• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

22.02.2019 г.
Алматыда кәсіпкерлерге арналған қоғамдық қабылдаулар өткізілуде

Алматыда кәсіпкерлерге арналған қоғамдық қабылдаулар өткізілуде

2019 жылғы 20 ақпанда Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің бастамасымен және «Нұр Отан» партиясының қолдауымен ұйымдастырылған кәсіпкерлерге арналған Қоғамдық қабылдаулар басталды.

Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Асланбек Жақыпов пен «Нұр Отан» партиясының Алматы филиалы төрағасының орынбасары Арман Халбеков құттықтау сөз сөйледі.

2018 жылғы мамырда Мемлекет басшысы кәсіпкерлікті реттеуді жетілдіру жөніндегі заңға жария түрде қол қойған болатын. Ол қолданысқа енгізілгеннен бергі кезеңде бизнес-орта үшін қолайлы іскерлік ахуал қалыптастыру жөніндегі ауқымды шаралар кешенін іске асыру жалғастырылуда.

2019 жылдан бастап, жаңа «алдын ала бақылау» институты енгізіліп, негізсіз тексерулер саны қысқартылды. Бұл жас кәсіпкерлерге едәуір серпін берді.

Қазірде бақылаудың мақсаты кәсіпкерді жазалау емес, заңнама талаптарын бұзбауға көмек және консультация беру болып отыр.

Асланбек Жақыпов атап өткендей, мұндай мақсаттағы іс-шара кәсіпкерлердің түрлі әкімшілік кедергілермен байланысты жүйелік мәселелерін анықтау үшін тұңғыш рет өткізілуде.

Қоғамдық қабылдаулардың жұмысына мемлекеттік органдардың, «Нұр Отан» партиясы Алматы филиалының, Алматы қаласы өңірлік кәсіпкерлер палатасының, Кәсіпкерлер қауымдастығының, «Атамекен» ҰКП, сондай-ақ бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты.

Қоғамдық қабылдаудың бірінші жұмыс күнінде Алматы қаласының 50-ден астам шағын және орта бизнес өкілдері өздерін қызықтырған сауалдарды қоя алды.

«Атамекен» ҰКП Алматы қаласы өңірлік кәсіпкерлер палатасының құқықтық мәселелер жөніндегі директорының орынбасары Айтуар Қошмамбетов көптеген шағын және орта бизнес субъектілерінің атынан кәсіпкерлердің сауда нысандарына қолжетімділікті шектеуге әкелген әкімдіктердің қаладағы бірқатар көшелерде көлік тұрақтарына тыйым салуы туралы мәселені көтерді. Бұл мәселенің өзектілігін Қазақстан тәуелсіз автобизнес одағының өкілі Тимур Жәркенов қолдады.

Қазақстан сақтандырушылар қауымдастығы мемлекеттің нормашығармашылық қызметіне қатысуды шектеуге қатысты алаңдаушылық білдірді. Нәтижесінде бұл шектеуді жою және қолданыстағы заңнамаға өзхгерістер енгізу қажеттігі туралы шешім қабылданды.

Бірнеше кәсіпкерлік субъектілері жер телімдерін мәжбүрлеп алуға және олардың нысаналы мақсатын өзгертуге қатысты мәселе көтерді. Бұл мәселелердің шешімі, Асланбек Жақыпов айтқандай, тыңғылықты және жан-жақты зерделеуді талап етеді, әрине ол едәуір уақыт алады. Дегенмен, бұл мәселені Министрлік кәсіпкерлерді кейіннен хабарландыру арқылы бақылауға алды.

Кәсіпкерлер архитектура және мемлекеттік кіріс органдарының кейіннен салық салу арқылы сыртқы (визуалдық) жарнама нысандарын орналастыруды тиянақтау кезіндегі әрекетіне шағым жасады.

Талқылау барысында жарнамалық қызмет саласындағы, қортындысында бизнес шығындарына әкелетін, бірқатар толғақты мәселелер анықталды.  Осыған байланысты жарнама нарығына қатысушылар мен субъектілердің бастамасымен сыртқы (визуалдық) жарнама орналастыру мәселесі Қоғамдық қабылдаудың екінші күні қосымша талқыланады.

Қоғамдық қабылдау жұмысы 2019 жылғы 22 ақпанға дейін жалғасады.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?