• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

07.12.2018 г.
ҚР Ұлттық экономика вице-министрі М.Жүнісбекова Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның 20 жылдығына арналған «Отбасылық және гендерлік саясат: табыстар мен перспективалар» атты халықаралық конференцияда сөз сөйледі

ҚР Ұлттық экономика вице-министрі М.Жүнісбекова Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның 20 жылдығына арналған «Отбасылық және гендерлік саясат: табыстар мен перспективалар» атты халықаралық конференцияда сөз сөйледі

2018 жылғы 7 желтоқсанда Астана қаласында Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның 20 жылдығын мерекелеуге арналған «Отбасылық және гендерлік саясат: табыстар мен перспективалар» атты халықаралық конференция өткізілді.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің атынан вице-министр Мәдина Жүнісбекова сөз сөйледі.

«Біздің еліміз осы 20 жылда өсу үстінде және гендерлік теңдікті қамтамасыз ету жөніндегі бірқатар көрсеткіштер бойынша көш бастауда. Бүгінде Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде «Жұмыс істейтін әйелдердің ерлерге қатысты үлесі» және «Әйелдердің экономикалық қатысуы мен мүмкіндіктері» көрсеткіші бойынша 144 елдің арасында үздік 30-дықта. Еуропалық Қайта құру және даму банкімен бірге «Бизнестегі әйелдер» атты аса табысты бағдарлама әрекет етеді. 13,5 мың кәсіпкер әйел осы бағдарлама аясында қарыз, кредит алып, өз бизнесін бастады. Бүгінгі күні елімізде әрекет ететін шағын және орта бизнес субъектілерінің 43%-ке жуығын әйелдер басқарады»-деді вице-министр.

Сондай-ақ спикер қазақстандық әйелдердің ғылыми және инновациялық қызметтерге белсенді қатысатынын атап өтті.

«Біздің замандастарымыз бейтарап қалмай, жаңа технологиялармен байланысты жаңа перспективалық кәсіптерді меңгеруде. Бұл ретте 20 жыл бойы өз күш-жігері мен білімін гендерлік теңдік мәселесін ілгерілетуге салудағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның еңбегі зор», - деді М.Жүнісбекова.

Бұдан басқа, министрлік өкілі өз сөзінде әйелдерді технологиялық салаға тарту, бөгеттерді жою және ІТ саласындағы білімге қол жеткізуге ынталандыруды арттыру бойынша көптеген бағдарламалар мен жобалар жасау қажеттігін атап көрсетті.

«Бұл бағыттағы маңызды жұмыс болашақ цифрлық экономика құруға бағытталған «Цифрлық Қазақстан»  мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүргізілуде. Дәл осындай стартап-жобаларды қолдауға бағдарланған Astana-Hub алаңы пайда болды», - деді М.Жүнісбекова.

Сөзінің соңында М.Жүнісбекова конференция қатысушыларына табыстар мен белгіленген міндетке қол жеткізуге тілектестік білдірді.

 


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?