You are here

Жоба 2015 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу мониторингі бойынша ҚОРЫТЫНДЫ жобасы

2015 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу мониторингі бойынша

ҚОРЫТЫНДЫ

 

1. Бағдарламалық құжаттың деректемелері:

2014-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік су ресурстарын басқару бағдарламасы бекітілген құжат: Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4-сәуірдегі № 786 Жарлығы.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген құжат: ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 5 мамырдағы  № 457 қаулысы.

Әзірлеуші мемлекеттік орган: Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Бірлесіп орындаушылар: Ұлттық экономика министрлігі, Әділет министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, Инвестициялар және даму министрлігі, Қаржы министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Ішкі істер министрлігі.

Іске асыру мерзімдері: 2014 - 2020 жылдар.

Есеп беру кезеңі: 2015 жыл

2. Есепті кезең ішінде қол жеткізілген нақты нәтижелер

Тұтастай алғанда, Мемлекеттік бағдарлама аясында 5 нысаналы индикаторға, 15 нәтиже көрсеткішіне қол жеткізу және 48 іс-шараны іске асыру жоспарланған.

Есепті кезеңге 4 нысаналы индикаторға, 15 нәтиже көрсеткішіне қол жеткізу және 43 іс-шараны іске асыру жоспарланған.

Бес нысаналы индикатордың ішінен үшеуі және нәтижелер көрсеткіштерінің бірқатары бойынша аралық мәндерінің болмауы 2015 жылға сапалы мониторинг жүргізуде қиындықтар туғызады. Бұл мәселе 2015 жылы 2014 жылғы мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мониторингі қорытындылары бойынша Мемлекет басшысының тапсырмаларына және ҚР Ұлттық экономика министрлігінің  ұсыныстарына сәйкес жүргізілген Мемлекеттік бағдарламаны түзету есебінен шешілетін болады (аралық мәндерді қайта қарау, қаржыландыруды оңтайландыру, Мемлекеттік бағдарламаның іс-шаралар жоспарын іске асыру мерзімдерін кайта қарау, және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарына байланыстыру бөлігінде)

1-нысаналы индикатор бойынша. 2020 жылға қарай су тұтынуды ІЖӨ бірлігіне 2012 жылдың деңгейіне қарағанда нақты мәнде 33%-ға төмендету.

Нысаналы индикатор шеңберінде 6 тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізу және 20 іс-шараны іске асыру көзделген.

Аралық мәндердің болмауымен байланысты аталған нысаналы индикатор және тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу мониторингін жүзеге асыру мүмкін емес.

Нысаналы индикаторға қол жеткізу шеңберінде 16 (80%) іс-шара орындалды, 4 іс-шара орындалған жоқ.

1.1 - көрсеткіш бойынша. 2020 жылға қарай магистральдық және бөліп тарату каналдарындағы шығындар 20%-дан аспайды. 1.1.1.Республикалық және коммуналдық меншіктегі магистральдық және бөліп тарату каналдарын реконструкциялау және жаңғырту, күрделі жөндеу (шығындарды 2012 жылы 24%-дан 2020 жылы 20%-ға дейін қысқарту)іс-шарасы орындалды.

Іс-шара республика меншігіндегі объектілер бойынша жоспарланған мәндерден айтарлықтай артық іске асырылды ( жоспарда - 8 млн м3 шығындарды азайту, нақты - 150 млн м3 су шығынын азайту). Республикалық бюджет есебінен 6.509.4 млн. теңге сомасына магистральдық және бөліп тарату каналдарын реконструкциялау және күрделі жөндеу нәтижесінде 5 объекті пайдалануға берілді, су шығынының 150 млн. м3 немесе 0,05% азаюына қол жеткізілді.

Жоспар бойынша 6 525, 7 млн. теңге болғанда 16.38 млн теңге игерілмеді, оның ішінде:

- үш объекті бойынша мердігер ұйымдардың жұмыс жүргізу кестесінен қалып қоюына байланысты 14,576 млн теңге;

-  1.801 млн теңге бюджет қаражатын үнемдеуге байланысты.

2015 жылы жергілікті бюджет қаражатынан бөлінген 4499,4 млн. теңгенің 4488,7 млн теңгесі игерілді, ол қаражат магистральдық және бөліп тарату каналдарын, сондай–ақ коммуналдық меншіктегі гидротехникалық құрылыстарды қалпына келтіру бойынша жобаларды іске асыруға бағытталған.

Бұл ретте, аталған қаражатты үш әкімдік қана бөлді – ОҚО 3709,6 млн. теңге, Алматы облысы 312,8 млн.теңге және Қызылорда облысы 270,3 млн. теңге:

ОҚО әкімдігі су шығынын азайту бойынша ақпаратты ұсынған жоқ;

Алматы облысы әкімдігі су шығындарын 50%-дан 25%-ға дейін азайтты. Бұл ретте, нақты мәнде су шығындарын азайту бойынша ақпаратты ұсынған жоқ;

Қызылорда облысы бойынша, су шығындары 40%-дан 10%-ға дейін азайтылды. Бұл ретте, нақты мәнде су шығындарын азайту бойынша ақпарат ұсынылған жоқ;

Өз кезегінде, облыстар бөлінісінде бөлінген қаражаттың жиынтық сомасы АШМ есебінде көрсетілген бөлінген қаржыттың жиынтық сомаға сәйкес келмейтінін (айырмасы 206,7 млн. теңге) атап өтеміз.

