылады;
  • кіші  салалық   мәселелер   бойынша  жетекшілік  ететін  бірінші вице-министрмен, вице-министрлермен және жауапты хатшымен кеңестер өткізеді;
  • кеңестің  қорытындысы  бойынша  хаттамалар   не Министрлік басшылығының тапсырмаларын ресімдейді.

4. Ведомстволармен, ведомстволық бағынысты ұйымдармен өзара іс-қимыл

21. Министрлік ведомстволардың, ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіне жалпы басшылықты және үйлестіруді жүзеге асырады және Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес негізгі даму бағыттарын айқындайды.

Ведомстволардан келіп түскен құжаттармен және материалдармен жұмыс істеу ерекшеліктері осы Регламентте белгіленеді.

Ведомстволар міндеттердің бөлінуіне сәйкес бірінші вице-министрге, жетекшілік ететін вице-министрлерге есеп береді және өз қызметін Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында, нормативтік құқықтық актілерде және Министрлік басшылығының тапсырмаларында қойылған міндеттерге сәйкес жүзеге асырады.

22. Ведомстволар қызметінің саласына жататын мәселелер бойынша Министрлік басшылығының тапсырмаларын олар тапсырмада белгіленген мерзімдерде орындайды.

23. Министрлік басшылығының тапсырмаларын ведомстволарға жеткізуді және олардың орындалуын бақылауды Министрліктің құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі жүзеге асырады.

24. Егер тапсырма ведомстволардың құзыреті шегінен шықса, оның басшысы белгіленген құзыреті шегінде, тапсырманың орындалуын қамтамасыз етеді және тапсырманы толық көлемде орындаудың мүмкін еместігі туралы Министрліктің тапсырма берген басшысын дереу хабардар етеді.

25. Егер тапсырма ведомстволардың құзыретіне кірмейтін болса, оның басшысы Министрліктің тапсырма берген басшылығына тиісті қызметтік жазбаны ұсынады. Көрсетілген қызметтік жазба Министрлікке тапсырмаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күннен кешіктірілмей, ал шұғыл тапсырмалар бойынша дереу ұсынылады.

Тапсырманың одан әрі орындалу тәртібі туралы шешімді Министрліктің басшылығы қабылдайды.

26. Министрлік басшылығының тапсырмаларын орындау барысында ведомстволар Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасайды.

27. Министрлік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ведомстволардың қызметін тексеруді, сондай-ақ азаматтар мен ұйымдардың шағымдары бойынша тексерулерді ұйымдастырады.

28. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің ведомстволармен өзара      іс-қимылы процесінде туындайтын келіспеушіліктерді жауапты хатшы немесе ведомстволарға жетекшілік ететін бірінші вице-министр, вице-министрлер қарайды. Егер көрсетілген қараудан кейін келіспеушіліктер реттелмеген жағдайда, олар бойынша шешімді Министр қабылдайды.

Ведомстволар мен жауапты хатшының немесе ведомстволарға жетекшілік ететін бірінші вице-министрдің, вице-министрлердің арасында туындайтын келіспеушіліктерді тараптардың жазбаша өтініші бойынша Министр қарайды.

29. Ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметі Министрліктің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге бағдарланған. Министрлік қызметінің тиісті бағыттары ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың құрылымында және олардың даму жоспарларында көрініс табады.

Министрліктің ведомстволық бағыныстағы ұйымдармен өзара іс-қимылы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

5. Кіріс және шығыс хат-хабарларды ресімдеу, өткізу, қарау

30. Министрлікте іс жүргізу, Министрлікке келіп түсетін хат-хабарларды өңдеу, тіркеу, жөнелтуді (жеткізуді) құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» 1997 жылғы 11 шiлдедегі, «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы, «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы  заңдары мен осы Регламентке сәйкес жүзеге асырады.

31.Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен, Қазақстан Республикасының Парламентінен және Қазақстан Республикасыь Премьер-Министрінің Кеңсесінен келіп түсетін хат-хабарларды қоспағанда, Министрлік кіріс хат-хабарларды жұмыс күндері сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін қабылдайды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен, Қазақстан Республикасының Парламентінен және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінен келіп түсетін хат-хабарлар жұмыс күндері сағат 20.00-ге дейін, сенбі күндері  17.00-ге дейін, құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі қызметкерлерінің арасында кезекшілікті енгізу жолымен қабылданады.

32. Шұғыл тапсырмаларды (орындау мерзімі күнтізбелік 10 (он) күнге дейін) орындау үшін мемлекеттік органдар дайындаған құжаттар шұғыл екендігін растайтын құжаттар (Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы актілерінің және тапсырмаларының көшірмелері) ұсынылған кезде жұмыс күні ішінде қабылданады.

33. Мемлекеттік органдардан қағаз және электрондық жеткізгіштерде келіп түскен құжаттар бірдей болуы және белгіленген үлгідегі тиісті елтаңбалық бланкіде мемлекеттік тілде ресімделуі тиіс және мынадай міндетті деректемелерді:

1)  шығыс нөмірі мен күнін;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасының Парламенті палаталарының, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының және оның орынбасарларының тиісті актілеріне және тапсырмаларына, сондай-ақ мемлекеттік органның сұрауына жауап беру кезінде Министрлікке бастамашылық тәртіппен келіп түскен құжаттарды (хаттарды) қоспағанда, сұраудың нөмірі мен күніне сілтемені;

3)орталық мемлекеттік органның бірінші басшысының немесе оның орынбасарларының не жауапты хатшының (не жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын орталық атқарушы органның лауазымды тұлғасының) қолын;

4) орындаушының тегін және оның телефон нөмірін қамтуы тиіс.
Ерекше маңызы бар мәселелер жөніндегі электрондық құжаттар (мұрағаттар және құжаттаманы басқарушы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген сақтау мерзімімен) қағаз жеткізгіштерде де ресімделуі тиіс.

Бұл ретте, ақпараттық жүйелерде немесе мемлекеттік органның сайттарында пайдаланушылар үшін қолжетімді болатын немесе мемлекеттік органнан келіп түскен ақпарат беру туралы сұрауларға жауап берілмейді, ақпараттық жүйелерде белгіленген тәртіппен орналастырылады. Осындай сұрауларға жеке ақпарат беру талап етілмейді.

Мемлекеттік органның сайттарында орналастырылатын ақпараттың анықтығына, өзектілігіне және оның қорғалуына жауапкершілікті («ҚБП» деген белгісі бар таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратпен және мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу бойынша талаптарды сақтау) оның жауапты орындаушысы және оның тікелей жетекшісі жауапты болады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасының Парламенті және Қазақстан Республикасының                Премьер-Министрі Кеңсесінің хат-хабарларынан басқа, осы Регламенттің талаптарын бұза отырып ресімделген кіріс хат-хабарлары қабылданбайды және (немесе) оларды Министрліктің құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі тиісті мемлекеттік органға сол күні қайтарады.

Министрлікке келіп түсетін хат-хабарлар қабылдау күні және уақыты көрсетіле отырып, қол қойылып қабылданады.

