You are here

ҚР ЭДСМ қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінде тұрақты негізде Тұрғын үй комиссиясы жұмыс атқарады.

Тұрғын үй комиссиясы бекітілген Ережеге сәйкес Министрлік қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз  етілуі жайлы мониторинг жүргізеді, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан Министрлікке бөлінген немесе өзінің балансындағы үйлерден тұрғын үй және жатақханадан орын бөледі.

Қызметкерлерге тұрғын үй бөлу кезінде қызметкерлердің Министрліктегі жұмыс өтілі, мемлекеттік қызмет өтілі және оның отбасы мүшелерінің құрамы тескерілетін критерийлер бойынша балл беру жүйесі қолданылады.