• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

12.03.2019 г.
Ұлттық экономика бірінші вице-министрін тағайындау туралы

Ұлттық экономика бірінші вице-министрін тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2019 жылғы 12 наурыздағы №96 қаулысымен Әбілқасымова Мәдина Ерасылқызы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып тағайындалды.

Мәдина Әбілқасымова Қазақ Мемлекеттік басқару академиясын "Халықаралық экономикалық қатынастар" мамандығы, Колумбия университетін "Экономикалық саясатты басқару" мамандығы, Гарвард университетінің Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару мектебін Мемлекеттік басқару магистрі дәрежесі бойынша бітірген.

Мемлекеттік басқару жүйесінде 1999 жылдан бері жұмыс істейді.

Стратегиялық жоспарлау агенттігінде, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде, Премьер-Министрдің Кеңсесінде және Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінде түрлі лауазымдарды атқарған.

2011 жылдан бері Ұлттық экономика министрлігінде вице-министр болып жұмыс істеді.

2018 жылғы ақпаннан 2019 жылғы ақпанға дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болды.

«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл», II дәрежелі «Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медальдарымен марапатталған.

 


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?