You are here

Рұқсат беру әрекеттерін жүзеге асыру тәртібі

Рұқсат беру әрекеттерін жүзеге асыру тәртібі

  1. Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1)  көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;

2) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен  бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру кезінде – күнтізбелік 30  (отыз) күннен кешіктірмей;

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі –қатаң есептілік бланкісі болып табылатын тіркеу туралы куәлік.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

белгіленген нысандағы өтініш;

мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алуға арналған құжат туралы мәліметтер нысаны;

дайындаушы (өндіруші) растаған өнімдер негізге алынып дайындалатын құжаттардың көшірмелері (стандарттар, техникалық шарттар, регламенттер, технологиялық нұсқаулықтар, ерекшеліктер, рецептуралар, құрамы туралы мәліметтер);

дайындаушының (өндірушінің) өзі дайындаған өнімнің (өнім үлгілерінің) негізге алынып дайындалатын құжаттардың талаптарына жауап беретіні туралы жазбаша хабарламасының көшірмесі;

бақылаудағы тауарларды қолдану (пайдалану) бойынша дайындаушының (өндірушінің) құжаттарының көшірмелері (нұсқаулық, басшылық, регламент, ұсынымдар) не өтініш беруші растаған оның көшірмесі);

заттаңбалардың (қаптамалардың) көшірмелері немесе көрсетілетін қызметті алушы растаған бақылаудағы тауарларға арналған олардың макеттері;

көрсетілетін қызметті алушы растаған тағамға биологиялық белсенді қоспалардың (құрамында белгісіз компоненттер бар, ресми емес жазбалары бар препараттар үшін) ерекше белсенділігі туралы құжаттардың көшірмелері;

зерттеулер (сынақтар) хаттамаларының көшірмелері (гигиеналық сараптама актілері), ғылыми есептер, сараптама қорытындылары.

Кеден одағына (бұдан әрі – КО) мүше мемлекеттердің кедендік аумағынан тыс дайындалатын бақылаудағы тауарлар үшін қосымша:

мемлекеттік тіркеу жүргізілетін КО-ға мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес расталған препараттың (пестицидтер, агрохимикаттар, қорғаныш құралдары және өсімдіктердің өсуін реттеуіштер үшін) токсикологиялық сипаттамасы туралы құжаттардың көшірмелері;

тағамға биологиялық белсенді қоспа, тағамдық қоспа, дезинфекция (дезинсекция, дератизация) құралы, косметикалық өнім өндірілетін елдің құзыретті денсаулық сақтау органдарының (басқа да мемлекеттік уәкілетті органдарының) тіркеу жүргізілетін КО-ға мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес расталған дайындаушының (өндірушінің) мемлекеті аумағында осы өнімнің қауіпсіздігін растайтын және еркін айналысына рұқсат беретін құжаттарының көшірмелері немесе осындай құжатты ресімдеу қажеттігінің жоқтығы туралы мәліметтер;

мемлекеттік тіркеу жүргізілетін КО-ға мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес куәландырылған КО-ға  мүше мемлекеттердің кедендік аумағына бақылаудағы тауарлардың үлгілерінің әкелінуін растайтын құжаттардың көшірмелері ұсынылады;

  1. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

  1. көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;
  2. www.e.gov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы   арқылы жүзеге асырылады.

Көрсетілетін  мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: көрсетілетін қызметті алушы  құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 15  (он бес) жұмыс күні ішінде.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: мемлекеттік санитариялық-эпидемиоло-гиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемио¬логиялық қорытынды.

Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

белгіленген нысандағы өтініш;

аккредиттелген (аттестатталған) зертханалар жүргізген сынақтар, зерттеулер хаттамасы.

3.  Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын  тамақ өнімдерін өндіру  объектілеріне есептік нөмірлер беру

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;

2) www.e.gov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы   арқылы жүзеге асырылады. 

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: көрсетілетін қызметті алушы  құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 16 (он алты)  жұмыс күні ішінде; 

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есептік нөмір беру туралы тізілімнен үзінді көшірме.

Мемлекеттік қызметті  көрсетуге қажетті құжаттардың тізбесі:

белгіленген нысандағы өтініш;

өндірілетін тамақ өнімдері тізбесінің көшірмесі. 

4. Жобаларға, өнімдерге, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;

2) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Орталық) арқылы;

3) www.е.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

көрсетілетін қызметті берушіге, Орталық арқылы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 15  (он бес) жұмыс күні ішінде; 

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қағаз жеткізгіштегі не электрондық құжат нысанындағы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қажетті  құжаттардың тізбесі:

1) өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілердің техникалық-экономикалық негіздемесіне, орналастыру және құрылыс жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін:

белгіленген нысандағы өтініш;

объектінің сипаттамасы туралы түсіндірме жазбасы  бар жобалау құжаттамасы және материалдар;

болжанатын құрылысқа арналған жер учаскесіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды;

2) өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілерді реконструкциялау кезінде  оның техникалық-экономикалық негіздемесіне, жобасына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін:

белгіленген нысандағы өтініш;

объектілерді реконструкциялауға арналған техникалық-экономикалық негіздеме, жобалау құжаттамасы;

3) қоршаған ортаға зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілген шекті шығарындылары мен рұқсат етілген шекті төгінділері, уытты, радиоактивті және басқа да зиянды заттарды кәдеге жарату және көму құжаттамалары жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін:

белгіленген нысандағы өтініш;

қоршаған ортаға зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілген шекті шығарындылары мен рұқсат етілген шекті төгінділері, уытты, радиоактивті және басқа да зиянды заттарды кәдеге жарату және көму бойынша жобалар және нормативтік құжаттама;