Коммуналдық меншікте магистральдық және бөліп тарату каналдары болмағандықтан - Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында  жергілікті бюджеттен қаражат көзделген жоқ.

Көрсетілген іс-шараларды іске асыру үшін Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстары жергілікті бюджеттен қаражат бөлуді жоспарлаған жоқ.

Тұтастай алғанда, жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы іс-шаралардың орындалуы бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігінің есебінде реконструкциялауға және жаңғыртуға жататын жобалардың болмауына байланысты су шығындарының азаюы бойынша нақты мәнде (м3,%) жиынтық дәлелдемелер көрсетілмеген.

Іске асырылуы 2015-2020 жж. IV тоқсан кезеңіне жоспарланған 2 іс-шара орындалмады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараты бойынша, жобалық құжаттарды қараудан бас тартуды растайтын Мемлекет басшысының мораторийіне сілтеме жасалған 2015 жылғы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ішкі құжаттары (қаржы департаментінің қорытындылары) бар, себебі іс-шаралардың іске асырылуы 2016 жылы басталуы тиіс:

1.1.2. Су шаруашылығы объектілерін пайдаланушы ҚОСРМ «Қазсушар» РМК жарғылық капиталын ұлғайту арқылы машина-трактор паркін жаңарту және техникалық құралдармен жарақтандыру, технологиялық автокөліктерге қызмет көрсету жөніндегі тірек базаларының құрылысы және қызметтік үй-жайларды сатып алу, оның ішінде:

машина-трактор паркін жаңарту және техникалық құралдармен жарақтандыру,

технологиялық автокөліктерге қызмет көрсету жөніндегі тірек базаларының құрылысы, қызметтік үй-жайларды сатып алу.

1.1.3. Республикалық және коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы объектілеріне көпфакторлы зерттеу жүргізу. Бұл ретте, қаражаттың болмауы немесе көпфакторлы зерттеп – қарау жүргізуді талап ететін коммуналдық меншікте тіркелмеуі (Атырау және Mаңғыстау облыстарында) себебінен облыстар әкімдіктерінің ақпараты бойынша жергілікті бюджеттен қаражат бөлу жоспарланбаған.

Іс-шаралардың орындалмау себебі обьективті деп есептейміз, өйткені Мемлекеттік бағдарлама және оның іске асырылуы бойынша ic-шаралар жоспары бекітілген сәтте Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 148-V Заңымен 2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет бекітілген болатын.

2014 жылы 2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау мен қалыптастыру кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстар лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді,айқындау қағидаларына сәйкес, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган тұрақты сипаттағы шығыстарға арналған лимиттерді және 2012-2013 жылдары РБК мақұлданған инвестициялық жобалардың аяқталуына немесе жалғасуына арналған лимиттерді ғана жеткізген.

Сонымен қатар, 2015 жылдың тамызында жаңа бастамаларға мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлуге мораторий белгіленуіне байланысты 2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде тиісті бюджеттік өтінімдер берілмеді.

1.2.-көрсеткіш бойынша. 2020 жылға қарай ирригациялық инфрақұрылымдағы шығындар 30%-дан аспайды (магистральдық және бөліп тарату каналдарын қоспағанда)

1.2.1. Гидромелиоративтік жүйелер мен жайылымдарды суландыру жүйелерін түгендеу және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу.

Жоспарлы және нақты мәндер тек Алматы облысы бойынша көрсетілгенін атап өтеміз (жоспарда- 7.85 мың га, нақты- 6.71 мың га).

Бұл ретте, Ауыл шаруашылығы министрлігінің есебіне қоса берілген ақпаратқа сәйкес, осы іс-шара барысындағы жұмыстарды Қызылорда облысының әкімдігі жүзеге асырған.

БҚО әкімдігі облыс аумағында тұрақты суару алаңы 20,0 мың га және жайылма суару 88,1 мың га құрайды. Алайда, іс-шараның орындалуы, сондай-ақ бөлінген және игерілген қаражат туралы ақпаратты әкімдік ұсынған жоқ.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараты бойынша Ақмола, СҚО, Қостанай, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар облыстары жергілікті бюджет қаражаты есебінен аталған іс-шараларды есепті кезеңде жүргізбеген.

Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында жеке меншікте 2015 жылы салынған және 233,645 млн теңге көлемінде өз қаражаты есебінен қалпына келтірілген 63 суару құрылысы бар.

1.3.- көрсеткіші бойынша. 2020 жылға қарай АШТӨ 80%-ы су тарту мен су берудің барлық кезеңдерінде өлшеу аспаптарымен жарақтандыру және басқаруды автоматтандыру.1 іс-шара орындалған жоқ;

1.3.1 АШТӨ су жинаудың барлық кезеңінде суды есептеу құралдарын орнату және су бөлуді автоматтандыру.

