• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

05.12.2018 г.
ҚР ҰЭМ өкілдері Алматы қаласындағы «EXIM BIG DEALS’18 –Үлкен мәмілелер форумы» жыл сайынғы ритейлерлер съезіне қатысты

ҚР ҰЭМ өкілдері Алматы қаласындағы «EXIM BIG DEALS’18 –Үлкен мәмілелер форумы» жыл сайынғы ритейлерлер съезіне қатысты

2018 жылғы 29-30 қарашада Алматы қаласында «EXIM BIG DEALS'18 – Үлкен мәмілелер форумы» жыл сайынғы ритейлерлер съезі өтті.

Форумға қазақстандық және халықаралық бөлшек сауда нарығының басшылары, отандық және шетелдік азық-түлік өнімдері мен халық тұтынатын тауарларды өндірушілер мен жеткізушілер қатысты.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің атынан Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Асланбек Жақыпов сөз сөйледі.

Спикер мемлекеттік саланың Қазақстанның бизнес-қоғамдастығымен ашық және тиімді диалогының маңыздылығын атап өтті.

Форум барысында сала көшбасшылары билік органдарымен бірлесіп, әділ бәсекелестікті дамыту және түпкі тұтынушының мүддесі үшін тиімділікті арттыруда неғұрлым қолайлы жағдай қалыптастыру үшін жаңа шындық жағдайында Қазақстандағы бөлшек сауда нарығын дамытудың ықтимал сценарийлерін талқылады.

Форумның бірінші күні айырбас бағамының ауытқуы және оның отандық өндірушілер бағасына әсер етуі кезіндегі ритейлер нарығының жаңа ахуалына арналды.

А. Жақыповтың айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстанда тұтынушылық баға индексі құрылымындағы импорттық тауарлар үлесі 24%-ті, импорттық азық-түлік емес тауарлар үлесі 15%-ті құрайды, бұл бағам ауытқуының инфляцияға теріс ықтимал әсерін көрсетеді.

Сөз соңында А. Жақыпов теңгенің айырбас бағамының ауытқуына байланысты тәуекелдерді азайту үшін тағы бір құрал – хеджирлеу (валюталық тәуекелдерді сақтандыру) туралы атап өтті. Валюталық хеджирлеудің мақсаты валюта бағамының қолайсыз өзгеруінен қорғау болып табылады.

Форумның екінші күні жаңа технологияларды, оның ішінде «Виртуалдық қойма» модулін енгізу, сондай-ақ сауда туралы заңға жаңа түзетулер туралы мәселені талқылауға арналды. Талқылауға ірі бөлшек желілердің топ-менеджерлері, дистрибуторлар, өндірушілер қатысты.

Диалог барысында спикер мемлекет жүргізіп отырған цифрландыру саясаты тұрғысынан осы бағыттың өзектілігі мен маңыздылығы туралы атап өтті.

Жалпы алғанда, спикердің пікірінше, бизнес үшін екі құрамдас бөлік маңызды, бұл дегеніміз бизнеске жұмыс істеуге кедергі жасамау, яғни қосымша салықтық алымдар, тексерулер және т.б. түріндегі жасанды әкімшілік кедергілер жасамау. Екіншісі – бизнесті мемлекеттің қаржылық қолдауы.

Форумның қорытындысында А. Жақыпов қатысушыларға нәтижелі пікірталас үшін алғыс айтып, осындай кездесу өткізудің бизнес пен мемлекет арасындағы сындарлы диалог құру үшін тамаша мүмкіндік екенін атап өтті.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?