You are here

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Сүлейменов Тимур Мұратұлы
Сүлейменов Тимур Мұратұлы

1978 жылдың 5 сәуірінде Павлодар қаласында туған.

Білімі:

2000 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «әлеуметтік саладағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.

2002 жылы Мериленд университетін (АҚШ) «қаржы және маркетинг» мамандығы бойынша бітірген, бизнес магистрі.

2006 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы:

1999-2000 жж. – экономист-менеджер, №3 отбасылық дәрігерлік амбулаториясы, Павлодар қаласы.

2002-2006 жж. – аға консультант, «Эрнст энд Янг Казахстан» аудиторлық компаниясы, Алматы қаласы.

2006-2009 жж. – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Салық есебі және салықтық жоспарлау департаментінің директоры, Астана қаласы.

2009-2010 жж. – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, Астана қаласы.

2010-2012 жж. – Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі, Астана қаласы.

2012-2016 жж. – Экономика және қаржылық саясат Алқа (Министр) мүшесі, Еуразиялық экономикалық комиссия, Мәскеу (РФ)

2016 жылғы желтоқсаннан - бүгінге дейін – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, Астана қаласы.

«Ерен еңбегі үшін», «І дәрежелі Еуразиялық экономикалық одағын құруға қосқан үлесі үшін» медальдарымен, Қазақстан Республикасының экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің, Кедендік одақты құруға қосқан үлесі үшін Кедендік одақ Комиссиясы төрағасының, ҚР мұнайгаз саласының дамуына қосқан үлесі үшін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ президентінің грамоталарымен марапатталған.