• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2019 – 2021 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 30 қарашадағы № 196-VI ҚРЗ

1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшерлері

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлері бекітілсін:

2019 жыл – 2 450 000 000 мың теңге;

2020 жыл – 2 300 000 000 мың теңге;

2021 жыл – 2 000 000 000 мың теңге.

2-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

1. Осы Заң 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2018 – 2020 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» 2017 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 20, 95-құжат) күші жойылды деп танылсын.

Қазақстан Республикасының

Президенті