Базалық (бастапқы) мәні - 33 мың құрал. Ауыл шаруашылығы министрлігінің есебінде тек Қостанай облысы бойынша жоспарда - 48 аспап және нақты - 48 аспап көрсетілген. Аталған облыста су тоғандарында 48 су есептегіш аспап орнатылған, оның ішінде 20 су есептегіш аспап жерүсті көздерінде, ал 28 су есептегіш аспап жерасты көздерінде. Барлық есептегіш шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз қаражаты есебінен орнатылды. Бұл ретте, іс шараларды қаржыландыру туралы ақпаратты әкімдік ұсынған жоқ.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпаратына сәйкес басқа да облыстар бойынша ақпарат:

- Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстары ақпарат ұсынған жоқ;

- Маңғыстау облысы бойынша: облыс аумағында АШТӨ ішінара «ҚазТрансОйл» АҚ және «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС магистральдық су құбырларының суын пайдаланады. Барлық су бұрғыш көрсетілген компаниялардың өз қаражаты есебінен орнатылған су есептеу құралдарымен жабдықталған.

-Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында барлық су тоғаны 100%-ға су есептегіш құралдарымен АШТӨ өз қаражаты есебінен жабдықталған:

- Алматы, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарында 2015 жылы жұмыстар жоспарланбаған және жүргізілмеген.

1.4.-көрсеткіш бойынша. 2020 жылға қарай топырақты өңдеудің ылғалды үнемдеу әдістері және ықтимал алаңдардың 50%-ын егістіктерді су үнемдеу тұрғысынан қайта құрылымдау және 1.5. 2020 жылға қарай ықтимал алаңдардың 30%-на суарудың су үнемдеу технологияларын орнату. Жоспарланған 3 іс-шара орындалған жоқ.

1.6.- көрсеткіш бойынша. 2020 жылы кәсіпорындардың 20%-ына кәсіпорындағы су үнемдеу технологияларын, сондай-ақ 2020 жылға қарай кәсіпорындардың 30%-ына айналма сумен жабдықтау технологиясын орнату.

1 жоспарланған іс-шараның орындалғанын атап өтеміз, ол 1.6.1. Өнеркәсіптік кәсіпорындарды қолжетімді су үнемдеу технологиялары және олардың экономикалық тиімділігі туралы ақпараттандыру, кейіннен өндіріске енгізу.

Аталған іс-шара жоспарланған мәндерден айтарлықтай артық орындалды (жоспарда - су үнемдеу технологиясы бойынша 186, кері сумен жабдықтау жүйелері бойынша - 188 кәсіпорын). Қолжетімді су үнемдеу технологиялар туралы 584 кәсіпорын хабардар етілді.

Нысаналы индикатор аясында іске асырылған өзге де іс-шаралар бойынша барлығы 10 іс-шара орындалған, оның ішінде - 1.7.2 іс-шара «Қазақстандағы су жылы» халықаралық конференциясын өткізу» орындалды деп есептеуге болады.

Жоспарланған «Қазақстандағы су жылы» халықаралық конференциясы болған жоқ. Бұл ретте, Ауыл шаруашылығы министрлігінің есебіне сәйкес, 2015 жылғы 2-3 маусымда Астана қаласында жоғарғы деңгейдегі Қазақстандағы су жылы контексінде ЕҚЫҰ-ның «ЕҚЫҰ өңірінде су ресурстарын басқару: Ынтымақтастық негізінде қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту» тақырыбындағы 23 - экономика-экологиялық форумына орай Ұлттық кездесу өткізілді.

Мемлекеттік бағдарламаның іс-шаралар жоспарына сәйкес Халықаралық конфереция өткізу үшін республикалық бюджет есебінен 43 млн теңге бөлу жоспарланған, алайда аталған кездесу ЕҚЫҰ-ның Астанадағы офисінің қаражаты есебінен өткізілді.

2-нысаналы индикатор бойынша. Қосымша жерүсті су ресурстарын 2020 жылға қарай қолданыстағы инфоқұрылымды қолдау мен жаңғырту шаралары есебінен 0,6 м3-ге ұлғайту.

Нысаналы индикатор бойынша аралық мәндер Мемлекеттік бағдарламада көзделмеген.

Бұл ретте, АШМ ақпараты бойынша, осы индикатор қол жеткізуге 2.1.2. «Жоба алды және жобалық құжаттаманы дайындау, жаңа су шаруашылығы ғимараттарын және объектілерін салу» іс-шара бағытталған осыған сәйкес, қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғырту мақсатында 2015 жылы "Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу " 105 бюджеттік бағдарламасы аясында жоба алды және жобалық құжаттаманы дайындау жұмыстары жүргізілді. 12,0 млн.теңге сомасына «Шығыс Қазақстан облысындағы Үлкен Ұласты шекара өзенінің бірлескен су торабы құрылысы» жобасы бойынша ТЭН әзірленген.

21 жаңа объектінің құрылысы бойынша ЖСҚ әзірлеуге 7 инвестициялық ұсынысы ҚР АШМ Су ресурстары жөніндегі комитеті дайындаған.

Алайда, әзірленген жобалық құжаттаманы ҚР АШМ қаржы департаменті қолдаған жоқ. (Мемлекет басшысының мораторийіне сілтеме жасай отырып, жобалау құжаттамасын қарастыруда бас тартуды растайтын қорытынды бар).

