You are here

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Қоғамдық кеңесінің отырысы туралы ақпарат

10 маусымда ҚР Ұлттық экономика министрлігінде Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Отырыс барысында ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Министрліктің 2015 жылдағы қызметінің нәтижесі және ағымдағы кезеңнің міндеттері туралы баяндады.

Отырыс жұмысына ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Гүлжан Қарақұсова, Қазақстанның салық төлеушілер қауымдастығының Басқарушы Кеңесінің төрайымы Жаннат Ертлесова, ҚР «Ұлттық құрылыс саласының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Әділша  Ермұқанов, азаматтық қоғамдастықтың өкілдері Арман Дунаев, Анвар Сәденов қатысты.

2015 жылы Ұлттық экономика министрлігінің қызметі Қазақстан-2050 стратегиясын, Әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдаманы, 5 институционалды реформаны және Ұлт жоспары-100 нақты қадамды іске асыруға бағытталған болатын.

Бүгінгі таңда Министрліктің қызметі Ұлт жоспары – 100 нақты қадамды орындау, «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын іске асыру шеңберінде экономикалық өсімді қамтамасыз ету, сондай-ақ  ағымдағы жылдың 29 қаңтарындағы  «Нұр Отан» партиясының XVII Съезінде берілген Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыруға бағытталды.

Отырыстың қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңестің мүшелерімен экономикалық өсімнің тиімді қарқынын және әлеуметтік тұрақтылықты сақтау бойынша ұсынымдар, сондай-ақ, салық және бюджеттік заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді.