• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

«Табиғи монополияларды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 362 бұйрығына баспасөз-хабарламасы

2018 жылдың 7 желтоқсаннан бастап «Табиғи монополияларды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 245 бұйрығына өзгеріс енгізілді.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 3 желтоқсандағы № 126 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағидаларының 13-тармағына сәйкес Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттері мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары қолданысқа енгізілгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде әзірленеді және бекітіледі.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 362 бұйрығымен бекітілген Табиғи монополияларды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламентіне өзгерістер енгізіледі. Көрсетілген өзгерістер мерзімдерді, құжаттар тізбесін қысқартуды және көрсетілетін қызметті беруші қызметінің тәртібін,  оның ішінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл тәртібін анықтауды және мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі бизнес-процессті оңтайландыруды көздейді.

Бұйрық республикалық бюджеттен қаржылық шығындарды көздемейді және теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық салдарға әкеліп соқпайды.