Бұл ретте Мемлекеттік бағдарламаның іс-шара жоспарына сәйкесіс-шара бойынша нақты нәтижелер (жерүсті су ресурстарының ұлғаюы), 2016 жылдан бастап көзделген. Осыған байланысты нысаналы индикаторға қол жеткізу осы есепті кезеңде қарастырылмады.

Осы нысаналы индикатор шеңберінде 2 тікелей нәтижеге қол жеткізу және 7 іс-шараны іске асыру көзделген.

Аралық мәндердің болмауына байланысты аталған нысаналы индикаторларға және тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу мониторингін жүзеге асыру мүмкін емес.

Нысаналы индикаторға қол жеткізу шеңберінде 5 іс-шара орындалды (71,4%), 2 іс-шара орындалған жоқ.

2.1.-көрсеткіш бойынша. Қолданыстағы инфрақұрылымды қолдау және жаңғырту шаралары есебінен қосымша жерүсті су ресурстарын 2020 жылға қарай 0,6 м3 ұлғайту:

2.1.3 Өзендердің 8 бассейні бойынша су сағасының ауданындағы орманның қазіргі жағдайына бағалау жүргізу. Ормандардың су қорғау және суды реттеудегі рөлін арттыру мақсатында орман шаруашылығы жұмыстарын жүргізудің жұмыс жобаларын әзірлеуі келесі себептерге байланысты орындалған жоқ:

Өйткені Мемлекеттік бағдарлама және оның іске асырылуы бойынша ic-шаралар жоспары бекітілген сәтте Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 148-V Заңымен 2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет бекітілген болатын.

2014 жылы 2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау мен қалыптастыру кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстар лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді,айқындау қағидаларына сәйкес, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган тұрақты сипаттағы шығыстарға арналған лимиттерді және 2012-2013 жылдары РБК мақұлданған инвестициялық жобалардың аяқталуына немесе жалғасуына арналған лимиттерді ғана жеткізген.

Сонымен қатар, 2015 жылдың тамызында жаңа бастамаларға мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлуге мораторий белгіленуіне байланысты 2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде тиісті бюджеттік өтінімдер берілмеді.

Іс-шаралардың орындалмау себебі обьективті деп есептейміз.

2.2.- көрсеткіші бойынша. 2020 жылға қарай мемлекеттік су кадастрының ұйымдық құрылымы мен жүргізу тәртібін жетілдіру негізінде оның қолданыстағы автоматтандырылған ақпараттық жүйесі. Жоспарланған 1 іс-шара орындалды.

2 - нысаналы индикатор шеңберінде іске асырылатын ( барлығы 2 ) өзге де іс-шаралар бойынша 2015 жылы Мемлекет басшысының жаңа бастамаларға 2018 жылға дейін мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлуге мораторийіне байланысты 1 іс-шара орындалған жоқ:

2.3.2 Су тапшы жылдары экономика салаларын сумен қамту бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды өткізу және ГТҚ құлақтандыру жүйелерімен жарақтандыру арқылы халықты және экономиканы еріген және тасқын сулардан қорғау.

Өйткені Мемлекеттік бағдарлама және оның іске асырылуы бойынша ic-шаралар жоспары бекітілген сәтте Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 148-V Заңымен 2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет бекітілген болатын.

2014 жылы 2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау мен қалыптастыру кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстар лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді,айқындау қағидаларына сәйкес, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган тұрақты сипаттағы шығыстарға арналған лимиттерді және 2012-2013 жылдары РБК мақұлданған инвестициялық жобалардың аяқталуына немесе жалғасуына арналған лимиттерді ғана жеткізген.

Сонымен қатар, 2015 жылдың тамызында жаңа бастамаларға мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлуге мораторий белгіленуіне байланысты 2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде тиісті бюджеттік өтінімдер берілмеді.

Іс-шаралардың орындалмау себебі обьективті деп есептейміз.

3-нысаналы индикатор бойынша. Орталық ауыз сумен қамту жүйесіне тұрақты қолжетімділікке ие су тұтынушылардың үлесі: 2020 жылға дейін қалаларда 100%-дан төмен емес және ауылдық елді мекендерде 80%-дан төмен емес.

Нысаналы индикатор бойынша аралық мәндер Мемлекеттік бағдарламада көзделмеген. Нысаналы индикаторға Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасында көзделген іс-шаралар аясында қол жеткізілетін болады.

Нысаналы индикатор шеңберінде 1 тікелей нәтижеге қол жеткізу көзделеді:

3.1.-көрсеткіш бойынша. Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз етуге жоспарланған мәндерден айтарлықтай асырылып қол жеткізілді (жоспарда - қала халқын - 87%, ауыл халқын - 49%, шын мәнінде - қала халқын - 87%, ауыл халқын - 51,5%).

2015 жылы республикалық бюджеттен сумен жабдықтау және су бұру секторын дамыту үшін Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейін бағдарламасы шеңберінде 177 жобаны іске асыру үшін 61,5 млрд теңге бөлінді. Бағдарламада көрсетілген көрсеткіштер экономикалық өсу орталықтары бойынша (агломерациялар, екінші және үшінші деңгейдегі қалалар, шекаралық ауылдар) бөлінді.

