You are here

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы

Вагапов <br> Данияр Валерьевич
Вагапов
Данияр Валерьевич

1977 жылы 6 маусымда туған.

Білімі:

Қазақ мемлекеттік заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген, «заңгер» біліктілігі берілген.

Еңбек жолы:

1999 жылы – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Заң қызметі департаментінің жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы, Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігі Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің консультанты, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімі Азаматтық және шаруашылық заңнама секторының меңгерушісі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Заң қызметі департаментінің директоры.

2006-2007 жылдары коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеді.

2007-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі өкілдігі басшысының орынбасары.

2008 жылдан – 2013 жылғы қыркүйекте – «Нұр Отан» ХДП Заң басқармасының басшысы, «Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты басшысының орынбасары - Заң қызметінің басшысы.

2013 жылғы қыркүйекте – Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Сауда комитетінің төрағасы.

2014 жылғы тамыздан бастап – қазіргі уақытта – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.