You are here

20.07.17 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметшілер арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыруы

Барлық қонкурсқа қатысушыларға  қойылатын  жалпы біліктілік талаптары:

С-О-4 санаты үшін: жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық айлықақысы:

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-4

109932

148242

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті, (010000, Астана қаласы, Ташенов көшесі, 25, № 207 кабинет, анықтамалар үшін телефон 8 (7172) 68-44-83. E-mail: s.dildebai@economy.gov.kz бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

1. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы, С-О-4 (1 бірлік):

Функционалдық міндеттері: Бөлімді жалпы басқару, Департамент жұмысын Департамент туралы ережеге, Департаменттің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастыру, Департамент басшылығының бақылауындағы тапсырмаларды уақтылы орындауды қамтамасыз ету үшін бөлім қызметкерлері арасында міндеттер мен тапсырмаларды бөлуді жүзеге асыру (өз құзыреті шегінде), бөлім құзыретіне кіретін проблемалар мен мәселелерді шешу бойынша Департаменттің басқа бөлімдерімен бөлім қызметкерлерінің жұмысын сүйлестіру. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырылуын бақылау. Құзыретінің шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарауға қатысу. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы өзге нормативтік құқықтық актілердің,  оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөнінде зерттеулер жүргізу, ақпараттық-сауаттандыру жұмыстары және халыққа консультациялық көмек көрсету бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру. Тұтынушылардың шағымдарына жарты жылдық, жылдық және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметіне жыл сайын талдау жүргізу, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың жай-күйі туралы жылдық есепті дайындау. Мемлекеттік органдарға «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы өзге нормативтік құқықтық актілерді бұзушылықпен қабылдаған шешімдердің күшін жою туралы оларға ұсыныстар (ұсынымдар) енгізу. Құзыретінің шегінде мемлекеттік органдармен, жеке және заңды тұлғалармен, үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық тұтынушылар бірлестіктерімен өзара іс-қимыл жасау. Сот органдарында, прокуратура органдарында, басқа да мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда тұтынушылардың құқықтарын қорғау сұрақтары бойынша департаменттің мүддесін қорғау. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы жеке немесе заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге функцияларды орындау. Іс жүргізуді «Тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мемлекеттік тілде жүргізу.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы жоғары білім.

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан күннен кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Тиiстi мемлекеттiк орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

Мені________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсөткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________________________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыстелефоны_________________________________________________________________________________________________________

________                                                      ____________________________________

  (қолы)                                                              (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.