34. Осы Регламентте белгіленген тәртіппен қабылданған құжаттарды құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі қарайды, бақылауға қояды және басшылық пен құрылымдық бөлімшелердің арасында бөледі, әрі қарай құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі тиісінше ресімдеу, бақылау белгілерін қою үшін тіркеу мөріне нөмірін, күнін және парақтардың санын көрсете отырып тіркейді және мынадай тәртіппен:

Министрге, бірінші вице-министрге, вице-министрлерге, жауапты хатшыға: жеке өздеріне жіберілген хат-хабарлар;

жауапты хатшыға: Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің актілері, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Жоғарғы Сотының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Бас прокуратурасының, Конституциялық кеңесінің хаттары, депутаттық сауалдар, нормативтік құқықтық актілердің жобалары, басқа мемлекеттік органдардан түскен сұрау салулар;

құрылымдық бөлімшелердің басшыларына: келісімдердің, келісімшарттардың жобалары, инвестициялық ұсыныстар, жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жобаларының техникалық-экономикалық негіздемесі, қаржы-экономикалық негіздемесі, нөмірге хат-хабарлар, сұрау салуларға жауаптар жіберіледі.

Шұғыл хат-хабарлардың көшірмесі құзыретіне келіп түскен құжатта қозғалатын мәселелер кіретін құрылымдық бөлімшенің басшысына бір мезгілде жіберіледі.

Министрлікке Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінен бақылауға алынбаған құжаттар келіп түскен кезде Министрлік аталған құжаттарды бақылауға қоймайды және олар бойынша Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесіне жауап жібермейді.

Министрліктің құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі хат-хабарларды тіркеуді, бөлуді, ресімдеуді және оларды адресаттарға жеткізуді әдетте                    хат-хабарлар Министрлікке келіп түскен сәттен бастап екі сағат ішінде, ал шұғылын – дереу (кезектен тыс тәртіпте) жүзеге асырады.

35.Тіркелген, тиісті түрде ресімделген хат-хабарлар құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі басшысына сәйкес тиісті мекен-жайларға жіберіледі Құзыретіне кіретін сұрақтар түскен құжаттағы шұғыл хат-хабарлардың көшірмесі бөлімше басшысына бір мезгілде жіберіледі.

36.Министрліктің құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі хат-хабарларды тіркеуді, бөлуді, ресімдеуді және оларды адресаттарға жеткізуді әдетте                    хат-хабарлар Министрлікке келіп түскен сәттен бастап екі сағат ішінде, ал шұғылын – дереу (кезектен тыс тәртіпте) жүзеге асырады.

37. Орындалуы бірнеше құрылымдық бөлімшелерге жүктелген электрондық құжаттар барлық орындаушыларға бір мезгілде жіберіледі.

Құжаттың түпнұсқасы Министрлік басшылығының бұрыштамасында жауапты орындаушы ретінде айқындалған орындаушыға жіберіледі (тізім бойынша бірінші немесе құрылымдық бөлімше атауының жанында («жинақтау») деген белгі тұрған).

38. Министрліктің басшылығы кіріс хат-хабарларын оларға келіп түскен күні, ал шұғыл хат-хабарларды дереу қарайды. Қарау нәтижелері бойынша бұрыштама түрінде ресімделетін тиісті тапсырмалар беріледі.

Бұрыштамаларды ресімдеу кезінде құзыретіне байланысты Министрліктің құрылымдық бөлімшесі келіп түскен құжатқа жауапты болып айқындалады.

Министрліктің басшылығы қараған кіріс хат-хабарлары құжаттамалық қамтамасыз  ету  қызметіне ресімдеу және одан әрі орындаушыға(орындаушылар-ға ) беру үшін Министрлік басшылығының бұрыштамасына сәйкес жіберіледі.

39. Министрліктің сұрауына «электрондық құжат» деген белгісі бар Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі (бұдан әрі – ЭҚАБЖ) орталығы арқылы келіп түскен құжаттар, сондай-ақ бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардан келіп түсетін тапсырмаларға хаттар тіркеледі және департаменттерге қағаз жеткізгіштерде қайталаусыз электрондық түрде ғана жолданады.

40. Ішкі құжат айналымындағы хат алмасу «қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар құжаттардан басқа, бюджеттік өтінімдерді қоспағанда, электрондық форматта қағаздағы нұсқасын қайталамай жүргізіледі.

41. Бақылау құжатын бірлесіп орындаушы құрылымдық бөлімшелер негізгі орындаушы құрылымдық бөлімшеге жауапты мынадай мерзімдерде:

1) бір айлық орындау мерзімі бар құжаттар бойынша – негізгі орындаушы үшін белгіленген мерзім аяқталғанға дейін 7 (жеті) жұмыс күні бұрын;

2) 20 күндік орындау мерзімі бар құжаттар бойынша – 7 (жеті) жұмыс күні ішінде;

3) 10 (он) күндік орындау мерзімі бар құжаттар бойынша – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

4) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өкімдерінің жобалары бойынша – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

5) орындау мерзімі бір күннен бес күнге дейінгі басқа шұғыл құжаттар бойынша – 1 (бір) жұмыс күні ішінде немесе дереу береді.

42. Шығыс хат-хабарларын дайындау, келісу және ресімдеу Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы        11 шілдедегі, «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы                12 қаңтардағы, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы   № 1300 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентіне (бұдан әрі – Үкімет регламенті), Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіндегі және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіндегі іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтарға және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырылады.

43. Шығыс хат-хабарлары Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Парламенті мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жіберу үшін қол қою алдында оларға тапсырмаларға сілтемелердің болуы және дұрыс ресімделуі, оның ішінде                  іс-шаралар жоспары мен оларды бекіту туралы актілердің сәйкестігі тұрғысынан Министрліктің құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі (бақылау қызметі) қол қояды.

Халықаралық органдар мен ұйымдарға немесе халықаралық органдар мен ұйымдардың қызметінің мәселелері бойынша жіберілетін құжаттарды және ел таңбасы бар бланкте ресімделуі талап етілмейтін Үкімет қаулысының жобаларын, Премьер-Министр өкімін, заң жобаларын қоспағанда, мемлекеттік органдарға жіберілетін шығыс хат-хабарлар (оның ішінде электрондық құжат форматында) ел таңбасы бар бланкте ресімделеді (қажет болған жағдайда орыс тілінде қол қойылған бланкісіз беріледі).

Өзге мемлекеттік органдардың айрықша құзыретіне қатысты мемлекеттік органдардың шығыс хат-хабарлары Қазақстан Республикасы                               Премьер-Министрінің Кеңсесіне жіберілмейді.

44. Жауапты хатшы болмаған жағдайда жауапты хатшы жетекшілік ететін мәселелер бойынша шығыс құжаттарға «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органының жауапты хатшысының мәртебесі мен өкілеттіктері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 шілдедегі № 372 Жарлы-

ғына сәйкес жауапты хатшының міндетін атқарушы, оған бағынатын департаменттердің бірінің директоры  қол қояды.

45. Министрліктің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Парламентіне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жіберілетін құжаттың,  оның ішінде шығыс хат-хабарлардың, электронды нұсқасының деректемелерін ресімдеудің дұрыстығы мен толықтығын, адресаттың көрсетілуін қамтамасыз етеді.

