• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Т.М. Сүлейменовтің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары туралы ҚР Үкіметінің отырысында сөйлейтін сөзі, 25.12.18

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) бағаларының өзгеруі өткен аптамен салыстырғанда 0,3% құрайды.

21 желтоқсандағы жағдай бойынша негізінен барлық өңірлерде тауарлардың екі түрі – қырыққабат және қант бойынша шекті мәндердің 15% астамға көтерілу байқалды.

Мәселен, қант бойынша шекті мәндерден асу 10 өңірде байқалды, оның ішінде 8 өңірде Комиссия өткізілді, 2 өңірде өткізілген жоқ.

Қырыққабат бойынша шекті мәндерден асу 11 өңірде. Оның ішінде 3 өңірде ғана тиісінше Комиссия өткізілді.

Егер қант бойынша объективті себептер болса,  оның бағасы  қант нарығындағы әлемдік үрдістердің әсерінен өсуде, ал  қырыққабат бойынша  жағдай өзгеше.

Қырыққабат бойынша әкімдіктердің айтып отырған себептері негізінен  әкімдіктер деңгейінде шешілетін проблемалар.

Одан басқа, ағымдағы жыл аяқталуға жақын, әкімдіктер келесі жылға арналған ӘМАТ болжамдық мәндерін белгілеуі тиіс.

Шекті мәндерді уақытылы белгілеу одан әрі мониторингілеу және  қажетті шараларды тиімді түрде қабылдау үшін қажет.

Алайда бірде-бір әкімдік шекті мәндерді бекіткен жоқ, бұл 2019 жылдың бірінші тоқсанында  ӘМАТ бағаларының өсуіне уақытылы ден қоюға кері әсерін тигізуі мүмкін.

Желтоқсанда бағалардың өсуінің жыл сайынғы үрдісін, сондай-ақ  әлеуметтік сипаттағы басқа да тауарларға шекті бағалардың өсуінің тәуекелін ескере отырып, әкімдіктердің:

  • Комиссиялар қызметінің мәселелері мен оларда қабылданатын шешімдерді ерекше бақылауға алуы;
  • ағымдағы жылдың соңына дейін 2019 жылға арналған шекті мәндерді бекітулері;
  • сауда қызметі субъектілерімен  түсіндіру  жұмыстарын күшейтуі тиіс.