You are here

Жаңалықтар

12.09.2017 г.
Мажилис

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәжілісте 2018-2020 жылдарға арналған бюджетті қалыптасырумен байланысты заң жобасын таныстырды

2018 жылы ІЖӨ-нің нақты өсімі 2022 жылы 4,2%-ға дейінгі кезекті өсіммен 3,1% деңгейінде болжануда. ІЖӨ өсімінің орташа жылдық қарқыны алдағы бесжылдық кезеңде 3,7%-ды құрайды. Мұнай өндіру көлемі 2018 жылы 86 млн.тоннадан 2022 жылы 88,6 млн.тоннаға ұлғаяды.

Ұлттық банк жылдық инфляцияның мақсатты дәлізін 2018 жылы  5-7%, 2019 жылы 4,0-6,0% шегінде, 2020-2022 жылдары 3-4%-ға дейінгі кезекті төмендеумен сақтады. Макроэкономикалық болжам негізінде 2018-2022 жылдарға арналған бюджеттік параметрлер мен Ұлттық қордың болжамы әзірленді. Республикалық бюджеттің табыстары (трансферттерді есепке алмағанда) 2018 жылы 5 528,4 млрд.теңге (2017 жылмен салыстырғанда 636,5 млрд.теңгеге ұлғаюмен), 2019 жылы – 6 403,9 млрд.теңге, 2020 жылы 7 175,8 млрд.теңге сомасында болжанады.

Ұлттық қордың қаржысын қалыптастыру және пайдаланудың жаңа тұжырымдамасына сәйкес республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт 2018 жылы – 2 600 млрд.теңге, 2019 жылы – 2 300 млрд.теңге, 2020 жылы 2 000 млрд.теңге көлеміндегі төмендеу жолымен белгіленді. 

2018 жылы бюджет тапшылығын ІЖӨ-ге 1,1%-ге азайту, 2019-2020 жылдары ІЖӨ-ге 1% деңгейінде белгілеу ұсынылуда. Бұл үкіметтің қарызын (Мемлекеттік қарыз ІЖӨ-ге 27%-дан артық емес) үшжылдық кезеңде ІЖӨ-ге 25%-дан артық емес деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді. Болжанған түсімдерді және жоспарланған тапшылықты есепке алғанда республикалық бюджет шығындарының болжамы 2018 жылы 9 217,9 млрд.теңге, 2019 жылы – 9 798,2 млрд.теңге, 2020 жылы 10 219,7 млрд.теңге көлемінде белгіленді.

Министр сондай-ақ мәжіліс депутаттарына «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2018-2020 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферттер туралы» заң жобасын таныстырды. Ұлттық қордың қаржысын қалыптастыру және пайдаланудың жаңа тұжырымдамасына сәйкес, республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт 2018 жылы – 2 600 млрд.теңге, 2019 жылы – 2 300 млрд.теңге, 2020 жылы 2 000 млрд.теңге көлемінде белгіленді.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджеттік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы арқылы бюджеттік бағдарламаларды келісудің жекелеген кезеңдерін алып тастау, ал МЖӘ жобаларын жоспарлау рәсімдерін жеңілдету үшін барлық үдерісті 5-тен 3 кезеңге дейін қысқарту ұсынылып отыр, бұл МЖӘ жобаларын дайындау мерзімін 7-ден 3 айға дейін азайтуға мүмкіндік береді.  

Заң жобасындағы ұсынылып отырған түзетулер бюджет қаражатының экономикаға неғұрлым жедел жеткізілуіне, игерілмеген сомалардың азаюына, МЖӘ жобаларының санын ұлғайтуға, сондай-ақ мемлекеттік органдардың барынша дербестіктегі көбірек жауапкершілік алуына ықпал етеді.

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?