• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

15.04.2019 г.
Делегация Казахстана приняла участие в Весенних совещаниях Совета Управляющих Всемирного Банка и МВФ

Қазақстан делегациясы Дүниежүзілік Банк пен ХВҚ басқарушылары кеңесінің көктемгі кеңестеріне қатысты

2019 жылғы 11-13 сәуірде Вашингтон қаласында Дүниежүзілік банк пен Халықаралық Валюта қоры тобының басқарушылар кеңесінің жылсайынғы көктемгі кездесулері өткізілді.

Қазақстанның атынан ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Мәдина Жүнісбекова мен ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев қатысты.

Кездесулердің негізгі мақсаты -– Дүниежүзілік банк пен Халықаралық Валюта Қоры тобының ынтымақтастығын одан әрі нығайту.

Талқылау аясында кедейлікті қысқарту, халықаралық экономиканың дамуы мен қаржылық қызмет, әлемдік экономикадағы қатер мәселелеріне айрықша назар аударылды.

Кеңестерге 10 000 адам қатысты. Оның 3500-і Банк пен ХВҚ-ға мүше мемлекеттерден келген делегация, шақырылғандардың 5000-ға жуығы, негізінен, жеке сектор, банктік қоғамдастық пен ҮЕҰ өкілі.

Қатысушылар бұл кездесулердің халықаралық ынтымақтастық форумы ретінде Банк пен Қордың мемлекеттерге барынша сапалы қызмет көрсету мүмкіндігін беретінін атап өтті.

Анықтама: Жыл сайын ДБ мен ХВҚ кеңес өткізіп, онда Банк пен Қордың қызметі талқыланады. Жылсайынғы кеңестердегідей, Көктемгі кеңестер аясында БАҚ, ҮЕҰ және жеке сектор өкілдерінің қатысуымен іс-шаралар ұйымдастырылады.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?