Көрсеткіштердің мәндері Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2014-2018 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының "Мақсат 3.3. Тұрғындарға қолжетімді тұрғын үй, коммуналдық қызметтер шаруашылығына және инфрақұрылымды жаңғырту үшін жағдай жасау" бөлімінде көзделген. (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 132 бұйрығымен бекітілген).

4 - нысаналы индикатор бойынша. Су бұру жүйесіне қолжетімділікке ие су тұтынушылардың үлесі: 2020 жылға дейін қалаларда 100%-дан төмен емес, ауылдық елді мекендерде 20%-дан төмен емес.

Нысаналы индикаторлар бойынша аралық мәндер мемлекеттік бағдарламада көзделмеген. Нысаналы индикаторға Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының іс-шаралары аясында қол жеткізілетін болады.

Нысаналы индикатор шеңберінде тікелей нәтижелердің 3 көрсеткішіне қол жеткізу көзделген. Бұл ретте, іс-шараларды іске асыру Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында көзделген.

4.1.-көрсеткіш бойынша. Тұрғындарды су есептеу аспабымен қамтамасыз ету. (жоспарда - 74,6%, нақты - 79,5%) Жергілікті атқарушы органдарының деректері бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтауға қосылған халық жеке су есептеу аспаптарымен қамтамасыз етілген: қалалық жерлерде- 88%, ауылдық жерлерде- 71%-ға дейін, жалпы алғандағы орташа мәні - 79,5%.

4.2.-көрсеткіш бойынша. Қалалық желілерде су шығынының деңгейін азайту (жоспарда - 19%, нақты - 19%). Жергілікті атқарушы органдарының мәліметтері бойынша, 2015 жылы су шығынының деңгейі 19% құрады. 2015 жылдың қорытындысы бойынша статистикалық мәліметтер 2016 жылдың мамыр айында жарияланатын болады.

4.3.-көрсеткіш бойынша. Қалада сынамасын үнемі алып тұруды ұйымдастыру: халық саны 100 мың адамнан аз, халық саны 100 мың адамнан көп. Жоспарланған мәндерден айтарлықтай жоғары нәтижемен қол жеткізілді (жоспарда халық саны - 100 мың адамнан аз қалаларда – 10 сынама, 100 мың адамнан көп - 14 сынама, нақты халық саны - 100 мың адамнан аз - 6444 сынама, 100 мың адамнан көп - 7992 сынама).

Нысаналы индикатор аясында іске асырылатын өзге де іс-шаралардың (барлығы 9) ішінен 8 іс-шара орындалмаған, оның ішінде:

- 7 іс-шараға 2015 жылғы 29 тамыздағы РБК № 20 хаттамалық шешімімен қолдау көрсетілмеді.

4.4.1. іс-шара Экологиялық дағдарыс аудандарын, сондай-ақ урбанизацияланған аумақтарды гидрогеоэкологиялық карталау, өнеркәсіптегі ағындар сапасына қойылатын талаптар мен шығындардың нормаларын әзірлеу, зиянды элементтердің (ауыр металдар, нитраттар және т.б.) фондық құрамы бойынша нормативтер.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ақпараты бойынша, мемлекеттік бағдарламаның бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес ҚОСРМ-ге 4.4.1 –тармақты орындау бекітілген болатын.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы» ҚР Президентінің 06.08.2014 №875 Жарлығына сәйкес, Ауыл шаруашылығы министрлігіне су ресурстарын басқару саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру функциялары мен өкілеттіктер берілді.

Осыған байланысты, ҚР Энергетика министрлігінде аталған тармақ бойынша ақпарат жоқ.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі өз есебінде су ресурстарының  сапасын басқару мәселелері Энергетика министрлігінің құзыретіне кіретінін атап өтті.

5-нысаналы индикатор бойынша. Табиғи суға жыл сайынғы қажеттілігін қанағаттандыру және навигацияны 39 км3 деңгейінде сақтау

Нысаналы индикатор бойынша Мемлекеттік бағдарламада аралық көрсеткіштер көзделмеген. Нысаналы индикатор шеңберінде 3 тікелей нәтижелер көрсеткішіне қол жеткізу және 7 іс-шараны орындау көзделген.

Бұл ретте, АШМ ақпаратына сәйкес, осы нысаналы индикаторға қол жеткізуге «Табиғи объектілердің экологиялық жағдайын сақтау және жақсарту үшін олардың суға қажеттілігін қамтамасыз ету, оның ішінде Балқаш көлін жылына 12,0 км3, Арал көлін – жылына 3,6 км3, Сырдария өзенінің атырауын – жылына 2,7 км3, Іле өзенінің атырауын – жылына 2,0 км3 және халықаралық мәні бар Сулы-батпақты алқаптар тізіміне енгізілген басқа да табиғи объектілерді қамтамасыз ету» 5.1.-тікелей нәтиже көрсеткіші көзделгенін атап өту қажет.

АШМ ұсынған есепке сәйкес, осы көрсеткішке қол жеткізілді – табиғи нысандардың 2015 жылы сумен қамтамысыз етілуі 32,84 км3 құрады. 2015 жылы навигация кезеңінде (наурыз-қараша) Ертіс өзені бойынша кемелердің өтуін қамтамасыз ету бойынша шектеу болған жоқ.

