• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

11.09.2019 г.
Миннацэкономики презентовало проект соглашения между Казахстаном и Северным Инвестиционным  банком

Ұлттық экономика министрлігі Қазақстан мен Солтүстік Инвестициялық банк арасындағы келісімнің жобасын таныстырды

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов ҚР Парламент Мәжілісінде Қазақстан Республикасы мен Солтүстік инвестициялық банк арасындағы 2018 жылғы 16 қазанда қол қойылған негіздемелік келісімді ратификациялау жобасын таныстырды.

Р. Дәленов атап өткендей, келісім Солтүстік инвестициялық банктің Қазақстан Республикасының инвестициялық жобаларын қаржыландыру қызметін бастауға мүмкіндік береді.

«Келісімде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделмеген нормалар, атап айтқанда валютаның айырбасталуы және қаражат аудару, тендерлер өткізу, сондай-ақ Солтүстік инвестициялық банктің активтері мен кірістерін салық салудан босату жөніндегі нормалар айқындалады. Бұл халықаралық ұйымдардың стандартты шарттары», - деді Р. Дәленов.

Солтүстік инвестициялық банк 1975 жылы құрылған. Скандинавия мен Балтық елдері мүше болып табылатын көпжақты даму банкі. Штаб-пәтері Хельсинки қаласында орналасқан.

Солтүстік инвестициялық банктің жарғылық капиталы 6 млрд. 142  млн еуро. Ол мүше елдердің төлемдерінен құралады.

Солтүстік инвестициялық банктің 2018 жылғы жалпы кредиттік портфелі 19,1 млрд.еуро. Қарыздар 25 жылға беріледі.

Солтүстік инвестициялық банктің стратегиясына сәйкес, кредиттік портфельдің шамамен 20%-і мүше емес елдерге беріледі.

Солтүстік инвестициялық банк негізінен энергетика, «жасыл экономика», телекоммуникация, көлік, түрлі өнеркәсіп саласы, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, шағын және орта бизнес саласын қаржыландырады.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?