Шығыс хат-хабарлары, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Парламенті мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жібермес бұрын оларда тапсырмаларға сілтемелердің болуы және дұрыс ресімделуі, оның ішінде іс-шаралар жоспарлары мен оларды бекіту туралы актілердің сәйкестігі тұрғысынан құжаттамалық қамтамасыз ету қызметімен келісілуі тиіс.

 Ведомстволар мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың хат-хабарларын құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі оларға Министр, бірінші вице-министр, вице-министрлер, жауапты хатшы қол қойған жағдайда ғана жөнелтуге  қабылдайды.

46.Құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі орындаушы көрсеткен мекенжайларға сәйкес шығыс хат-хабарларын почталық жөнелтілуін жүзеге асырады.

6. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау, ресімдеу және келісу тәртібі

47. Министрлік оның құзыреті шегінде әзірлейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын (бұдан әрі – жобалар) дайындауды «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының заңдарының, «Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығының, «Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 21 тамыздағы № 840,  «Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ғылыми сараптама жүргiзу қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 31 тамыздағы № 497 қаулысы, «Нормативтік құқықтық актілерді ресiмдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 6 қазандағы № 568, «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 569 қаулыларына және осы Регламенттің талаптарына сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде Министрліктің тиісті құрылымдық бөлімшелері жүзеге асырады.

48. Жобаны белгіленген мерзімдерде сапалы әзірлеуді Министрліктің жобаны әзірлеген құрылымдық бөлімшесінің басшысы қамтамасыз етеді.

Жобаның қазақ және орыс тілдеріндегі мәтінінің түпнұсқалылығын Редакциялау қызметі (орталық аппаратының, ведомствалардың) қамтамасыз етеді.

49. Егер әзірленген жобалар нормаларының қолданылуын қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ бұрын қабылданған актілермен қайшылықтарды жою үшін басқа нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар (күші жойылды деп тану)  енгізу қажет болған жағдайда, негізгі актінің жобасымен бір мезгілде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы актілердің (күші жойылды деп тану туралы) жобалары да әзірленіп, келісуге ұсынылуы тиіс.

50. Министрліктің қолданыстағы актілеріне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу көзделген нормативтік құқықтық актінің жобаларына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тиісті негіздемелерімен, қосымшаға сәйкес бұрынғы және жаңа редакциядағы, әзірлеуші құрылымдық бөлімшенің жетекшісі қол қойған салыстырмалы кесте қоса беріледі.

51. Министрліктің құрылымдық бөлімшелері әзірлеген нормативтік құқықтық актілердің жобалары құрылымдық бөлімше басшысының ілеспе хатымен құзыретін қозғайтын құрылымдық бөлімшелерге  және Заң қызметіне келісуге ЭҚАЖД арқылы ұсынады.

Бұл ретте нормативтік құқықтық актілер жобаларының әр парағына тікелей орындаушы және әзірлеуші құрылымдық бөлімшенің басшысы қол қоюы тиіс.

52. Құрылымдық бөлімшелер әзірлеген нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісу мерзімі 10 (он) жұмыс күнінен аспауы тиіс.

Келісуші құрылымдық бөлімше басшылығының шешімі бойынша нормативтік құқықтық актінің жобасын жұмыс тәртібінде пысықтауға жол беріледі, бұл туралы құрылымдық бөлімшенің бұрын ұсынылған ілеспе хатында белгі қойылады(ТАӘ, алғаны туралы қолы, күні).

53. Құрылымдық бөлімшелер, оның ішінде Заң қызметі ұсынған ескертулер жойылғаннан кейін жобаны әзірлеуші-құрылымдық бөлімшенің тікелей орындаушысы  осы  Регламентке қосымшаға сәйкес нысанда келісу парағын ресімдейді, оған орындаушылардың және келісуші құрылымдық бөлімшелер басшыларының, жетекшілік ететін бірінші вице-министрдің және вице-министрлер мен жауапты хатшының қолдары қойылады.

54. Заң қызметі нормативтік құқықтық актілердің жобаларын барлық мүдделі құрылымдық бөлімшелермен және редакциялау қызметімен, мемлекеттік органдардың интернет-порталында (бұдан әрі – МОИП) келіскеннен кейін жеке кезеңмен келісу арқылы келіседі.

55. Барлық мүдделі құрылымдық бөлімшелермен, оның ішінде Заң қызметімен келіскеннен кейін заң жобалары және нормативтік құқықтық актілердің тұжырымдамалары, түсіндірме жазбалары мен салыстырмалы кестелермен бірге (заңнамалық актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілген жағдайларда) мүдделі мемлекеттік органдарға жібергенге дейін, жауапты әзірлеуші-құрылымдық бөлімше Министрліктің интернет-ресурсына және қоғамдық талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интранет-порталына орналастырады.

Бұл ретте, тауарлар, қызметтер немесе зияткерлік меншік құқықтары саудасын қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобалары, егер Қазақстан Республикасының  заңдары мен ратификацияланған халықаралық шарттарда өзге көзделмесе оларды, жария талқылауға қабылдағанға дейін, Министрліктің интернет-ресурсында кемінде 30 күнтізбелік күн мерзімде орналастырылады.

56. Әзірлеуші-құрылымдық бөлімшелер барлық мүдделі құрылымдық бөлімшелермен, оның ішінде Заң бөлімшесімен келіскеннен кейін, жеке кәсіпкерлерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасын жеке кәсіпкерлерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне сарапшылық қорытынды алу үшін міндетті түрде түсіндірме жазбаны қоса және оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен кейінгі келіскен сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жібереді.

Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық акті жобасы Министрліктің Қоғамдық кеңесіне жіберіледі.

57. Нормативтік құқықтық актілердің барлық парағына «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі  Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабына сәйкес Заң қызметінің басшысы, егер басшы болмаған жағдайда, Заң қызметі басшысының орынбасары әр параққа қол қояды.

Нормативтік құқықтық актінің әрбір парағына қайта қол қойылған жағдайда, Заң қызметіне нормативтік құқықтық актінің ескі және жаңа редакциядағы Әділет министрлігінің ескертулері және/немесе ұсыныстары ескеріле отырып, пысықталған нормативтік құқықтық актіні қайта парафациалау рәсімі қажеттігінің негіздемесімен анықтама ұсынылады. Анықтама құрылымдық бөлімшенің басшысы, сондай-ақ тиісті құрылымдық бөлімшенің басшыларына пікірлер және/немесе ұсыныстар олардың құзіретіне әсер еткен жағдайда қол қояды. Салыстырмалы кесте Министрліктегі құрылымдық бөлімшенің жауапты басшысы параққа парафирлейді және қол қояды.

58. Заң қызметі басшысының қолы қойылғаннан кейін, жоба тиісті мәселелерге жетекшілік ететін бірінші вице-министрге, вице-министрге және (немесе) жауапты хатшыға келісуге және қол қоюға ұсынылады. Жетекшілік ететін бірінші вице-министрдің, вице-министрдің және (немесе) жауапты хатшының қолы қойылған жоба Министрге келісуге ұсынылады.

