You are here

Жаңалықтар

12.09.2017 г.
С принятием налоговых новшеств уменьшится количество налоговых споров и снизится число проверок – Сулейменов

Салықтағы жаңалықтардың енгізілуімен салықтық даулар азаяды және тексерулер саны қысқарады – Сүлейменов

Астана, 12 қыркүйек – ҚР ҰЭМ. Қазақстан Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов сейсенбіде өткізілген үкімет отырысы барысында жаңа Салық кодексінің жобасына қатысты жасалып жатқан жұмыстар туралы баяндады.Министр салықтық өзгерістер идеологиясы адал салық төлеушінің мүддесін қорғауға бағытталатынын атап көрсетті, ал барлық түсініксіз және олқы тұстар салық төлеушілердің пайдасына шешілетін болады.

«Егер салық төлеуші салық органының түсіндіруіне сәйкес әрекет еткен болса және соның салдарынан ұстаным өзгерген болса, айыппұлдар мен өсімпұлды қолданбау ұсынылады. Үстеме төлемнің дәлелділігіне талап күшейтілетін болады. Енді салықтық тексерудің актісінде сәйкес дәлел болуы тиіс», - деді Сүлейменов.

Ол бизнеске заңнамадағы өзгерістерді оқуға көбірек уақыт берілетінін атап өтті. Түзетулерді 1 шілдеден кешіктірмей қабылдау ұсынылды.

Бұдан басқа, жыл ішінде көптеген түзетулерден қорғаныш пайда болады. Барлық туындаған түзетулерді бір заң жобасы арқылы шоғырландыру ұсынылып отыр. Бұл бизнеске салық кодексіндегі барлық өзгерістерден хабардар болып отыруға мүмкіндік береді.

Салық кодексінің құрылымы өзгертіледі. Әрбір бөлім дербестендірілетін болады. Яғни, салық төлеушілердің түрлеріне қарай, өз бөлімі болады.

«Шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолданыстағы арнайы салықтық режимдерді сақтау қарастырылған. Жаңа баламалы режим ұсынылуда. Тиянақталған шегеріс режимі. Бұл айналымы үлкен, бірақ аз пайда табатындар үшін тиімді. Ол өз түсімінің жартысын растаусыз шегеруі мүмкін. Ал егер шығындарының есебін жүргізе бастайтын болса, шығындарын растағаны үшін сыйақы (шегеріс) алады. Салық төлеушілерге режимді таңдау құқығы беріледі», - деді Сүлейменов.

Жер қойнауын пайдалану саласында геологиялық барлауға инвестициялар ынталандырылатын болады. Табысты барлауды ынталандыру мақсатында коммерциялық табу бонусын алып тастау жоспарлануда, ал теңіз және тереңдегі мұнай кен орны үшін жер қойнауын пайдалануға баламалы салық төлеу ұсынылып отыр. 

Бұдан басқа, автомобиль құрастыруда арнайы инвестициялық келісімшарт (АИК) аясында ҚҚС бойынша жеңілдіктер ұсынылып отыр. Толымдаушы (шикізат және материалдар) импорттар, сондай-ақ АИК-пен өндірілген тауарларды сату бойынша айналым ҚҚС-тан босатылады.

«Қазірде инвестициялық преференциялар тек жаңа жобалар мен жаңа кәсіпорындарға ғана ұсынылып отыр. Жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарға жаңғыртулар және жұмыс істеп тұрған қуаттылықты қайта құру кезінде жеңілдіктер көзделмеген. Мұндай кәсіпорындарды ынталандыру үшін жаңғырту мен қайта құру бойынша жобаларды жүзеге асыратын жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға КТС бойынша жеңілдіктер ұсынылады. Жеңілдіктер жаңғыртулар мен қайта құру аяқталған сәттен бастап 3 жылдан артық емес мерзімде және егер инвестициялар 5 млн. АЕК-тен кем емес болса ғана беріледі», - деді министр.

Аталған кезеңде, оның айтуынша, бірқатар жеңілдіктерден бас тарту ұсынылып отыр. Оған ойын автоматтарының қызмет көрсетулерін айналымнан босату, лотерея билеттерін, мемлекеттік пошталық төлем белгілерін сату, пошта маркаларының импорты жатады. ДСҰ талаптарына қарама-қайшы келетін жеңілдіктер жойылады, өйткені ДСҰ талаптарына сәйкес ішкі өндірістік тауарлар және импорт үшін салық салудың бірдей шарты қолданылуы тиіс.

«Жаңа идеология, жаңа ынталандырулар мен әкімшілендірудің жаңа әдістері сапалы жақсартулардың негізін салуда. Салықтық жаңашылдықты енгізумен салықтық даулар азаяды, тексерулердің саны төмендейді, әкімшілендіру жеңілдейді. Шикізат өңдеу ынталандыруға ие болады, несиелеуге қолдау жасалады, АӨК және ШОБ қолайлы режимге ие болады. Салықтық саясат тұтас алғанда айқын әрі түсінікті болады», - деді Сүлейменов.

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?