4) жерүсті және жерасты сумен жабдықтау көздерінің санитариялық қорғаныш аймағын (бұдан әрі – СҚА) белгілеу бойынша техникалық-экономикалық негіздемеге, құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін:

белгіленген нысандағы өтініш;

СҚА жобасы, оның ішінде жерасты және жерүсті көздері суының сапасы мен гидрогеологиялық зерттеулер қорытындысы;

5) санитариялық-қорғаныш аймақтарын белгілеу және түзету жөніндегі   құжаттама жобаларына, геологиялық зерттеулердің құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін:

белгіленген нысандағы өтініш;

санитариялық-қорғаныш аймақтарын белгілеу және түзету жөніндегі   жоба, геологиялық зерттеулердің құжаттама жобасы;

6) қалалық және ауылдық  елді мекендер құрылысының техникалық-экономикалық негіздемелеріне, бас жоспарлары, елді мекендер құрылыстарын жоспарлау жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін:

белгіленген нысандағы өтініш;

қалалық және ауылдық  елді мекендер құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесі, бас жоспарлары, елді мекендер құрылыстарын жоспарлау жобалары;

7)  жаңа шикізат түрлеріне, технологиялық жабдықтарға, тағам өнімдерін өндіру процестеріне арналған стандарттар мен нормативтік құжаттар жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін:

белгіленген нысандағы өтініш;

өнімдер дайындалған кезде негізге алынатын құжаттар (стандарттар, техникалық шарттар, регламенттер, технологиялық нұсқаулықтар, ерекшеліктер, рецептуралар, құрамы туралы  мәліметтер);

гендік-инженерлік-түрлендірілген ағзалардың, наноматериалдардың, гормондардың, пестицидтердің (тағам өнімдері үшін) болуы туралы дайындаушының (өндірушінің) декларациясы;

бақылаудағы тауарларды қолдану (пайдалану, қолдану) жөніндегі дайындаушының (өндірушінің) құжаты (нұсқаулықтар, басшылық, регламент, ұсынымдар);

 Кеден одағының (бұдан әрі – КО) заңнамасына сәйкес расталған зерттелетін үлгілердің қауіпсіздігі мен сапасын куәландыратын дайындаушының (өндірушінің) құжаты;

зерттеулер (сынаулар) хаттамалары, ғылыми есептер, сараптама қорытындылары;

8) азық-түлік шикізат өнімдеріне, өнеркәсіп бұйымдарына, құрылыс материалдарына, иондаушы сәулелендіру көздеріне, химиялық заттар мен өнімдерге, биологиялық, дәрілік, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарына, медициналық иммундық-биологиялық препараттарға, ыдыстарға, азық-түлік шикізатымен, тамақ өнімдерімен және ауыз сумен жанасатын қаптау және полимер материалдарына,  парфюмерлік-косметикалық және кеңінен қолданылатын басқа да  тауарларға, жабдыққа, аспаптарға және жұмысшы құрал-сайманға (бұдан әрі – өнімдер) арналған стандарттар мен нормативтік құжаттар жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін:

белгіленген нысандағы өтініш;

өнімдерге арналған стандарт жобасы;

өнімдердің санитариялық-эпидемиологиялық сараптама хаттамалары (өнімнің қауіпсіздігінің белгіленген гигиеналық көрсеткіштері немесе сақтау шарттары (мерзімдері) өзгерген кезде);

бұйымдарды дайындаған кезде қолданылатын материалдар мен заттардың тізбесі және дайын бұйымнан  көшуге қабілетті заттардың тізбесі (рұқсат етілген шекті шоғырлануды, әсер етудің шамалық қауіпсіз деңгейі (бұдан әрі – ӘШҚД) көрсете отырып);

5. Микробиологиялық зертханаларға патогендігі 1-4-топтардағы қоздырғыштармен жұмыс істеуге рұқсат беру

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын  тапсырған сәттен  бастап – 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – патогендігі 1-4 топтардағы қоздырғыштармен жұмыс істеуге микробиологиялық зертханаларға рұқсат беру.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

белгіленген нысандағы өтініш;

көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттікті куәландыратын құжат;

үй-жайлардың қолданылу мақсатын көрсете отырып, зертхананың схемаларын және таза, жұқпалы ағындар қозғалыстарының схемаларын қоса беру арқылы, оның бейініне сәйкес зертхананы режимдік комиссиялар мамандарының тексеру актісі;

зерттеулердің орындалатын номенклатурасы, материалдық базаны, кадр құрамын және персоналдың кәсіптік даярлығы көрсетілген түсіндірме жазба;

зертхананың бейініне сәйкес орталық режимдік комиссия сарапшыларының қорытындылары;

персоналдың  медициналық кітапшалары;

персоналдың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген профилактикалық егулерді алуы туралы анықтама.

6. Тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдерін және сақталу шарттарын келісу»

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;

2) www.e.gov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы   арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын  тапсырған сәттен  бастап – 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрде.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдері мен сақтау шарттарын келісу.

Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

белгіленген нысандағы өтініш;

оларға  сәйкес өнім дайындалатын, дайындаушы (өндіруші) растаған құжаттардың (стандарттар, техникалық шарттар, регламенттер, технологиялық нұсқаулар, ерекшеліктер) көшірмелері;

санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің аккредиттелген зертханалары берген қауіпсіздіктің санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкестігіне тамақ өнімдерінің сынамаларын зерттеу (сынау) хаттамалары;