59. Жобаны әзірлеуші-құрылымдық бөлімше ішкі келісуден кейін мемлекеттік органдардың МОИП-та Заң қызметі басшысының (не оның міндетін атқарушы тұлғаның) және мемлекеттік орган басшысының мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасын (бұдан әрі – ЭЦҚ) қолдана отырып, куәландырылған электрондық құжаттар нысанындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, оған түсіндірме жазбаны және басқа да қажетті құжаттарды орналастырады және олардың құзыреттігіне байланысты МОИП арқылы тиісті мемлекеттік органдарға келісуге жібереді, ал ұйымдарға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысымен бекітілген Электрондық құжат айналымы ережесінде белгіленген тәртіппен расталған электрондық құжаттың қағаз көшірмесі келісуге жіберіледі.

Бұл ретте МОИП-та келісу кезеңдеріне нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеуші  департаменттің директоры (департамент директоры болмаған жағдайда –департамент директорының міндеттерін атқарушы тұлға), директордың орынбасары, басқарма басшысы,  орындаушысы,  сондай-ақ келісуші құрылымдық бөлімшелер қосылады.

60. Әзірлеуші-құрылымдық бөлімше нормативтік құқықтық актілердің жобаларын мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберумен бір мезгілде Министрліктің интернет-ресурсында кадрлық және ұйымдастырушылық мәселелерді қамтитын, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды және (немесе) «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын қаулы жобаларын қоспағанда, жобаны, түсіндірме жазбаны және Үкімет Регламентінің 50-тармағының талаптарын ескере отырып, оған басқа қажетті, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау, өзгерту және тоқтату мәселелері бойынша құжаттарды мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырады. Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы рұқсат (нөмірі және уақыты) және ақпарат (әрқайсысындағы байттар санын көрсете отырып, шығарылған файлдардың атауы) қаулы жобасына түсіндірме жазбада көрсетіледі.

Әзірлеуші-құрылымдық бөлімше әлеуметтік мәні бар қаулы жобасын мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жібере отырып, бір мезгілде Министрліктің интернет-ресурсында жобаға баспасөз релизін орналастырады.

Әзірлеуші-құрылымдық бөлімше Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары келіп түскен күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде оларды Министрліктің интернет-ресурсында орналастырады. Сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда әзірлеуші бір мезгілде:

Министрліктің интернет-ресурсында қабылдамау себептерінің дәлелденген негіздемесін орналастырады;

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне келіспеу себептерінің негіздемесі бар жауап жолдайды. Негіздемесі бар мұндай жауаптар нормативтік құқықтық актіні қабылдағанға дейін олардың жобасына міндетті қосымша болып табылады.

61. Құжаттың қағаз көшірмесі келісуге және (немесе) ғылыми сараптама жүргізуге ғылыми ұйымдарға жіберіледі.

62. Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің, заңдардың, кадрлық (мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын тағайындау және қызметтен босату, сондай-ақ жұмыс топтарын, комиссиялар құру бөлігінде) және ұйымдастырушылық сипаттағыларды қаулыларды қоспағанда, қаулылардың (өкімдердің) жобалары барлық мүдделі мемлекеттік органдармен келісілгеннен кейін әділет және қаржы министрліктерімен міндетті түрде келісуге жатады.

Министрлік мемлекеттік басқару және жоспарлау, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік саясат мәселелеріне қатысты қаулылардың жобаларын келіседі.

Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшылығының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі мен оның орынбасарларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының тапсырмалары бар жобаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулылары  мен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өкімдерінің жобалары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің  кеңсесіне ағымдағы 10 желтоқсанға дейін енгізіледі.

Министрлік көрсетілген мерзімге дейін  10(он) жұмыс күні бұрын енгізілген,  Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі өкімдерінің жобаларын ағымдағы жылғы 8 желтоқсанға дейін келісуді қамтамасыз етеді.

63. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау, өзгерту және тоқтату мәселелері бойынша жобалар мүдделі мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша МОИП арқылы олармен келісілгеннен кейін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңды сараптамаға жатады.

64. Келісу жүргізілгеннен кейін әзірлеуші Үкімет Регламентінде белгіленген талаптарға сәйкес жобаны Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне енгізеді.

Әзірлеуші құрылымдық бөлімше заңдардың, ҚР Президенті Жарлықтарының, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының,  Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорытындылары жобаларын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне енгізгеннен кейін 1 күн ішінде Министрдің Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында сөз сөйлеуі үшін жобаларға қысқаша баяндамаларды мемлекеттік және орыс тілдерінде Заң қызметіне жібереді.

65. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық еткен, Үкіметтің Регламентіне сәйкес дайындалған заң жобаларына Қазақстан Республикасы Үкіметі қорытындыларының жобаларын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне енгізген кезде Министрлік Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы заң жобалау қызметінің мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – Ведомствоаралық комиссия) хаттамалық шешімінің көшірмесін, әділет және қаржы министрліктері хаттарының көшірмелерін, сондай-ақ қажет болған жағдайда, мемлекеттік кірістерді ықтимал қысқарту немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайту бөлігінде қаржы-экономикалық есептеулерді қоса береді.

Жоба Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне енгізілген кезде, оған Министрдің міндеттерін атқарушы тұлға бұрыштама қол қойған жағдайда, оған Министрдің міндеттерін атқаруды жүктеу туралы актінің көшірмесі жобаға қоса беріледі.

66. Нормативтік құқықтық актіні Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін жолдау кезінде, әзірлеуші құрылымдық бөлімше Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы №568 қаулысымен бекiтілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларында белгіленген тәртіппен нормативтік құқықтық актіні Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынады.

67. Нормативтік құқықтық актілерді уақтылы және сапалы әзірлеу, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне қабылданған заңнамалық актілерді іске асыру туралы ақпаратты беру мақсатында Министрліктің құрылымдық бөлімшелері (нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеушілер) Заң қызметіне Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ескертулерін міндетті түрде қоса бере отырып, норма шығармашылығы қызметінің орындалу барысы туралы ай сайынғы ақпаратты (есепті кезеңнің 30-күніне дейін) ұсынады.

68. Министр бекіткен кестеге сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін және ескірген құқық нормаларын анықтау, олардың іске асырылу тиімділігін бағалау және оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылды деп тану бойынша уақтылы шаралар қабылдау мақсатында Министрлікте Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығымен бекітілген  Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 486 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларына сәйкес нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізіледі.

69. Министрлікке МОИП бойынша келісуге келіп түскен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17мсәуірдегі №430 қаулысымен бекітілген Электрондық құжат айналымы ережелерінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған жобаларды құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі  жобаның өтуіне жауапты бөлімше айқындайтын  міндеттерді бөлуге сәйкес және олардың құзыретіне қарай  Министрлік басшылығының қарауына жібереді, ол және олардың құзыретіне қарай жобалар жіберілетін Министрліктің мүдделі құрылымдық бөлімшелеріне, оның ішінде барлық жобалар міндетті түрде келісілетін Заң департаментіне жібереді. Министрліктің жобалар жіберілетін құрылымдық бөлімшелері арасында оларды келісу УОКО ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, МОИП арқылы электрондық құжаттар нысанында жүргізіледі.

Министрліктің құрылымдық бөлімшелері, егер Министрліктің басшылығы неғұрлым қысқа мерзімдерді белгілемесе, белгіленген жобаны орындау мерзімінен екі күн бұрын жобаны қарайды және басшысы жобаның тікелей орындаушысын айқындайтын, жобаның өтуіне жауапты құрылымдық бөлімшеге өз қорытындыларын ұсынады, оның ішінде МОИП-та орындаушының түсіндірмелеріне қоса берілетін хатты ресімдеу арқылы электрондық нысанда ұсынады.

