• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Ұлттық экономика мәселелер жөніндегі Қоғамдық кеңестің мүшелерін сайлау бойынша конкурсы туралы хабарландыру

Ұлттық экономика мәселелер жөніндегі Қоғамдық кеңесін қалыптастыру туралы Жұмыс тобы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Қоғамдық кеңесінің мүшелігіне конкурс жариялайды.

Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:

1) сотталғандығы болмауы;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

3) психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін:

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.

Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2019 жылдың 10 сәуіріне дейін (қоса алғанда).

Құжаттар жіберілетін пошталық және электрондық пошта мекенжайлары: d.akmurzaeva@economy.gov.kz, Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8 (7 кіреберіс, 417 кабинет).

Ақпарат үшін телефон: 8 (7172) 743038.