Шүлбі ГЭС тұстамасынан төмен Навигация кезеңінде шығыстар 650 м3/с құрады, кеме өтетін су жолдарын қамтамасыз ету бойынша жалпы көлемі 8,8 км3 құрады.

Осылайша, есепті кезеңде табиғи нысандарды және навигацияны қамтамасыз ету 41,64 км3 құрады (жылдық жоспар – 39 км3 деңгейінде).

Осыған байланысты нысаналы индикаторға қол жеткізілді деп санауға болады.

«Барлық ірі және орта, сондай-ақ республиканың шаруашылық кешені үшін елеулі кіші өзендерді гидрологиялық бақылаумен қамту және 2020 жылға дейін мемлекеттік гидробекеттердің санын 500-ге дейін жеткізу» 5.2 тікелей нәтиже көрсеткіші 5.2.1 «195 жаңа гидробекетін салу және олардың жұмыс жасауын қамтамасыз ету» іс-шарасыніске асыру жолымен орындалғанын атап өтеміз. «Казгидромет» РМК ақпаратына сәйкес, осы іс-шара шеңберінде жоспарлық мәндерге сәйкес, ҚХР трансшекаралас Іле және Қара Ертіс өзендерінің бойында 2 жаңа гидробекет салынды.

Іс-шараны іске асыруға 59,666 млн. теңге бөлінген, игерілгені 56,186 млн. теңге немесе 94,2%. Мемлекеттік сатып алулар қорытындысы бойынша үнемдеу 3,48 млн. теңге құраған. 2015 жылғы 17 қарашадағы РБК отырысының № 25 хаттамасына сәйкес, 3,48 млн. теңге үнемдеу сомасы корпоративтік табыс салығын төлеуге қайта бөлінді.

«20 су айдыны үшін судың ластану деңгейін 2020 жылға дейін азайту»        5.3 тікелей нәтиже көрсеткішіне 5.3.1 «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы және басқа су айдындарын тазалау және санациялау» іс-шарасын іске асыру жолымен қол жеткізілді. Осы іс-шара шеңберінде 037 «Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру және жақсарту» бюджеттік бағдарламасы бойынша (2015 жылы 017 бюджеттік бағдарлама) «Щучье-Бурабай курорттық аймағында (Щучье , Бурабай , Қарасу көлдер) су айдындарын тазалау және санациялау» іс-шарасы іске асырылуда, 2015 жылы Қарасу көлін лай шөгіділерінен тазалау бойынша көлемі 25000 м2 жұмыс жүргізілді.

Іс-шараны іске асыруға 869,6 млн. теңге бөлінген. Қаражат толықтай игерілген.

Осылайша, осы нысаналы индикатор шеңберінде 3 тікелей нәтиже көрсеткішіне қол жеткізілді деп санауға болады.

Нысаналы индикаторға қол жеткізу аясында барлығы 4 іс-шара (57,1%) орындалды, 3 іс-шара орындалған жоқ, оның ішінде:

5.1.2. іс-шара «Сырдария арналарын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу» (САРАТС-2) 1 кезек.

Орындалмау себебі: ҚР Ұлттық экономика министрлігінің 073 «Халықаралық қаржы ұйымдарымен Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде жүзеге тасырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуы мен өсуіне жәрдемдесу бойынша жобаларды іске асыруды қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасының шеңберінде «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасы бойынша 2015 жылға ҚР Ұлттық қорының нысаналы трансферт қаражатынан 98.05 млн теңге бөлінді. Алайда, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Дүниежүзілік банк арасындағы қол қойылған Қарыз туралы келісімнің болмауына байланысты бөлінген қаражат бюджетті нақтылау кезінде алынды.

Анықтама үшін:

МҚҰ-дан сыртқы үкіметтік қарыздарды тарту жолымен іске асырылып жатқан бюджеттік инвестициялық жобалардың тізімнен САРАТС-2 жобасын алып тастау бөлігінде тиісті өзгерістер «Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобаларды іске асыруға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт қаражатын пайдалану қағидалары» 2015 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 241 қаулысына (ҚРҮ № 902) 2015 жылғы 12 қарашада енгізілді.

Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасында келісімнің болмауына байланысты Қарыз туралы келісімге қол қойылмады.

Қазіргі уақытта, ХҚДБ және Өзбекстан Республикасы арасында жобаны келісу жұмыстары жүргізілуде.

Алталған шараның орындалмау себебі объективті деп санаймыз;

5.1.3. «Көлсай көлдері» және 5.1.5 «Ертіс өзені жайылмасының бүкіл ұзақтығы бойынша негізгі арнаның жекелеген орындарындағы құймалар, ескі арналар кіре берісін, су ағыстарын тазалау»

Өйткені Мемлекеттік бағдарлама және оның іске асырылуы бойынша ic-шаралар жоспары бекітілген сәтте Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 148-V Заңымен 2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет бекітілген болатын.