Жобаларды қараудың жалпы мерзімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінде және өзге де нормативтік құқықтық актілерде, сондай-ақ жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың тапсырмаларында айқындалады.

70. Жобаны қараудың қорытындысы бойынша жауапты құрылымдық бөлімшенің орындаушысы мүдделі бөлімшелердің пікірлерін жинақтайды және әзірлеуші органға мынадай жауаптар нұсқасының бірін береді:

1) жоба ескертулерсіз келісілуі мүмкін. Бұл ретте МОИП-та келісу кезеңінде жауапты құрылымдық бөлімше – депертаменттің орындаушысы, басқарма басшысы, директорының орынбасары, директоры (департамент директоры болмаған жағдайда – департамент директорының міндетін атқарушы), келісуші құрылымдық бөлімшелер, сондай-ақ Министрліктің басшылығы қосылады.

Жоба электрондық құжат нысанында ЭЦҚ-ны пайдалана отырып МОИП-та келісіледі.

Бұл жағдайда әзірлеуші орган жобаның түпнұсқасын электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түрінде Министрлік басшысының не оны алмастыратын тұлғаның қолын қойғызу үшін ұсынады;

Бұл ретте, Министрлікте жобаның өтуіне жауапты  құрылымдық бөлімше МОИП арқылы  келісілген оның электрондық көшірмесіне жобаның түпнұсқасының  сәйкестігін қамтамасыз етеді.

2) жоба ескертулер жойылған жағдайда келісілуі мүмкін. Бұл ретте    МОИП-та ескертулер орналастырылады, оларда міндетті түрде жоюға ұсыныстар қамтылады және Министрліктің басшылығы ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, қол қояды. Әзірлеуші ескертулермен келіскен жағдайда, жобаларды пысықтау жұмыс тәртібінде жүзеге асырылады, одан кейін әзірлеуші МОИП-та жобаның пысықталған, мемлекеттік орган басшысының ЭЦҚ-мен қол қойылған нұсқасын орналастырады және Министрлікке келісуге қайта жібереді;

3) жобаны келісуден бас тартылуы мүмкін. Бұл ретте, МОИП-та келісуден бас тарту себебімен қоса, бас тарту туралы белгі қойылады және Министрлік басшылығының ЭЦҚ-мен куәландырылады.

«Ескертулері бар» қаулы (өкім) жобаларын келісуге (бұрыштама қоюға) тыйым салынады.

71. Орталық мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Президентінің, Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының, Президент Әкімшілігі басшылығының және Кеңсе Басшысының жедел тапсырмаларын орындау үшін жобаларды келусіге ұсынған жағдайда, егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, Министрлік өз ұсыныстарын оны орындау үшін белгіленген мерзімге дейін кемінде 3 күн бұрын жинақтау бекітілген әзірлеуші органға, ал орындау мерзімі кемінде 5 күннен аз тапсырмалар бойынша - келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде енгізеді

72. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық еткен, Үкіметтің Регламентіне сәйкес дайындалған заң жобаларына Қазақстан Республикасы Үкіметі қорытындыларының жобаларын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне енгізген кезде Министрлік Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы заң жобалау қызметінің мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – Ведомствоаралық комиссия) хаттамалық шешімінің көшірмесін, Әділет және Қаржы министрліктері хаттарының көшірмелерін, сондай-ақ қажет болған жағдайда мемлекеттік кірістерді ықтимал қысқарту немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайту бөлігінде қаржы-экономикалық есептеулерді қоса береді.

73. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау және келісу олардың келіп түскен күнінен бастап мынадай мерзімдерден аспауға тиіс:

1) Үкімет Регламентінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Президент актілерінің жобалары мен заң жобаларына сәйкес қаулылардың жобалары, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің және Парламентінің қарауына енгізу туралы қаулы жобалары – 10 (он) жұмыс күні;

2) осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі өкімдерінің жобалары – 5 (бес) жұмыс күні;

3) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою, сондай-ақ гуманитарлық көмек мәселелері бойынша қаулылар мен өкімдердің         жобалары – 3 (үш) жұмыс күні;

4) ресми сапарларға қатысты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі өкімдерінің жобалары – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

5) Кодекстердің жобалары: бастапқы түскен кезде – 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде, қайта түскен кезде – 10 (он) жұмыс күні ішінде қаралады.

6) қарыз туралы халықаралық шарттарды ратификациялау және олардың күшін жою туралы заң жобаларын Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізу туралы қаулылардың жобалары – 5 (бес) жұмыс күні.

74. Министрлік «Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы құқығын қамтамасыз ету және Республика Президентінің кейбір актілерін Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 21 қыркүйектегі №413 Жарлығына сәйкес әзірленген заң жобасын келіскен және пысықтаған жағдайда осы Жарлықта көзделген мерзімдер қолданылады.

75. Министрліктің қарауына келіп түскен заңдардың жобалары бойынша стратегиялық жоспарлау және талдау, макроэкономикалық талдау және болжамдау, әлеуметтік және көші-қон саясаты, экономика салаларын дамыту, халықаралық экономикалық интеграция, мемлекеттік басқару жүйесін дамыту, өңірлік дамытуға және кәсіпкерлікті дамытуға жауапты құрылымдық бөлімшелер міндетті түрде келісетін құрылымдық бөлімшелер болып табылады.

76. Заң жобалары бойынша қорытындыларды дайындау кезінде құрылымдық бөлімшелер (орындаушы және бірлесіп орындаушылар) ғылыми экономикалық сараптаманың ұсынымдарын есепке алады.

7. Министрліктің заң шығару қызметі

77. Министрліктің заң шығару қызметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының жоспарына (бұдан әрі – Жоспар) сәйкес жүзеге асырылады.

78. Жоспардың жобасына енгізу үшін Әділет министрлігіне жыл сайын         1 шілдеге дейін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияға (бұдан әрі – Ведомствоаралық комиссия) заң жобасының тұжырымдамасы түрінде ұсыныс жолданады.

Құрылымдық бөлімшелер жыл сайын ағымдағы жылғы 1 мамырға дейінгі мерзімде Заң жобаларының тұжырымдамаларын міндетті түрде қоса бере отырып, Жоспардың жобасына енгізу үшін Заң департаментіне ұсыныстар береді.

79.Жоспарға қандайда бір заң жобасын қосу үшін міндетті шарт ғылыми сараптама қорытындысы бар Ведомствоаралық комиссияның Заң жобасының тұжырымдамасы жөніндегі оң қорытындысы болып табылады.

80. Жоспарды қалыптастыру Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары мен жыл сайынғы жолдауы, Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары мен жыл сайынғы жолдаулары, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік бағдарламалар мен бағдарламалар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарлары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің шешімдері, нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі нәтижелері, сондай-ақ қабылдануы Бюджет кодексінде көзделген заңдар ескеріле отырып жүзеге асырылады.

