You are here

Жаңалықтар

19.07.2017 г.
В МНЭ обсудили проекты сотрудничества с Азиатским Банком Развития

ҰЭМ-де Азия Даму Банкімен ынтымақтастық жобалары талқыланды

Астана, 19 шілде – ҚР ҰЭМ. Сәрсенбіде Ұлттық экономика министрлігінде Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің Азия Даму Банкі өкілдерімен кездесуі өткізілді, онда Қазақстан мен АДБ-ның қаржылық ынтымақтастығының ағымдағы жағдайы мен перспективалары мәселелері қарастырылды.

АДБ атынан кездесуге Орталық және Батыс Азия департаментінің Бас директоры және Бас директордың орынбасары Шон О'Салливан мен Вернер Липах, сондай-ақ АДБ-ның Қазақстандағы өкілдігінің жетекшісі мен қызметкерлері қатысты.

Т.Сүлейменов ынтымақтастықтың бастау алған кезеңінен бері АДБ үнемі Қазақстанның дамуына, қаржылық секторды, шағын және орта бизнесті қолдауға, алдыңғы қатарлы инфрақұрылымды қалыптастыруға және адам капиталын арттыруға белсенді түрде жәрдем көрсетіп келе жатқанын атап өтті.

Ынтымақтастық кезеңінде (1994 жылдан бері) Банк 4,6 млрд. АҚШ долл. жуық сомаға 28 үкіметтік қарыз, жеке сектордағы мемлекеттің кепілдігінсіз 455 млн. АҚШ долл. сомасында 8 қарыз, 39 млн. АҚШ долл. сомасында 80 техникалық көмек жобасын ұсынған. 2016 жылдың қорытындысы бойынша АДБ-ның Қазақстандағы 5 жобасының белсенді портфелінің құны 1 млрд.АҚШ долл. құрады.

Талқылаудың тағы бір тақырыбы сондай-ақ АДБ-ның Қазақстан үшін 2017-2021 жылдарға арналған Елдік әріптестік стратегиясы болып табылды. АБР өкілдерінің ҚР мемлекеттік органдарымен кездесуінің қорытындысында әрекет етудегі ынтымақтастық бағыттарына қосымша білім беру саласын қосу, энергетика және қоршаған ортаны жақсарту, МЖӘ дамыту, ауыл шаруашылығын, денсаулық сақтауды және қалалық инфрақұрылымды дамыту жоспарланып отыр.

Тараптар жүзеге асырылуы тиіс 5 қарыздық жобаны: ОАӨЭЫ 2 дәлізі (Маңғыстау облысы, Ақтау-Бейнеу, 2 транш), ШОБ 3 траншын (ДАМУ) дамытуды қолдау, ШОБ (ДАМУ) дамытуды қолдауды қосымша қаржыландыру, Ақтөбе-Мақат автожолын қайта жөндеу жобасы мен микро-, шағын және орта кәсіпорындарды дамыту жобасын талқылауға айрықша назар аударды.

Кездесу барысында тараптар сондай-ақ АДБ-мен әріптестік туралы шекті келісім аясындағы инвестициялық жобалар тізбесіне қосылу үшін мақұлдауды талап ететін жобаларды қарады. Оның ішінде, МЖӘ тетігі арқылы суландыру жүйесін қалпына келтіру, жолдарды тұрақты күтіп ұстау және алғашқы медициналық-санитарлық көмек бойынша жобалар қарастырылды. 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?