You are here

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № 337 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2017 жылға арналған нысаналы трансферт бөлу және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015 - 2016 жылдарға арналған нысаналы трансферттер бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 957 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № 337  Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
 
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2017 жылға арналған нысаналы трансферт бөлу және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015 - 2016 жылдарға арналған нысаналы трансферттер бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 957 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № 337 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
 
1-тармақтың он үшінші және он төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
 
«Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» АҚ-ны қаржылық оператор ретінде айқындай отырып, халыққа берілген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау – 10 (он) миллиард теңге;
 
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ны қаржылық оператор ретінде айқындай отырып, құрылыс салушылардың кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау - 11 (он бір) миллиард теңге;».
 
2. Осы Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
Қазақстан Республикасының
Президенті                                                                      Н.Назарбаев
 
Астана, Ақорда, 2017 жылғы