81. Жоспарда көзделген заң жобаларын ұсыну мерзімдерін ауыстыру туралы, сондай-ақ заң жобаларын Жоспардан алып тастау немесе оған қосымша заң жобаларын енгізу туралы мәселелер Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулыларын қабылдау жолымен шешіледі. Мұндай қаулылардың жобалары Ведомствоаралық комиссияның отырысында алдын ала қаралады. Ведомствоаралық комиссияның оң қорытындысы болған кезде әзірлеуші тиісті жобаны Үкімет Регламентінде және осы Регламентте белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне енгізеді, бұл ретте жобаға түсіндірме жазбада міндетті түрде осы мәселе бойынша Ведомствоаралық комиссияның негіздемесі мен шешімі көрсетіледі.

Мыналар:

Қазақстан Республикасы Президентінің не Президенті Әкімшілігінің тапсырмалары;

Қазақстан Республикасы Үкіметі басшылығының тапсырмалары қабылданған Жоспарға заң жобаларын енгізу негіздері болып табылады.

Мыналар:

Қазақстан Республикасы Президентінің не Президенті Әкімшілігінің тапсырмалары;

Қазақстан Республикасы Үкіметі басшылығының тапсырмалары;

алып тастауға ұсынылатын заң жобасы бойынша Республикалық бюджет комиссиясының теріс қорытындысы;

бір реттеу нысанасы бойынша бірнеше заң жобаларын біріктіру қабылданған Жоспардан заң жобаларын алып тастау негіздері болып табылады.

82.Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын, тұжырымдамаларды, одан әрі заңнамалық қамтамасыз етуді көздейтін Қазақстан Республикасы Үкіметінің      іс-шараларын әзірлеу кезінде әзірлеуші құрылымдық бөлімше осы құжаттардың жобаларымен бір уақытта Ведомствоаралық комиссияда қарау үшін тиісті заң жобаларының тұжырымдамаларын ұсынады.

83. Жоспармен көзделмеген заң жобасын әзірлеу туралы ұсынысты мемлекеттік органдарға, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесіне, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне енгізу Заң қызметі және Жауапты хатшымен келісіледі.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің немесе  Премьер-Министр Кеңсесінің атына Қазақстан Республикасы Үкіметі Заң жобалау жұмыстарының жоспарында көзделмеген заң жобасын әзірлеу туралы ұсыныспен жүгінген жағдайда, Министрлік қабылдануы Бюджет кодексінде көзделген заң жобаларын қоспағанда, әзірлеуші құрылымдық бөлімше  алдын ала тиісті заң жобасының тұжырымдамасын әзірлейді және «Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 тамыздағы № 840 қаулысына сәйкес Заң жобалау қызметінің мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияда қарау үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне ұсынады.

84. Заң жобаларын дайындау, ресімдеу және келісу тәртібі «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жүзеге асырылады.

85. Әзірлеуші құрылымдық бөлімшелер апта сайын бейсенбі күні Заң департаментіне өздері әзірлейтін заң жобалары немесе заң жобаларының тұжырымдамалары туралы ақпаратты ұсынады.

8. Министрліктің нормативтік құқықтық актілері

мен қызметтік құжаттарын дайындау,

жариялау және мемлекеттік тіркеу тәртібі

86. Министрлік оларға қатысты уәкілетті орган болып табылатын нормативтік құқықтық актілерді және қызметтік құжаттарды әзірлеу, ішкі келісу, жобаларды ресімдеу, жариялау және мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі заңдарына, «Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына, Үкімет Регламентіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Кейбір нұсқаулықтарды бекіту туралы» 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 және «Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының, ведомстволар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларын, Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулыларын, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, сондай-ақ әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау жүзеге асырылатын интернет-ресурсты айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 21 қазандағы № 1124, «Нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен ресми жариялауды баспа басылымдарының жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 30 маусымдағы № 387, «Нормативтік құқықтық актілерді ресiмдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 , «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 569 қаулыларына сәйкес жүзеге асырылады.

87. Заң жобасын әзірлеуші құрылымдық бөлімше заңнамалық актіге қол қойылған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Министрліктің интернет-ресурсында мемлекеттік және орыс тілдерінде, ал қажет болған жағдайда өзге де тілдерде баспасөз релизін орналастырады. Баспасөз релизі заңның нақты мақсаттары, әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдары, сондай-ақ болжанатын тиімділігі туралы ақпаратты қамтуы тиіс.

Әзірлеуші көрсетілген мерзімдерде осы баспасөз релизінің көшірмесін құқықтық ақпараттың автоматтандырылған жүйесінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдайды.

88. Қаулы жобасын әзірлеуші құрылымдық бөлімше кадрлық және ұйымдастыру сипатын қоспағанда, тарату барысында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесі жiберген, Үкiмет қаулыларының куәландырылған көшiрмелерiн алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнi iшiнде Министрліктің интернет-ресурсында мемлекеттiк құпияларды және (немесе) қызметтiк ақпаратты қамтитын Үкiмет қаулыларын қоспағанда, өзі әзірлеуші болып табылған Үкiмет қаулысының нақты мақсаттары, әлеуметтiк-экономикалық және/немесе құқықтық салдары, сондай-ақ болжанатын тиiмдiлiгi туралы ақпаратты қамтитын баспасөз релизін мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде, ал қажет болған жағдайда өзге де тiлдерде орналастырады.

Бұл ретте әзiрлеушi құрылымдық бөлімше көрсетiлген мерзiмдерде осы баспасөз релизінің көшiрмесiн құқықтық ақпараттың автоматтандырылған жүйесiнде орналастыру үшiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне жолдайды.

89. Нормативтік құқықтық актілерді Министрліктің интернет-ресурсында уақтылы орналастыруды және Қоғаммен байланыс департаментіне ақпаратты уақтылы ұсынуды құрылымдық бөлімшелердің басшылары қамтамасыз етеді.

90. Құрылымдық бөлімшелердің нормативтік құқықтық актілерді интернет-ресурсқа уақтылы орналастыруының ай сайынғы мониторингін Қоғаммен байланыс департаменті жүзеге асырады.

91. Нормативтік құқықтық актілерді дайындау, жариялау тәртібін түсіндіру, заңнамадағы өзгерістерді зерделеу мақсатында Заң департаменті тоқсан сайын Министрлікте құқықтық жаппай оқыту жүргізуді ұйымдастырады.

Құрылымдық бөлімшелердің басшылары құқықтық жаппай оқытуды жүргізуге құрылымдық бөлімшенің штат санынан кем дегенде жиырма бес пайыз мөлшерінде құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерінің қатысуын қамтамасыз етеді.

9. Нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүргізу

кезіндегі өзара іс-қимыл тәртібі

92.аМинистрлік өзі қабылдаған және (немесе) өзі әзірлеуші болып табылатын нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Министрліктің құзыретіне жататын актілерге қатысты құқықтық мониторинг жүргізуі «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына және «Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 486 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

93.аНормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін Министрліктің барлық құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ оның аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдары Министрдің (оның міндеттерін атқарушының) бұйрығымен бекітілген құқықтық мониторинг жүргізу кестесіне сәйкес жүргізеді.

