• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

01.03.2019 г.
2019 жылғы қаңтар-ақпанда Қазақстан Республикасында инфляция 0,8%-ды құрады

2019 жылғы қаңтар-ақпанда Қазақстан Республикасында инфляция 0,8%-ды құрады

Баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы екі айда (2019ж. ақпан 2018ж. желтоқсанға) – 2,8%, азық-түлік емес тауарларына 0,6%-ға жоғарылады, ал ақылы қызметтерге 1,5%-ға төмендеді.

пайызбен, өсуі+, төмендеуі-

 

2019ж. ақпан

2019ж. қаңтар-ақпан 2018ж. қаңтар-ақпанға

2019ж.

қаңтарға

2018ж.

желтоқсанға

2018ж.

ақпанға

2015ж.

желтоқсанға

Тауарлар мен қызметтер

0,3

0,8

4,8

23,3

5,0

Азық-түлік тауарлары

1,5

2,8

6,6

26,3

6,2

Азық-түлік емес тауарлар

0,3

0,6

6,2

27,7

6,3

Ақылы қызметтер

-1,3

-1,5

1,3

15,6

2,3

Ағымдағы жылдың басынан (2019ж. ақпан 2018ж. желтоқсанға) бағаның өсуі жаңа жиналған көкіністерге – 28,1%, ұнға – 4,1%, күрішке – 3,1%-ға, мұздатылған балыққа, жаңа жиналған жемістерге – 2,6%-дан, мәйекті ірімшікке – 2,3%-ға, жұмыртқаға, нанға, құс етіне – 2%-дан, макарон өнімдеріне – 1,7%-ға, сары майға, шұжық өнімдеріне – 1,6%, жылқы етіне, ет өнімдеріне, жаңа сауылған сүтке – 1,5%, қой етіне, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдеріне – 1,4%-дан, шошқа етіне – 1,1%, кондитерлік өнімдерге 0,9%-ға белгіленді. Темекі өнімдері – 4,4%, салқындатылған сусындар – 2,2%, алкогольді ішімдіктер 2%-ға қымбаттады. Бағаның төмендеуі құмшекерге – 2,7%, қарақұмық жармасына – 1,3%, сүзбеге 0,8%-ға тіркелді.

Баға өсімі фармацевтикалық өнімдерге – 1,9%, тоқыма бұйымдарына – 1,4%-ды, жеке қолданатын тауарларға, автомобильдерге – 1,3%, жиһаз және үйге қажетті заттарға, жуғыш және тазалағыш құралдарға, киім және аяқ киімге – 1,1%-дан, тұрмыстық аспаптарға 1%-ды құрады. Бензин – 2,6%, тас көмір – 1,8%, дизель отыны 0,8%-ға арзандады.

Баға деңгейі құқықтық, жеке көлiк құралдарын сақтандыру қызметтеріне – 5%-дан, денсаулық сақтау қызметтеріне – 1,8%, қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 1,1%, кабельдік телевизия қызметтеріне – 1%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне 0,8%-ға өсті. Жолаушылардың темір жол көлігімен жол жүру ақысы – 5,4%, әуе көлігімен 5,3%-ға арзандады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер орталықтан жылытуға – 11%, суық суға – 7,5%, кәрізге – 6,9%, ыстық суға – 6,6%, электр энергиясына – 4,7%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 4,1%, қоқыс шығаруға 3,4%-ға төмендеді.

 

Тұтыну тауарлары мен қызметтеріне бағаның өзгеруі

өткен айға пайызбен, өсуі

2019 жылғы қаңтар-ақпанда Қазақстан Республикасында инфляция 0,8%-ды құрады

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығына 510 позиция кіреді. Бағаны тіркеу меншіктің түрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктеме жүйесі бойынша барлық облыс орталықтарында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгіленген шеңбері бойынша жүргізіледі. Біріктіру үшін пайдаланылатын салмақ жүйесі олардың шығыстары бөлігінде өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі.

2019 жылғы қаңтардан бастап ТБИ–ді есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 38,8%, азық–түлік емес тауарлар – 29,8%, ақылы қызметтер 31,4%–ды құрады.

www.stat.gov.kz / Ресми статистикалық ақпарат > Жедел деректер (жедел ақпарат, бюллетендер) > Бағалар мен тарифтер


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?