• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

19.03.2019 г.
Изменение цен экспортных поставок и импортных поступлений в январе 2019 года

2019 жылғы қаңтарда экспорттық жеткізілімдер мен импорттық түсімдер бағасының өзгеруі

2019 жылғы қаңтарда экспортталатын тауарларға баға 1,4% төмендеді, импортталатындарға 1,6%-ға жоғарылады.

Сыртқы сауда бағасының өзгеруі

пайызбен, өсуі+, төмендеуі-

 

2018 жылғы қаңтар

2018 жылғы желтоқсанға

2018 жылғы қаңтарға

2015 жылғы желтоқсанға

Экспорт – барлығы

-1,4

    11,9

    48,8

Шикізат

-2,2

    13,5

    55,9

Жартылай дайын өнімдер

    0,3

    8,3

    40,1

Дайын өнімдер

    1,4

    12,0

    28,1

Импорт – барлығы

    1,6

    8,6

    36,2

Шикізат

    2,9

    14,3

    41,5

Жартылай дайын өнімдер

    2,3

    10,4

    41,0

Дайын өнімдер

    1,2

    7,8

    34,6

Өткен айда экспорттық жеткізілімдер бағасы мұнайға – 3,9%, қара метал илегіне – 2%, хром кендеріне – 1,7%, мырышқа 0,8%-ға төмендеді, көмірге – 11,8%, мыс кендеріне – 3,6%, қорғасынға – 3,2%, қара металдардан жасалған бұйымдарға – 2,9%, ферроқорытпаларға – 2,1%, алюминийге – 2%, марганец кендеріне – 1,9%, порландцементке 1,6%-ға жоғарылады. Бағаның мақтаға – 3,4%, бидай және арпаға – 1,9%-дан, жүнге 0,4%-ға жоғарылауы тіркелді.

Импортталатын өнімдерден көкөністер – 20,6%, темекі – 5,6%, шұжық өнімдері – 4,8%, кофе – 4,2%, балық – 3,2%, құс еті – 2,5%, шай – 2,4%, маргарин 2%-ға қымбаттады, өсімдік майы 0,6%-ға арзандады. Баға құрылыс материалдарға – 1,3%, пластмассаға 1,1%-ға жоғарылады, аяқкиімге – 1,3%, былғарыға – 1,1%, қағазға 0,6%-ға арзандады.

Баға индекстерін есептеу үшін экспорттаушы, импорттаушы кәсіпорындардың іріктемелі тобы және іріктелген өнім түрлері бойынша бағаны жалпымемлекеттік статистикалық байқауы (1-Ц (экспорт, импорт) нысаны), Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен тауарлардың өзара саудасы (1-ТС нысаны) туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқауларының алғашқы статистикалық деректері және Кеден статистикасы деректері пайдаланылады. Баға индекстерін агрегаттауға қолданылатын салмақтау сызбасы теңгемен  көрсетілген белгілі бір жылдың сыртқы сауда айналымы құнының деректері бойынша есептеледі.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?