Нәтижелері ай сайын Заң департаментіне жіберіледі.
Заң департаменті алынған мәліметтерді қорытып, талдайды және Министрге, сондай-ақ Министрліктің жауапты хатшысына есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне қарай тұжырымдары және ұсынымдары бар жиынтық ақпарат дайындайды.
Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі қорытындылары Әділет министрлігінің корпоративтік порталында «Құқықтық мониторинг» кіші жүйесінде орналастырылады. Құқықтық мониторинг бойынша жұмысты үйлестіретін бөлімше көрсетілген кіші жүйенің уақтылы толтырылуына тұрақты негізде бақылау жүргізеді.

10. Орындалуын бақылау

94. Тапсырмалардың уақтылы және сапалы орындалуына бақылауды ұйымдастыру «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы заңдарына, «Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі №976 Жарлығына Үкіметтің Регламентіне, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырылады.

95. Бақылауға мынадай, оның ішінде құпия құжаттар алынады (бұдан әрі - бақылаудағы құжаттар):

1) Министрлікке тапсырмалар берілетін Қазақстан Республикасы Президентінің актілері не актілерінің тармақтары;

2) Министрлікке тапсырмалар бар халықаралық іс-шаралар мен өңірлік сапарлардың қорытындылары бойынша берілген Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары не тапсырмаларының тармақтары;

3) Министрлікке тапсырмалар берілетін Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін кеңестердің, мәжілістердің және қоғамдық маңызы бар іс-шаралардың хаттамаларында қамтылатын тапсырмалар не тапсырмалардың тармақтары;

4) Министрлікке жолданған Қазақстан Республикасы Президентінің жеке тапсырмалары;

5) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының, Президент Әкімшілігі басшылығының, Қазақстан Республикасы, Кеңсе Басшысының Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің  ОМО атына орындау мерзімі көрсетілген  немесе бақылауға алу туралы  нұсқаулар, "шұғыл", "баяндау", "ұсыныстар енгізу"деген белгілері бар  тапсырмалар (оның ішінде кеңестердің хаттамаларында және іс-шаралар жоспарларында қамтылған), сондай-ақ мазмұнынан бақылауға қою қажеттігі туындайтын тапсырмалар;

6) Министрлікке тапсырмалар бар Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдері, Қазақстан Республикасы Үкіметі мәжілістерінің, Қазақстан Республикасының             Премьер-Министрінде, оның орынбасарларында, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысында өткен кеңестердің хаттамалары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының, оның ішінде халықаралық, сондай-ақ өңірлік сапарлардың қорытындылары бойынша тапсырмалар;

7) «өте шұғыл», «шұғыл», «жеделдетілсін» деген белгілері бар, орындалу мерзімі көрсетілген немесе бақылауға алу туралы нұсқаулар бар Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшылығының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының (оның міндетін атқарушы адамның) Министрлік атына беретін тапсырмалары;

8) Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының сауалдары, депутаттар бастамашылық еткен заң жобаларына Үкімет қорытындысын беру өтініші бар Парламент палаталарының жүгінулері;

9) мазмұнынан жауап беру, түсіндіру, қандай да бір мәселелер бойынша ұсыныстар енгізу қажеттігі туындайтын мемлекеттік органдардың хаттары;

10) жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен сұрау салулары;

11) жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша өтініштері;

12) Министрлікке келісуге келіп түсетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары, оның ішінде МОИП арқылы келіп түсетін жобалар;

13) бұйрықтар, хаттамалар, алқа шешімдері, Министрлік басшылығының тапсырмалары;

14) прокурорлық қадағалау актілері;

15) Конституциялық кеңестің сұраулары, нормативтік қаулылары мен жолдаулары;

16) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің сұраулары, қаулылары.

96. Министрлікке Қазақстан Республикасы Президентінің актілері орындауға келіп түскен кезде, қажет болған жағдайда, үш күн мерзімде Министрдің шешімімен оларды іске асыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының жоспары жасалады және бекітіледі.

Бұл ретте орындаушы осы тапсырмаға қатысты барлық құжаттар қамтылған арнайы жинақтау папкасын жасайды.

97. Құжаттарды бақылауға қою құжаттың қағаз нұсқасына «Ерекше бақылау» және «Бақылауға алынды» мөртаңбаларын қою және құжаттың ЭҚАБЖ-дағы тіркеу-бақылау карточкасына да осындай белгі қою жолымен заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы           Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының (оның міндетін атқарушы тұлғаның) актілері мен тапсырмаларында белгіленген тапсырмаларды орындау мерзімдері Министрлікке түскен күннен бастап жұмыс күндерімен есептеледі.

Егер орындау мерзімі жұмыс күніне түспесе, одан кейінгі таяудағы жұмыс күні мерзімнің аяқталатын күні болып есептеледі.

Айлармен есептелетін мерзімдер айдың соңғы жұмыс күнінің тиісті күнінде аяқталады.

Егер өзге мерзімдер көрсетілмесе, тоқсанның қорытындылары бойынша ақпарат тиісінше 20 сәуірге, 20 шілдеге, 20 қазанға және 20 қаңтарға қарай ұсынылады.

Егер өзге мерзімдер көрсетілмесе, жартыжылдықтың қорытындылары бойынша ақпарат тиісінше 20 шілдеге және 20 қаңтарға қарай ұсынылады.

Егер өзге мерзімдер көрсетілмесе, жылдың қорытындылары бойынша ақпарат тиісінше 20 қаңтарға қарай ұсынылады.

Министрлік Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің немесе оның орынбасарларының және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының актілері мен тапсырмаларын бірлесіп орындаушы мемлекеттік орган ретінде:

1) «өте шұғыл» деген белгісі бар шұғыл бақылауға – тапсырма түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде, «шұғыл», «жеделдетілсін» деген белгілері барлары – егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей;

2) қысқа мерзімді бақылауға – егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, белгіленген орындалу мерзіміне дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, орындау мерзімі 15 (он бес) жұмыс күніне дейін;

қысқа мерзімді бақылауға – егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, белгіленген орындалу мерзіміне дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей, орындау мерзімі 15 (он бес) жұмыс күнінен астам;

3) орта мерзімді бақылауға – егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, белгіленген орындалу мерзіміне дейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей;

4) егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, белгіленген орындалу мерзіміне дейін 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірмей ұзақ мерзімді бақылауға қойылған актілер мен тапсырмаларды орындау кезінде жинақтауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға БЭҚАЖ арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжаттар форматында өз ұсыныстарын енгізеді.

Тапсырмаларды бірнеше мемлекеттік орган орындаған кезде атауының жанында «(жинақтау)» деген белгі қойылған орган жауапты болып табылады. Жауапты орган бірлесіп орындаушылармен келіскеннен кейін орындалу мерзімін ауыстыру туралы ұсынысты енгізуге құқылы.

Тапсырмада жауапты орындаушы айқындалмаған жағдайда, яғни «(жинақтау)» деген белгі болмаса, тапсырмада аталған барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдар өз жауаптарын тапсырма берушіге жібереді.

Қажет болған жағдайда, тапсырмаларды орындау кезінде жинақтауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган бірлесіп орындаушылармен кеңес өткізеді.

