• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 22 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Бюджеттік инвестициялар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессиялар, мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобалар және техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеу, қаржы агенттерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруы мәселелері бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен сараптама жүргізу және құжаттаманы бағалау құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы» 

1. «Бюджеттік инвестициялар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессиялар, мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобалар және техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеу, қаржы агенттерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруы мәселелері бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен сараптама жүргізу және құжаттаманы бағалау құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 22 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13095 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 24 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік инвестициялар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессиялар, мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобалар және техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды бюджеттік кредиттеу, қаржы агенттерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруы мәселелері бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен сараптама жүргізу және құжаттаманы бағалау құнын айқындау әдістемесінде:

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Көрсетілетін қызметтің бағасын есептеуге арналған бір

адам-сағаттың құны мынадай:

  1. бір адам-сағаттың құны қосылған құн салығын есепке алмай 6 358,57 теңге мөлшерінде айқындалған бюджеттік инвестициялық жобалардың және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын бағалау;
  2. бір адам-сағаттың құны қосылған құн салығын есепке алмай 6 358,57 теңге мөлшерінде айқындалған, шарттары алдыңғы жылы жасалған барлық республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау;
  3. бір адам-сағаттың құны қосылған құн салығын есепке алмай 6 358,57 теңге мөлшерінде айқындалған, шарттары алдыңғы жылы жасалған барлық жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, қосылған құн салығын есепке алмай 8 266,14 теңге мөлшерінде айқындалған.»;

көрсетілген Әдістемеге қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

  1. осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді;
  2. осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электронды түрдегі көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына, сондай-ақ ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
  3. осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
  4. осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика

министрі                                                                                          Т. Сүлейменов