• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштері бойынша есептеу әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 64 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдардамаларын әзірлеу жөніндегі әдістеменің 58-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берілген Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштері бойынша  есептеу әдістемесі бекітілсін.

2. Өңірлік даму департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 

1) осы бұйрықты мүдделі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының назарына жеткізуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр                                                                              Т. Сүлейменов