• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

ҚР ҰЭМ Т.М.Сүлейменовтің ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы отырысындағы баяндамасы, 11.12.18

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін мемлекеттік меншік және квазимемлекеттік  сектор ұйымдарына түгендеу жүргізілді, оның нәтижесі бойынша 9 қарашада Үкімет жекешелендіруге жататын ұйымдар санын 48 бірлікке ұлғайту туралы қаулы қабылдады.

Осы нысандарды сату алдындағы дайындықты жүргізудің қажеттігін ескере отырып, оларды 2019 жылдың соңына дейін сатуды ұсынамын.

Осыған байланысты, мемлекеттік органдар мен ұйымдарға осы бағыттағы жұмысты жандандыру және осы нысандарды сату нақты мерзімі бойынша Қаржы министрлігіне ұсыныс енгізу қажет.

Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында Ұлттық экономика министрлігі артық және қайталанатын функцияларды анықтау тұрғысынан мемлекеттік органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдарын функционалдық талдауды келесі жылы аяқтайды.

Осы жұмыстың қортындысы бойынша Министрлік мемлекеттік органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдарын одан әрі оңтайландыру бойынша ұсыныс дайындайтын болады.

Сонымен қатар, сіздің тапсырмаңызға сәйкес, 2020 жылға дейін ведомстволық бағыныстағы кәсіпорындарды құруға мораторий енгізу жоспарланып отыр. Мемлекеттік органдарға жұмыс істеп тұрған ведомстволық бағынысты ұйымдардың әлеуетін пайдалану ұсынылатын болады.

Қазіргі уақытта келісу рәсімінен өтіп жатқан тиісті қаулының жобасы әзірленді.

Ағымдағы жылғы 14 қарашада елдегі капитал нарығын дамыту үшін маңызды оқиға болып, Астана халықаралық қаржы орталығы биржасында Мемлекет басшысының қатысуымен Қазатомөнеркәсібінің мәмілесі бойынша бірінші сауда-саттық сессиясының ашылуы өтті.

Барлығы жалпы сомасы 168 млрд. теңгеге Қазатомөнеркәсібі акциясының 15%-і шығарылды.

Қор тобының қалған компанияларын IPO-ға шығару 2019-2020 жылға жоспарланып отыр. Атап айтқанда, 2019 жылы Қазақтелеком мен Эйр Астананың акциясын сату жоспарланып отыр.

Осыған байланысты, Ұлттық компаниялардың бірінші басшылары Қазатомөнеркәсібі өткізген IPO тәжірибесін ескере отырып, осы компаниялардың сату алды дайындығын сапалы өткізуі қажет.