You are here

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

Серік Мақашұлы Жұманғарин
Серік Мақашұлы Жұманғарин

Серік Мақашұлы Жұманғарин 1969 жылы туған, білімі жоғары.
1993 жылы Ленин орденді және Қазан Төңкерісі орденді Мәскеу энергетика институтын «жылу физикасы» мамандығы бойынша, 1997 жылы Е. А. Букетов атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «қаржы және кредит» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1993 жылы «Тынай» ШЖК-ның коммерциялық директоры қызметінен бастады.
1994 – 1995 жылдары «Медкорп» ШЖК-ның директоры болып жұмыс істеді.
1995 – 1998 жылдары «АСБ» ШЖК-ның бас бухгалтері, директоры болды.
1998 – 2000 жылдары «Атырау МӨЗ» АҚ өкілдігінің директоры қызметін атқарды.
2000 – 2003 жылдары «Компания Global» ЖШС-ның коммерциялық директоры.
2003 – 2004 жылдары – «Батыс Ойл Газ» Корпорациясы» ЖШС-ның бас директоры.
2005 – 2006 жылдары – Ақтөбе қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бастығының орынбасары.
2006 жылғы сәуірде бастап желтоқсанға дейін – Ақтөбе қаласының Кәсіпкерлік бөлімінің бастығы.
2006 – 2007 жылдары – ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары.
2007 – 2008 жылдары – ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасы бастығы.
2008 жылғы наурыздан маусымға дейін – ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің директоры.
2008 жылғы маусымнан 2010 жылғы сәуірге дейін – ҚР Индустрия және сауда министрлігі Сауда комитетінің төрағасының орынбасары, Сауданы дамыту департаменті директоры.
2010 жылғы сәуірден маусымға дейін – «Қазақстандық Келісім-шарт агенттігі» АҚ-ның Басқарма төрағасының орынбасары.
2010 жылғы шілдеден 2011 жылғы қарашаға дейін – «NadLoc» жергiлiктi қамтуды дамыту жөнiндегi ұлттық агенттiгі»  АҚ-ның Басқарма төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары.
2012 жылғы наурыздан 2012 жылғы шілдеге дейін – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаментінің директоры.
2012 жылғы шілдеден 2013 жылғы қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Өңірлік даму комитетінің төрағасы.
2013 жылғы қаңтардан 2014 жылғы тамызға дейін Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің вице-министрі, орынбасары лауазымдарын атқарды.
2014 жылғы тамыздан 2017 жылғы қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитеттің төрағасы лауазымын атқарды. 
2017 жылғы 19 қаңтарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен ҚР Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды.