• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы мүшелерін сайлау туралы конкурсты өткізу туралы

ҚР Ұлттық экономика министрлігі ҚР 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» № 383-V Заңының 8,9 бабтарына және ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 қаулысымен бекітілген Үлгі ережесіне сәйкес Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы мүшелерін сайлау туралы конкурсты жариялайды.

Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтар Министрлікке конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін 10 күндік мерзімде қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатуралар бойынша ұсыныстарын жазбаша нысанда жолдайды.

Өз ұсыныстарын жіберген әрбір коммерциялық емес ұйым және азамат бір кандидаттан артық ұсынбауы қажет.

Азаматтық қоғамнан жұмыс тобына кандидаттарына Заңдың 10-бабының 1-тармағына сәйкес талаптар қойылады.

Коммерциялық емес ұйымдардың және азаматтардың ұсыныстары жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкестігін растайтын кұжаттарды қоса бере отырып кандидаттың ТАӘ көрсетуімен жазбаша түрде жолданады. Мүмкіндігінше, кандидаттың суреті бар өмірбаяны қосылады (міндетті емес).

Кандидаттарға қойылатын талаптар:

1. Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматы кандидат бола алады.

2. Кандидат:

1) сотталғандығы болмауы;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

3) психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.

Конкурсты өткізу мерзімі: 2019 жылғы 18 ақпанға дейін (соңғы күнін қоса алғанда).

Байланыс деректері: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мына мекенжай бойынша орналасқан: Қазақстан Республикасы, 0100000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 7-кіреберіс, тел.+7 (7172) 74-37-98, 74-32-91, кеңсе кабинеттері 214, 216, a.urazgulov@economy.gov.kz.

Қосымша ақпаратты алу үшін мына телефон арқылы хабарласуға болады: + 7 (7172) 74-29-08.