• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

12.03.2019 г.
Назначен новый вице-министр национальной экономики РК

ҚР Ұлттық экономика жаңа вице-министрі тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 наурыздағы №100 қаулысымен Тәкиев Мәди Төкешұлы Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды.

Мәди Тәкиев Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша, Д. Қонаев атындағы Гуманитарлық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, Халықаралық бизнес университетін іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесі бойынша бітірген.

2000-2013 жылдары Салық комитеті жүйесінде түрлі лауазымдарды атқарған.

2013-2014 жылдары – Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Салық және кеден саясаты департаментінің директоры.

2014-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы.

2017 жылғы қарашадан 2019 жылғы наурызға дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салықтық бақылау департаментінің директоры-Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы.

Ұжымға М.Т.Тәкиевтің кандидатурасын таныстыра келіп, Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов жаңа орынбасардың жинаған тәжірибесі, білімі мен кәсіби машығын қойылған міндеттерге қол жеткізуде пайдаланатындығына сенім білдірді.

Өз кезегінде, Мәди Тәкиев басшылыққа көрсеткен сенімі үшін алғыс айтып, одан арғы жемісті жұмыс істеуге дайын екенін білдірді.

М.Т.Тәкиев «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Астана 20 жыл» медальдарымен марапатталған.





 


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?