You are here

Жаңалықтар

10.08.2017 г.

Қазақстан мен Түркия арасындағы сыртқы сауда айналымы 36,1%-ға өсті

Астана, 10 тамыз – ҚР ҰЭМ. Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов ЕХРО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің аясындағы Түркияның ұлттық күнінің ашылуына қатысты.

Т.Сүлейменов Қазақстан мен Түркияны ұзақ жылдық тарих, достық және өзара тиімді ынтымақтастық біріктіретінін атап өтті. Түркия Қазақстан үшін Қазақстанның тәуелсіздігін бірінші болып таныған достық ниетті ел. Қазақстан мен Түркия арасындағы сыртқы сауда айналымы 2017 жылғы 6 айда 925,1 млн. АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылғы ұқсас мерзімге қарағанда 36,1%-ға жоғары

Анықтама: ҚР-дан Түркияға экспорт 53,8%-ға өсті және 563,3 млн. АҚШ долларын құрады. Түркиядан ҚР-ға импорт 15,5%-ға өсті және 361,8 млн. АҚШ долларын құрады. 

Біздің елдеріміздің арасындағы транзиттік-көліктік дәліз, логистикалық және индустриялық инфрақұрылым саласындағы ынтымақтастыққа айрықша назар аударылады.

Сондай-ақ Министр «ЕХРО-2017» көрмесінің тақырыбы барынша өзекті екендігін атап өтті. Соңғы онжылдықта әлемдік қоғамдастықтың алдында тек энергетикалық ресурстардың таусылуы ғана емес, сонымен бірге қоршаған ортаның ластануы мәселесі де өткір тұр.

Ұлттық күн бағдарламасының аясында келушілердің назарына әуендер орындалып, әндер шырқалды.

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?