• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағалары туралы ҚР Үкіметінің отырысындағы Т.М. Сүлейменовтің сөз сөйлеуі, 26.11.2018

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қатысты

Өткен аптамен салыстырғанда бағалардың индексі 0,2%-ға өсті.

Жылдың басынан бастап (а.ж. 23 қарашадағы жағдайы бойынша) бағалардың жоғарлауы

Бағалардың өсуі келесі тауарларда байқалады: 

қант, қырыққабаткүріш, тауық еті.

БАҒАЛАР ӨСУІНІҢ СЕБЕПТЕРІ

Азық-түлік тауарлары бағаларының негізгі өсу себептері ЕАЭО нарығында өнімдердің қымбаттауы, сондай-ақ өзіндік құн құрылымындағы үстеме шығыстардың өсуі болып табылады.

Қант.Қазақстандық қанттың елеулі бөлігі импорттық шикі қанттан өндіріледі. Осыған байланысты, қанттың ішкі бағалары қант нарығындағы жалпыәлемдік үрдістердің және бірінші кезекте Ресей Федерациясының нарығындағы жағдайдың әсерінен өсіп келеді.

Қырыққабат.Ағымдағы жылғы 9 айда қырыққабат экспорты ұлғайып, 18,6 мың тоннаны құрды. Осыған байланысты, қырыққабаттың бағасы басқа көкөністермен салыстырғанда айтарлықтай өсті. Маусымдылық пен сақтау шығындарына байланысты баға алдағы уақытта да мүмкін.

Күріш. Өсім ЖЖМ (жанар-жағармай материалдары) мен коммуналдық шығыстар бағаларының көтерілуіне байланысты.

Тауық еті.Тауық етіне бағаның өсуі, негізінен, құс етінің шамамен 50%-ы АҚШ-тан импортталатынына байланысты. АҚШ доллары бағамының өсуіне байланысты импортталатын тауық еті қымбаттауда.

Күнбағыс майы. Бұған дейін ресейлік күнбағыс майын Түркияға экспорттау бойынша баж салығы 36%-ды құрады. Осы баж салығының күші жойылғаннан кейін ресейлік күнбағыс майының экспорты түрік нарығына қайта бағытталды.

ШЕКТІ МӘНДЕРІНІҢ АРТУЫ

Қазіргі уақытта 11 өңірде  шекті мәндердің 15%-дан астам артқаны байқалады:

5 өңірде шекті мәндердің артуы байқалмайды.

Әкімдіктер (Қостанай, Шығыс-Қазақстан, Қарағанда, Солтүстік-Қазақстан облыстары және Алматы қаласы) қантқа шекті бағаларды белгілеудің Комиссия отырыстары өткізілді. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша, онда ҰҚП өкілдері мен бизнес субъектілері өкілдері міндетті түрде қатысады, объективті себептердің болуына байланысты қантқа шекті бағаларды белгілеудің мезгілсіздігі туралы шешім қабылданды. Қалған тауарлар бойынша шекті бағалардың артуына қатысты әкімдіктермен (Шымкент қ., Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды облыстары) тиісті жұмыстар жүргізілмеген.