• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

11.03.2019 г.
Ұлттық экономика министрлігі кәсіпкерлік мәселелерін жетілдіруді жалғастыруда

Ұлттық экономика министрлігі кәсіпкерлік мәселелерін жетілдіруді жалғастыруда

ҚР ҰЭМ-де ҚР ҰЭМ Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Асланбек Жақыповтың төрағалық етуімен Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптау тобының кезекті отырысы өткізілді.

Отырысқа реттеуші мемлекеттік органдардың, бизнес-қауымдастықтың, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Қазақстан рестораторлар қауымдастығының, темекі және алкоголь өнімін өндірушілер қауымдастығының өкілдері қатысты.

Отырыс барысында қоғамдық орындарда темекі өнімдерін (шылым, су мүштік, кальян, девайс) тұтынуға толықтай тыйым салу, құрамында көп мөлшерде қант және (немесе) тұз, және (немесе) трансмай бар тамақ өнімдерін жарнамалауды шектеу, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік бақылауды жетілдіру, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы мәселелері қаралды.

Қатысушылар атап өткендей, бүгінгі күні қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салу жөніндегі алдыңғы реформалар толықтай жұмыс істемейді және адамдарды пассивті темекі шегуден қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді. Осыған байланысты, Денсаулық сақтау министрлігі жаңа тыйымды енгізер алдында алдыңғы реформаларды тиісті деңгейде іске асыруы қажет.

Бұл ретте, Сараптау тобының мүшелері мен бизнес өкілдері атап өткендей, реттеушіге нарықтың барлық қатысушысының пайдасы мен шығыны сипатталған сапалы және нақты статистикалық көрініс ұсынылуы тиіс.

«Реттеушілік әсерді талдауды жүргізудің мақсаты бизнестің, мемлекеттің және жалпы қоғамның сұранысын қанағаттандыру үшін ұсынылатын реттеуді сапалы және тиімді модельдеу. Оның басты артықшылығы бизнесті барынша тиімді реттеу мен барынша төмен шығын жағдайындағы жаңа талаптарды енгізу»,- деді А. Жақыпов.

Отырыс қорытындысы бойынша Денсаулық сақтау министрлігі Сараптау тобы мүшелерінің ұсынымдарына сәйкес реттеушілік әсерді талдауға түзетулер енгізеді.

Денсаулық сақтау министрлігі бизнес-қоғамдастыққа өз тарапынан бұл проблемаларды шешудің басқа да жолын қарастыратын реттеушілік әсердің баламалы талдауын жүргізуді ұсынды.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?