You are here

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі №337 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасына түсіндірме жазба

Қазақстан Республикасының

Президенті

Н.Ә. Назарбаевқа 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2017 жылға арналған нысаналы трансферт бөлу және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015 - 2016 жылдарға арналған нысаналы трансферттер бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің  2014 жылғы 17 қарашадағы № 957 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі №337 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасына түсіндірме жазба

Осы «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2017 жылға арналған нысаналы трансферт бөлу және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015 - 2016 жылдарға арналған нысаналы трансферттер бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 957 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № 337 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы (бұдан әрі – Жарлық жобасы) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің хаттамалық шешімін іске асыру мақсатында әзірленді.

Жарлық жобасы «Нұрлы Жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының тетіктеріне сәйкес субсидиялау үшін қаражатты пайдалану мақсаттарын нақтылауды көздейді, олар екінші деңгейдегі банктер берген халықтың ипотекалық қарыздары және құрылыс салушылардың кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін жабу үшін «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ мен «Даму» ҚДҚ» АҚ арқылы бөлінетін субсидияларды көздейді

Жарлық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                           Б. Сағынтаев