• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

2017 жылғы 30 қарашада «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2018 – 2020 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының № 111–VI Заңы туралы

2017 жылғы 30 қарашада  «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан  2018 – 2020 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының № 111–VI Заңы қабылданды.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 385 Жарлығына сәйкес 2020 жылдан бастап республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферт теңгемен абсолюттік мәнде тіркеліп, 2 000 млрд. теңге мөлшерінде белгіленетін болады. Бұл ретте жаңа қағидаға біртіндеп ауысу мақсатында Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферт мөлшері кезең-кезеңімен төмендетіледі, 2018 жылы – 2 600 млрд. теңге, 2019 жылы – 2 300 млрд. теңге, 2020 жылы және одан кейінгі жылдары – 2 000 млрд. теңге.

Заң жобасын қабылдау бюджеттің теңгерімділігін  және Ұлттық қорды пайдалануын қысқартуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.