• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

2018 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Парламентімен қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы туралы пресс-релизі

Заң Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2016 жылға арналған жоспарының 6-тармағына сәйкес жарнама саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатында әзірленген.

Заң жарнама қызметін мемлекеттік реттеуді жүйелеуге бағытталған. Алғаш рет жарнама саласында уәкілетті орган және реттеуші органдар айқындалды.

Жарнама саласындағы уәкілетті орган сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендерде үй-жайлардың шегiнен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ автокөлік жолдарының бөлу жолағында, үй-жайлардың шегiнен тыс елді мекендерден тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ автокөлік жолдарының бөлу жолағынан тыс орналастыру ережелерін әзірлейтін және бекітетін, мәдени, спорттық және жаппай спорттық іс-шаралардың афишасын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізімін бекітетін болады.

Жарнама саласындағы реттеуші органдар жарнама саласындағы уәкілетті органға жарнама туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстарды ұсынатын болады, жарнама туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуы бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

Заңға «сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі» түсінігі енгізілді, мұнда біз жарнама нарығының қарқынды дамуын ескере отырып бүгінде жарнама орналасуы және таратылуы мүмкін барлық құрылыслар мен басқа да құралдарды қамтыдық.

Теле-, радиоканалдарда әлеуметтік жарнаманың таратылу механизмі айқындалған.

Бейне мен жүгіртпе жолдардың санына байланысты бейнежазбалар және жүгіртпе жолдар арқылы сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін төлемақы төлеу реттелді.

Сондай-ақ, халықаралық, республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бұру жолағында сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру үшін рұқсаттамалар облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен берілетін болады.

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру мүмкіндігі ұсынылған көше жиһазы түсінігін енгізу.

Заң шеңберінде жергілікті атқарушы органдармен немесе өткізілген ашық конкурстар нәтижесі негізінде жергілікті атқарушы органдармен жасалған тиісті келісімшарт негізінде инвесторлардың жеке қаражаттары есебінен орнатылған көше жиһазына (жабдық) сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру қарастырылған.