98. Министрліктің бақылау жүйесін мыналар құрайды:

Министр - Министрліктің қызметіне жалпы басшылықты және бақылауды, оның ішінде бақылаудағы құжаттардың уақтылы және сапалы орындалуын жүзеге асырады;

бірінші вице-министр, вице-министрлер жұмыстың жетекшілік ететін бағыттары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, басқа да жоғары тұрған органдардың актілері мен тапсырмаларының сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.

Министрліктің жауапты хатшысы – Министрлік басшылығының тапсырмаларын орындау бойынша аппарат жұмысын ұйымдастыруға жауап атқарушылық тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады, бақылаудағы құжаттарды уақтылы орындау мақсатында Министрлік бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, аппарат жұмысының ұйымдастырылуына, қызметкерлердің еңбек және атқарушылық тәртібі үшін Министрдің және Қазақстан Республикасы Президентінің алдында дербес жауапты болады;

Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары – өздері басқаратын бөлімшелерде құжаттардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады, бақылаудағы құжаттарды орындау мерзімдерінің бұзылуына немесе бақылаудағы құжаттардың сапасыз орындалуына жол берген өз қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді, оларға сеніп тапсырылған құрылымдық бөлімшелердің жұмысы үшін Министрліктің басшылығы алдында дербес жауапты болады;

Министрліктің құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінің басшысы – құжаттардың, оның ішінде МОИП арқылы келіп түсетін  нормативтік құқықтық актілердің жобаларын уақтылы тіркелуін және бақылауға алынуын қамтамасыз етеді. Министрлік басшылығының қарарын ескере отырып, олардың орындалу мерзімдерін белгілейді, Министрліктегі орындаушылық тәртіптің жай-күйін мониторингілеуді жүзеге асырады, бақылаудағы құжаттардың тізбелерін және оларды орындау мерзімдерінің келгендігі туралы ескертулерді (апта сайын) тарату жолымен келіп түскен бақылаудағы тапсырмалар мен оларды орындау мерзімдері туралы Министрліктің басшылығын хабардар етеді, іс жүргізуге және ішкі бақылауға  жауапты Министрліктің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің жұмысын үйлестіреді; өз функцияларын тиімсіз жүзеге асыратын Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын, сондай-ақ бақылаудағы тапсырмалардың мерзімдерінің бұзылуына жол берген немесе сапасыз орындаған Министрліктің қызметкерлерін жауапкершілікке тарту туралы Министрліктің басшылығына өз құзыреті шегінде ұсыныстар енгізеді.

Министрліктің құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі – бақылаудағы құжаттардың, оның ішінде МОИП арқылы түсетін нормативтік құқықтық актілердің жобаларының орындалу мерзімдері мен өтуіне, Министрліктегі орындаушылық тәртіптің жай-күйіне, құжаттарды тіркеуді, бақылауға қоюды, орындалған құжаттарды бақылаудан алып тастауды, бақылаудағы тапсырмалардың тізбелерін дайындайды. Министрліктің басшылығына және құрылымдық бөлімшелеріне олардың орындалу мерзімдері туралы ескертулер жолдауды бақылауды  жүзеге асырады, құжаттарды бақылауға қою және оларды бақылаудан алудың дұрыстығына, бақылаудағы құжаттарға мерзімдер қою және мерзімдерін ауыстыруға жауапты болады.

99.пБақылаудағы құжаттардың уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Министрліктің іс жүргізу нұсқаулығында бақылаудағы құжаттардың мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінде өту мерзімдері мен тәртібі, сондай-ақ бақылаудағы құжаттардың  орындалуы үшін, міндеттерді бөлуге сәйкес Министрліктің басшылығына қол қоюға немесе бұрыштама қол қоюға дайындалған құжаттарды беру тәртібі көрсетіледі.

Министрлікке Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің бақылаудағы тапсырмалары, оның ішінде МОИП арқылы келісуге түскен нормативтік құқықтың актілері туралы еске салу МОИП-ке электрондық құжат нысанында еске салуларды қалыптастыру және орналастырудың көмегімен орындалады.

100. Құрылымдық бөлімшелер:

1) ұзақ мерзімді, орта мерзімді бақылаудағы құжаттарды, сондай-ақ орындау мерзімі бір айға дейінгі қысқа мерзімді бақылаудағы құжаттарды орындау үшін орындау мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 6 (алты) күннен кешіктірілмей, жауапты хатшыға және жетекшілік ететін вице-министрге, ал Министрге – орындау мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 5 (бес) күннен кешіктірілмей бұрыштама қол қоюға беріледі;

2) орындау мерзімі күнтізбелік 15 (он бес) күнге дейінгі қысқа мерзімді бақылаудағы құжаттарды орындау үшін орындау мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 4 (төрт) күннен кешіктірілмей жауапты хатшыға және жетекшілік ететін вице-министрге, ал Министрге – орындау мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 3 (үш) күннен кешіктірілмей бұрыштама қол қоюға беріледі;

3) шұғыл бақылаудағы құжаттарды, сондай-ақ орындау мерзімі күнтізбелік 10 (он) күнге дейінгі қысқа мерзімді бақылаудағы құжаттарды орындау үшін дайындаған құжаттардың жобалары орындау мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 2 (екі) күннен кешіктірілмей жауапты хатшыға және жетекшілік ететін вице-министрге, ал Министрге – орындау мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 1 (бір) күннен кешіктірілмей бұрыштама қол қоюға беріледі;

101. Министрліктегі хат-хабарлардың өтуіне байланысты рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында оның ресми интернет-ресурсында  ақпарат орналастырылады:

Министрліктегі құжаттардың орындалу және өту мерзімдерін бақылауға жауапты құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі қызметкерлерінің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, тікелей телефоны;

Құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі басшысының тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, тікелей телефоны;

қолданылатын сенім телефонының нөмірі;

Министрлік басшылығының азаматтарды қабылдау кестесі;

заңнамаға сәйкес өзге де ақпарат орналастырылады.

11. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау,

Министрлікте азаматтарды қабылдауды

 ұйымдастыру

102. Министрлікте азаматтардың өтініштерін, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдарын, сұрауларын қарау және азаматтарды қабылдау Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» 1997 жылғы 11 шiлдедегі, «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы,  «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығына және «Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қыркүйектегі №974 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

103. Министрдің, бірінші вице-министрдің, вице-министрлердің, жауапты хатшының, оның ішінде жеке және заңды тұлғаларды бейнеконференц байланыс немесе бейнеөтініш арқылы қабылдауын Министр бекітетін Министрлікте азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі ұйымдастырады.

Әдеп жөніндегі уәкілді өз функцияларына қатысты мәселелер бойынша, жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды  немесе жалпыға бірдей көру үшін қолжетімді орындарда орналастырылған кестеге сәйкес  кемінде айына бір рет олар жүгінген жағдайда қабылдайды.

104. Құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі өтініштер мен шағымдардың барлық түрлерін, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша уақтылы, толық, дұрыс тіркелуін, жеке (заңды) тұлғаның өтініші туралы есепке алу мәліметтерін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетіне және тоқсан сайын 3 күніне дейінгі мерзімде Ішкі аудит департаментіне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыдан келіп түскен шағымдар саны туралы ақпаратты береді.

105. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы      15 сәуірдегі, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 147 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 12893 болып тіркелді) бекітілген Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу ережесінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Министр                                                                                     Т. Сүлейменов