• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Үкімет отырысында ҚР 2019-2023 жылдарға арналған ӘЭДБ бойынша Ұлттық экономика министрі Т.М. Сүлейменовтің сөйлеген сөзі, 26.11.18

Сіздердің қарауларыңызға 2019 – 2023 жылдарға арналған негізгі макрокөрсеткіштердің және 2019 – 2021 жылдарға арналған бюджеттік параметрлердің нақтылауы енгізілді.

Соңғы екі айда мұнай бағасы біршама құбылмалылықты көрсетеді. Биылғы жылдың қазан айының басында ол 86,2 (сексен алты да екі) АҚШ долларын құрады. 23 қарашада мұнай бағасы барреліне 58,8 (елу сегіз де сегіз) АҚШ долларға төмендеді. Ауытқу 32 % (отыз екі процентті) құрады.

Осыған орай әлемдік нарықтарындағы ағымдағы жағдайын және халықаралық қаржы ұйымдарының болжамдарын ескере отырып болжамды мұнай бағасы бір баррель үшін 60 АҚШ долларынан 55 АҚШ долларына дейін төмендеді.

Жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 2019 жылы 3,8 % (үш те сегіз процент) құрайды. Бұл ретте жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық өсуі (2019 – 2023 жж.)  4,1 % (төрт те бір процентті) құрайды.

2019 жылы номиналды жалпы ішкі өнім 64,0 (алпыс төрт) триллион теңгеден 2023 жылы 86,5 (сексен алты да бес) триллион теңгеге дейін өседі.

Жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 2019 жылы 9,4 (тоғыз да төрт) мың АҚШ долларын құрап, 2023 жылы 12,1 (он екі де бір) мың АҚШ долларына дейін ұлғаяды.

Өңдеу өнеркәсібі 4,1% (төрт те бір процент), тау-кен өндіру 3,0% (үш процент) өсуде. Ауыл шаруашылығында – 6,4% (алты да төрт процент), құрылыс саласында – 4,1% (төрт те бір процент), саудада – 4,4% (төрт те төрт процент) өсуде.

Экспорт көлемі 2019 жылы 54,1 (елу төрт те бір) миллиард АҚШ долларын құрайды. 2023 жылы 65,7 (алпыс бес те жеті) миллиард АҚШ долларына дейін ұлғаяды. Импорт 2019 жылы 32,9 (отыз екі де тоғыз) миллиард АҚШ долларынан 2023 жылы 39,6 (отыз тоғыз да алты) миллиард АҚШ долларға дейін өседі.

Мұнай өндіру көлемі 2019 жылғы 88,0 (сексен сегіз) миллион тоннадан 2023 жылы 99,0 (тоқсан тоғыз) миллион тоннаға дейін өседі.

Инфляция бұрын мақұлданған деңгейде 2019 жылы 4-6% (төрт және алты процентте) сақталады,  2020 – 2023 жылдары 3-4% (үш және төрт процентке) дейін төмендейді.

Макроэкономикалық түзетілген болжам негізінде 2019 – 2021 жылдарға арналған бюджет параметрлерінің болжамы қайта қаралды.

Республикалық бюджет кірісі (трансферттерді қоспағанда) 2019 жылы 6 трлн. 786 (жеті жүз сексен алты) миллиард  теңге, 2020 жылы – 7 трлн. 360 (үш жүз алпыс) миллиард теңге, 2021 жылы – 7 трлн. 998 (тоғыз жүз тоқсан сегіз) миллиард тенге көлемінде болжануда.

Республикалық бюджет шығыстарының болжамы 2019 жылы 10 трлн. 727 (жеті жүз жиырма жеті) миллиард теңге, 2020 жылы – 11 трлн. 59 (елу тоғыз) миллиард теңге, 2021 жылы – 11 трлн. 402 (төрт жүз екі) миллиард теңге көлемінде айқындалды.

2019 жылы бюджет тапшылығын 2018 жылдың деңгейінде жалпы ішкі өнімге қарағанда 1,5% (бір де бес процент) жоспарланған, ал 2020 жылы – 1,4% (бір де төрт процентке) және 2021 жылы – 1,3% (бір де үш процентке) дейін төмендейді.

Мұнай емес тапшылық 2019 жылы жалпы ішкі өнімге қарағанда 6,9% (алты да тоғыз проценттен) 2021 жылы – 5,3% (бес те үш процентке) дейін қысқарады. Бұл Ұлттық қордың тұжырымдамасымен белгіленген нысаналы көрсеткіштен аспайды.

Ұлттық қордың валюталық активтері 2019 жылы 63 (алпыс үш) миллиард АҚШ долларыннан 2021 жылы 67,4 (алпыс жеті де төрт) миллиард АҚШ долларына дейін ұлғаяды (жалпы ішкі өнімге қарағанда 33,6% (отыз үш те алты процент).