You are here

Жаңалықтар

14.09.2017 г.
В Алматы сотрудники антимонопольных ведомств стран СНГ и Европы встретились с бизнесом для разъяснения вопросов конкуренции

Алматыда ТМД және Еуропа елдерінің монополияға қарсы ведомстволарының қызметкерлері бәсекелестік мәселелерін түсіндіру үшін кәсіпкерлермен кездесті

 

 ҰЭМ, 2017 жылғы 13 қыркүйек. Бүгін Алматы қаласында, Нархоз алаңында «Монополияға қарсы нарық субъектілерінің қызметін реттеу: түрлері, механизмдері   және тиімділігі» II Еуразиялық бәсекелестік форум өтуде.

Іс-шараны бәсекелестікті және тауар нарықтарын дамыту қауымдастығы ҚР ҰЭМ табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті  және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің қолдауымен ұйымдастырды.

Форум спикерлердің жоғары деңгейін– бұл ЭЫДҰ, Қазақстанның, Австрияның, Ресейдің, Арменияның, Қырғызстанның, Молдаваның  монополияға қарсы органдары басшылары мен  сарапшылары және  айрықша практикалық бағыттылығын ерекшелейді.

Кездесудің қорытындысы бойынша кәсіпкерлер өз бизнесін жосықсыз бәсекелестерден қалай қорғауды және олардың құрбаны болған жағдайда, қайда жүгінуге болатыны туралы, Келісім комиссиясында өз мүдделерін қорғау кезінде экономикалық талдауды дұрыс жүргізу, монополияға қарсы заңдар бұзылатын болса, оны  қалай түсінуге болатыны туралы мәселелерден хабардар болады деп болжануда.

Келісім комиссиясы бизнес өкілдеріне, ҰКП, тәуелсіз сарапшыларға түпкілікті шешім қабылданғанға дейін  қорытындыларды қарауға қатысуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде  тексеру қорытындысы бойынша ашықтық және жарыспалылық береді.

Сонымен қатар, ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин өз баяндамасында бизнестің қызметін айтарлықтай жеңілдететін: бәсекелестік саясатты  одан әрі дамыту бойынша Министрлік тарапынан қандай жұмыстар жүргізіліп жатқаны туралы әңгімелеп берді:

« ...жұмыстың едәуір бөлігі атқарылды:

бәсекелестікке кедергі болатын нормаларды анықтау тұрғысында заңнамаға тексеру жүргізу бойынша;

-Қазіргі уақытта 30 заңға және заңға тәуелді актілерге тексеру жүргізілді, ал 2017 жылдың аяғына дейін баррлық заңнамаға тексеру жүргізілетін болады.                                                    

  -сондай-ақ энергетика, көлік, логистика және ТКШ қызметтері құнына назар аудара отырып, бизнес үшін шығасылардың барлық түрлерін жаппай төмендету бойынша.

Осының нәтижесі бизнестің ауқымды өндірістік емес шығындарын қысқарту, ресурстарды үнемдеу, еңбек өнімділігін арттыру және  жалпы бизнес-климатты жақсарту болмақ.».

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік және квазимемлекеттік секторларды сатуды және сатып алуды жүзеге асыру кезінде бағалық және тарифтік сөз байласуларды анықтау және оларға жол бермеу мәселелері жөнінде өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасын әзірлеу туралы айта отырып, жаңа нормалар сатып алулар мен сауда саттықтың нарық механизмдерінің бәсекелестік құралдарының әлеуетін қолдану арқылы қызмет етуіне арналған мүмкіндіктер беруге бағытталғанын атап өтті.

С.Жұманғарин кәсіпкерлікке бүгінде нарық субъектілерін  бәсекелестік мінез-құлыққа ынталандыруға жағдай жасалғандығын еске сала кетті, өйткені, монополияға қарсы органның қызметкерлеріне ескертулерге жүгінуге болады, ал нарық субъектілеріне бәсекелестікті бұзушылықтарды жою және  қалпына келтіру бойынша ерікті түрде міндеттемелер қабылдауға болады.

Сондай-ақ, ертең, 14 қыркүйекте, С.Жұманғарин  (Кәсіпкерлік кодекстің бәсекелестік туралы нормалары) «Мемлекеттік реттеу және монополияға қарсы саясаттың экономикалық аспектілері» пәні бойынша, Нрхоздың «Экономика» және «Әлемдік экономика» факультеттерінің 3-ші курс студенттеріне бірінші дәрісін оқиды.

Жаңа пән  Нархоздың экономика кафедрасында ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап пайда болды.

ТМРБТҚҚК Төрағасы А. Б. Майтиев өз сөзінде  нарық субъектілерінің қызметін оңайлату мақсатында ЭЫДҰ стандарттарын монополияға қарсы заңнамасына енгізу бойынша іске асырылып жатқан шаралардың маңыздылығына тоқталды.

Біріншіден, монополияға қарсы орган бұзушылықтардың кейбір түрлері бойынша  постфактумға жауап беруден бұзушылықтардың алдын алуға бет бұрды.

Атап айтқанда, хабарлама құралы енгізілген.Егер бұрын  монополияға қарсы орган бірден тексеруге шықса, енді алдымен нарық субъектісіне оның іс-әрекеттерінде монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілерінің болуы туралы хабарлама жібереді және оны субъект өз еркімен жояды.

Сондай-ақ, мынадай құралдар енгізілген:

- мемлекеттік органдардың  атына  бәсекелестікті дамытуға кедергі келтіретін факторлар анықталған жағдайда шығарылатын бәсекелестікті дамыту туралы нұсқама;

 - келісім комиссиясының жанындағы монополияға қарсы орган институты.

Келісімге қол жеткізуге ниеті бар бизнес субъектілерінде монополияға қарсы органға, монополияға қарсы заңнамасының талаптарына сәйкес келісім  жобасын тексеру туралы өтінішпен  жүгінуге болатын мүмкіндік пайда болды.

Бұл шара монополияға қарсы заңнамасының бұзылу деңгейін төмендетуге және бизнес субъектісінде монополияға қарсы заңнама нормаларын жақсы түсінуге мүмкіндік береді.

Тұтастай алғанда, бұл енгізілген жаңартулар ішкі нарықтардағы және ел экономикасының жағдайы үшін жайлы шарттар тудырғаны туралы қорытынды жасалды, ал заңнаманы жақсарту бойынша  жүргізілген жұмыс  бүгінде елеулі, оң және  нәтижелі статистикаға ие


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?