2014 жылы 2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау мен қалыптастыру кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстар лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді,айқындау қағидаларына сәйкес, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган тұрақты сипаттағы шығыстарға арналған лимиттерді және 2012-2013 жылдары РБК мақұлданған инвестициялық жобалардың аяқталуына немесе жалғасуына арналған лимиттерді ғана жеткізген.

Сонымен қатар, 2015 жылдың тамызында жаңа бастамаларға мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлуге мораторий белгіленуіне байланысты 2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде тиісті бюджеттік өтінімдер берілмеді.

Іс-шаралардың орындалмау себебі обьективті деп есептейміз

Осылайша, Мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың есепті кезеңінде 5 нысаналы индикатордың 2-іне,15 нәтиже көрсеткіштерінің 4-іне қол жеткізілді.

Жоспарланған 43 іс-шараның ішінен 26 іс-шара орындалды, 17 іс-шара орындалған жоқ.

3. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысына әсер еткен факторларды талдау.

Бағдарламалық құжатты іске асыру барысына әсер еткен факторларды талдау, «Есепті кезеңде қол жеткізілген нақты нәтижелер» бөлімінде келтірілген.

Бұдан басқа, Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысына әсер ететін көрсетілген іс-шараларды орындамаудың объективті емес себептерін ескеруді және олардың болашақта көрсеткіштер мен индикаторларға қол жеткізуге жағымсыз әсер етуін болдырмау бойынша тиісті шаралар қабылдауды ұсынамыз.

4. Есепті кезеңде бюджеттен бөлінген және игерілмеген қаражат туралы ақпарат:

Қаржыландыру көзі

Жоспар,

млн. теңге

Нақты,

млн. теңге

Ауытқулар

млн. теңге

Игерілмеу себебі

1

2

3

 

4

Республикалық бюджет: 

 

 

 

 

Республикалық бюджет:

 

 

 

 

ҚР СІМ

6,2

6,2

 

-

ҚР СІМ

3,1

3,1

 

-

ҚР АШМ

12398,5

12302,0

96,5

96,5 млн теңге жұмыстарды жүргізу кестесінен қалып қоюға байланысты игерілмеді.

ҚР АШМ

836,3

833,8

2,5

2,5 млн. теңге жұмыс түрлері бойынша бюджет қаражатын үнемдеу

ҚР АШМ

3330,2

3329,3

0,9

0,9 млн. теңге өтемдік тариф енгізілуіне байланысты бюджет қаражатын үнемдеу

ҚР АШМ

211,1

207,0

4,1

2016 жылға өтетін - 3,7 млн.теңге, мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша - 0,4 млн.теңге үнемделуіне байланысты 4,1 млн тенге игерілмеген.

ҚР АШМ

235,2

235,2

 

 

ҚР АШМ

12,0

12,0

 

 

ҚР ЭМ

59,6

56,1

3,5

2015 жылғы 7 қарашадағы РБК отырысының № 25 шешіміне сәйкес үнемдеу сомасы корпоративтiк табыс салығын төлеуге қайта бөлінді.

ҚР ЭМ

869,6

869,6

 

 

Займдық қаражат

ҚР АШМ

692,1

608,1

119,3

Консультантқа жоспарланған авансты төлеу пайызының азайюына, атап айтқанда 25%-дан 20 %-ға азаюына байланысты (Дүниежүзілік банктің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы хатына сәйкес)

ХҚҚДБ-нің займы

300,4

265,1

РБ бойынша барлығы

18954,3

18727,5

226,8

 

Жергілікті бюджет

264,6

263,6

1,0

Қызылорда облысы бойынша 1 млн. теңгенің игерілмеу себебі: сараптама үнемдеу нәтижесінде - 0,4 млн. теңге, қаражат бюджетке қайтырылды;

0,6 млн.теңге – жұмыс түрлері бойынша үнемдеу

 

525,2

525,0

0,2

Жамбыл облысы бойынша 0,2 млн. теңге игерілмеу себебі:

Табиғи апаттарға (таудан сел ағынының түсуі) байланысты комалды ағымдағы жөндеудің тоқтатылуынан – 0,18 млн. теңге;

Мемлекеттік сатып алу есебінен үнемдеу - 0,07 млн.теңге, қаражат бюджетке қайтарылды

 

3709,6

3700,1

9,5

ОҚО бойынша 9,5 млн. теңге игерілмеу себебі:

 «Табиғатты қорғау» КМК басшылығымен Қазығұрт ауданындағы Р-15 каналы бойынша жөндеу жұмыстарының толық орындалмауынан 4,1 млн.теңге;

Каналдар бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттаманың уақтылы дайындалмауынан - 3,2 млн. теңге;

Мемлекеттік сатып алу кезінде қаражатты үнемдеу кезінде (каналдарды жөндеу жұмыстарына сараптама жүргізу кезінде) 2,2 млн. теңге

 

471,8

297,8

174,0

Мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсты уақтылы өткізбеуге байланысты – 174,0 млн. теңге игерілмеген

 

163,6

163,6

 

 

ЖБ бойынша барлығы

5134,8

4950,1

184,7

 

Шаруашылық жүргізуші субъектілер

594,4

594,4

 

 

Жиынтығы:

24683,5

24272,0

411,5

 

 

5. Жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы мәліметтер

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы №29-Қ қаулысына сәйкес, Қазақстанның су ресуртарын басқару мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі - Мемлекеттік бағдарлама)  мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сай келмейді.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) сапасыз әзірленген, орындау мерзімдері анық емес, ағымдағы жұмыс болып табылатын нақтыланбаған іс-шараларды да қамтиды.

