• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

18.03.2019 г.
Руслан Даленов представил нового вице-министра

Руслан Дәленов жаңа вице-министрді таныстырды

ҰЭМ басшысы Ұлттық экономика министрлігінің ұжымына жаңа вице-министр Ермек Алпысовты таныстырды.

Оның кандидатурасын таныстыра келіп, Руслан Дәленов жаңа орынбасардың алдында өңірлік даму мәселелеріне жетекшілік ету міндеті тұрғанын хабарлады.

«Ермек Амантайұлының бұл мәселеде зор тәжірибесі бар. Әр жылдарда Алматы облысының әкімдігінде жұмыс істеп, Талдықорған қаласының әкімі болды. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмыстары бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды», - деді ол.

Министр жаңа орынбасардың тәжірибесі, білімі мен кәсіби машығын қойылған міндеттерге қол жеткізуде пайдаланатындығына сенім білдірді.

Өз кезегінде, Ермек Алпысов басшылыққа көрсеткен сенімі үшін алғыс айтып, одан арғы ел дамуы үшін жемісті жұмыс істеуге дайын екенін білдірді.

Ермек Алпысов Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін бітірген.

Мемлекеттік басқару жүйесінде 2001 жылдан бері жұмыс істейді.

«Құрмет» орденімен марапатталған.

Алпысов Ермек Амантайұлы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 18 наурыздағы №116 қаулысымен Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды. 


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?