• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2019 жылғы бірінші жартыжылдыққа арналған жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен қорғау саласындағы бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау тізімін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 49 бұйрығымен бекітілген жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарының 21-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2019 жылғы бірінші жартыжылдыққа арналған жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мен қорғау саласындағы бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау тізімі бекітілсін.
  2. Кәсіпкерлікті дамыту департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға жолдауды қамтамасыз етсін.
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
  4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Министр                                                                                  Т. Сүлейменов