Осыған байланысты, Есеп комитеті «Қазақстандағы мемлекеттік су шаруашылығы бағдарламасын бекіту туралы» 2014 жылғы 4 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Президентінің № 786 Жарлығына оның мақсаттарын, міндеттерін, нысаналы индикаторларын және нәтижелер көрсеткіштерін түзету бөлігінде және «2014-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылы 5 мамырдағы № 457 қаулысына көзделген іс-шаралар мен олардың орындалу мерзімдерін нақтылау бөлігінде өзгерістер енгізуге бастамашылық жасау мәселелерін қарауды ұсынды.

6. Орындаушы мемлекеттік орган енгізген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпарат.

Есепті кезеңде Мемлекеттік бағдарламаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жоқ. Бұл ретте,   Іс-шаралар жоспарын қаржыландыруды оңтайландыра отырып, Мемлекеттік бағдарламаның индикаторлары мен көрсеткіштер түзетілді. Қазіргі уақытта, Мемлекеттік бағдарламаға өзгерістер енгізу туралы жарлықтың жобасы Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінде қарауда.

7. Тұжырымдар мен ұсыныстар

Есепті кезеңде Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысында жоспарланған 4 нысаналы индикатордан 3 индикаторға (75%), 15 көрсеткіштен 7 көрсеткішке (46,7%) қол жеткізілді, кейбір жағдайларда жоспарланған мәндерден айтарлықтай жоғары нәтиже көрсетті.

Кейбір нысаналы индикаторға және нәтижелер көрсеткішіне аралық мәндердің болмауынан мониторинг жүргізу қиынға түсті.

Жоспарланған 43 іс-шарадан 26 (60,4%) іс-шара орындалды, 17 іс-шара орындалған жоқ.

Іс-шаралардың негізгі бөлігі Мемлекет басшысының мораторий белгілеуіне, РБК теріс шешіміне байланысты объективті себептерден орындалмады. Бір іс-шараның орындалуы бойынша қандай да бір ақпарат ұсынылмаған. Бұған қоса, ЖАО ақпарат ұсынбаған іс-шарлар бар (нақты мәндегі нақты деректер, қаражаты игерілу бойынша ақпарат, оның ішінде жергіліктің бюджет игерілмеудің нақты себептері, жоба қорытындысының 4-бөлімінде), бұл Мемлекеттік бағдарламаға уәкілетті органың мониторингті дұрыс жүргізбегенін көрсетеді.

Жалпы, уәкілетті орган мен ЖАО-ның Мемлекеттік бағдарламаның 2015 жылда іске асырылуы туралы есеп дайындау және мониторинг жүргізуге формальды түрде қарағанын атап өту керек.

Жоспарланған 43 Іс-шаралар іске асыру үшін 69,8 млрд теңге көлемінде қаражат көзделді.

Шын мәнінде, бюджеттік және бюджеттен тыс көздерден тек 24,7 млрд теңге бөлінді немесе іс-шаралар жоспарында көзделгеннен 35,3%. Осы қаражаттың игерілуі 98,3%-ды немесе 24,3 млрд. теңгені құрады.

Екі жыл бойы бағдарламаны іске асыру қорытындылары жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу нәтижелілігіне қаражаттың толық бөлінбеуі әсер етеді.

Ауыл шарушылығы министрлігінің ақпараты бойынша, МЖӘ тетігін қолдану және халықаралық қаржы ұйымдарын тарту бойынша қосымша шаралар қабылдау арқылы бұл мәселені шешуге болады.

Еуропа Қайта құру және Даму Банкімен 180 млн долларға және Ислам даму банкімен 424 млн АҚШ долларына кредиттік келісімдерге қол қою мәселесі пысықталуда. Осы келісімдер бойынша су беру бойынша көрсетілетін қызметтерге тариф есебінен Су ресурстары жөніндегі комитеттің «Қазсушар» РМК арқылы кредитті қайтару жоспарланып отыр. Қайтару мерзімі - 20 жыл, мемлекет кепілдігімен жалпы сыйақы мөлшерлемесі - жылына 4%-ға дейін. Тартылған қарыздар бойынша кепілдік берілген төлемдерді қамтамасыз ету үшін, су шаруашылығы тарифтік саясатын жетілдіру бойынша жұмыстар қатар жүргізілуде.

Тұтастай алғанда, 2014 жылғы Мемлекеттік бағдарламаны мониторингілеу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысының тапсырмаларына және ҰЭМ ұсыныстарына сәйкес, сондай-ақ Іс-шаралар жоспарын қаржыландыруды оңтайландыру бөлігінде енгізген түзету қорытындылары бойынша тиісті бөлігінде енгізген түзету қорытындылары бойынша тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде Мемлекеттік бағдарламаға сапалы мониторинг және бағалау жүргізуге болады. Қазіргі уақытта Мемлекеттік бағдарламаға өзгерістер енгізу туралы жарлық жобасы Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінде қарауда.